1 КӘСІПКЕРЛІКТІҢ МӘНІ ЖӘНЕ НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ
«Кәсіпкерлік» ұғымы туралы экономикалық әдебиеттерде көзқарастар әртүрлі болғанмен олар бірін-бірі толықтырады және де кәсіпкерлікке байланысты анықтамалардың қалыптасып дамуы, оның атқаратын нақты қызметтерінде көрсетіледі. «Кәсіпкер» туралы ежелгі заманнан қазіргі уақытқа дейін қандай, теориялар мен тұжырымдамалар қалыптасқаны жөнінде көптеген ғалымдар зерттеген. Алғашқы кезеңде көрсетілген «кәсіпкерлік - адамның қандай да бір іс-әрекетпен айналысуы»,-деген түсінігі бүгінгі күнгі «кәсіпкерлікке» берілген анықтамалардан біршама өзгеше мән-мазмұнға ие екендігі айқын. Кәсіпкер туралы ой IX-X ғасырларда өмір сүрген орта ғасырлық араб ойшылдардың еншісінде. Біздің дәуіріміздің IX-X ғасырда өмір сүрген Аль-Ашари (873-935жж.) атымен байланысты. Яғни, ашариттер, жәбраиттер («жәбр»- араб тілінде «еріксіз»), кадариттер («кадар» - араб тілінде «қабілеттілік», «құдіреттілік»), мутазалиттер (арабша-айрықша, яғни «еркін ойлайтын адамдар») кәсіпкерлік туралы Ислам діні шеңберінде ой толғап, тарихта алғашқы болып «Касб» тұжырымының негізін қалыптастыруға өз үлестерін қосты [3].
Әйгілі орта ғасырлық араб ойшылы, оқымыстысы және мемлекет қайраткері Ибн-Хальдун (1332-1406 жж.) өз еңбектерінде «касб» ұғымын одан әрі зерттеп, ол туралы өз тұжырымдамасын жасады. Ол кәсіпкерлікті меншікті иелік етумен, еңбекпен, адамның еңбекқорлығымен байланыстырады. Сонымен қатар, оның кәсіпкерлік теориясы өзі қалыптастырған меншік («мульк»), тауар өндірісі және айырбас, қажетті және қосымша еңбек және өнім қағидаларымен тығыз байланысты болды.
Кәсіпкерлікті үйрену үшін осы сөздің шығу тегі мен өркендеуінің мәнін ұғынуымыз қажет. Кәсіпкерліктің өзі соңғы 800 жылға жуық уақыт бойы әр түрлі елдер мен әр түрлі адамдар арасында әр жақты түсіндірілді. Француздық «Enteprendre» сөзі XII ғасырдан XV ғасырға дейін «бір нәрсе жасау» деген мағына білдірді. XV ғасырдың басынан бастап бұл сөз Англияда мағынасы кәсіпкерлікке жақындау, «marchant» - саудагер, «adventure» - адам, шұғыл шешімді, «undertaker» - міндетті өзіне алушы адам ретінде қолданылды.
Кәсіпкерліктің алғашқы теориялық тұжырымдамасы 1725-1730 жылдардағы Ричард Контиллион жазба жұмыстарында сипатталады. Соңғы 250 жылдан бері кәсіпкерлік теориясы әр түрлі ғалымдар мен экономистердің еңбектерінде дамытыла отырып, бұның әр адамдардың жаңашылдық пен тың шешімдерге ұмтылуы ғана емес, қорыта келгенде, жаңа кәсіпорынның құрылуна жол ашу деген пікірге бірте-бірте келді. Кәсіпкерлік термині алғашқыда тәуекел сөзімен байланыстырылды, ол кәсіпкердің тәуекелге барып өндіріспен тауардың таратылу жауапкершілігін мойынына алған алғаш адам дегенді білдірді.
Өндіріс дамуымен бірге адамдар белгілі бір проблемалармен кездесіп отырады. Кәсіпкерліктің тарихы орта ғасырлардан басталды. Сол кездің өзінде көпестер, саудагерлер қолөнершілер жаңа қалыптасып келе жатқан кәсіпкерлерді көрсетті.
Кәсіпкерліктің даму тарихы бір уақытта алмастыру қатынастары, қоғамдық еңбек бөлінісі және жалпы нарықтық қатынастардың даму тарихы болып табылады. Барлық осы проблемалар тығыз байланысты, сонымен қатар біреуі екіншісінің даму шарты, біреуінің дамуы қалғандарының дамуы болып табылады. Нарықтық жүйенің негізгі белгілерінің бірі кәсіпкерлік болып табылады. Кәсіпкерлер үнемі өндірісте, тұрғындарға қызмет көрестуде жаңа идеяларды айқындап, жаңа тауар құрып отырады. Олар басқалардың энергиясын жаулап оны жалпы мақсатқа пайдаланады. Кәсіпкерлік - бұл коммерциялық нәтиже алу үшін іскер адамдардың ішінен шығатын энергиясы. Оның негізі басталған істің барлық тәуекелін өз мойнына алу.
Кәсіпкерлер - коммерциялық мүмкіндіктерді көре білетін, қажетті капитал ала білетін, сәйкес операцияның қалай жасалатынын білетін және пайда немесе шығын тәуекеліне баратын іскер әлемдегі адамдар. Бұл толықтай немесе жартылай қандайда бір материалды құндылықты бизнесті ұйымдастыру үшін пайдаланылатын энергиялы және инициятивалы адамның іскерлік әрекеті, жаңа қиын идеялардың орындалуы.
Кәсіпкерлік – бұл пайда әкелетін кез келген әрекет. Кәсіпкерліктің негізі оның принциптерінде жақсы көрсетілген, олар:
адамның бағыттылығы,
сатып алушыға ерінбей қызмет етуі,
фирманың мәдени ортасын ұстауы,
серіктестіктің руханилығы,
алға шығуға үнемі ынталануы [4].
Кәсіпкерлік макродеңгейде нақты әлеуметтік-экономикалық ортада құрылады және осы ортадан шыққандықтан оған бейімделеді. Сонымен кәсіпкерлік осы ортаның өнімі болып табылады. Кәсіпкерлік - бұл дербес инициативаға, міндеттілікке негізделген экономикалық активтіліктің ерекше түрі. Экономикалық активтік деп индивидтің қоғамдық өндіріске пайда табу үшін қатысу түрінің бірін түсінеміз. Индивидтің мұндай қоғамдық өндіріске қатысу түрі оның қоғамдық міндеттерінің бірі болып табылады және ол келесілер ретінде көрсетіледі:
- қандай да бір пайда әкелетін объектінің, үйдің (кәсіпорын немесе жалға берілетін үйдің) иегері,
- өзінің жұмыс күшін сататын жалдамалы жұмысшы (токарь, мұғалім т.б.),
- дербес өңдіруші (өзінің туындыларынан табыс алатын суретші, өзінің автокөлігін такси ретінде пайдаланып табыс алатын жүргізуші),
- мемлекеттік немесе муниципалды қызметші,
- менеджер (басқа біреудің кәсіпорының басқарушы),
- зейнеткер,
- оқушы немесе студент,
- жұмыссыз және т.б.
Кәсіпкерлік экономикалық активтіліктің ерекше түрі ретінде көрінеді, себебі ол бастапқы этапында тек жаңа идеямен байланысты болады. Кәсіпкерлік міндетті түрде инновациялық уақытпен сипатталады- мысалы жаңа тауар өндірісі, жаңа кәсіпорын құру. Өндірісті басқарудың жаңа жүйесі, өндірісті ұйымдастырудың жаңа әдістерін немесе жаңа технологияны енгізу- инновациялық уақытты көрсетеді.
Кәсіперлік әрекеттің негізгі субъектісі болып кәсіпкер саналады. Алайда кәсіпкер жалғыз субъект емсе, кез келген жағдайда ол негізгі контрагенті ретінде мемлекетпен әсерлесу керек. Тұтынушы да, мемлекет те кәсіпкерлік әрекеттің субъектісі болып келеді. Кәсіпкер мен тұтынушының арасындағы байланыс кезінде кәсіпкер активті субъект, ал тұтынушы пассивті субъект болады. Осы байланыстарды талдау кезінде тұтынушы кәсіпкерлік процестің индикаторы ролін ойнайды. Себебі кәсіпкердің кез келген әрекеті тек тұтынушының оң баға беруі кезінде жүзеге асады. Мұндай бағалау тұтынушының кейінгі осы өнімді сатып алу қабілетімен түсіндіріледі. Кәсіпкер өзінің әрекетін ұйымдастыру және жоспарлау кезінде міндетті түрде тұтынушының қажеттіліктерін, күтімін, мүдделерін қарастыру керек. Сонымен кәсіпкердің негізгі мақсаты тұтынушының жаулап алып, өзінің жеке тұтынушы ортасын қалыптастыру болып табылады.
Бұларды қарастыра отырып, келесі қорытынды шығаруға болады: егер қоғамдық өндіріс көзқарасы тұрғысынан кәсіпкер активті субъекттіге жатса, кәсіпкерлік процестің көзқарасы тұрғысынан активті рол тұтынушыда болады.
Кәсіпкерліктің субъектісі ретінде мемлекеттің ролі қалыптасқан шарттарға, жағдайларға мемлекет алдындағы мақсаттарға қарай әр түрлі болуы мүмкін. Нақты жағдайларға байланысты мемлекет келесілер ретінде көрінуі мүмкін:
- кәсіпкерліктің дамуының тежеушісі, мұнда ол оның дамуына тиімсіз шарттар жасап, немесе кәсіпкерлікке қарсы шығуы мүмкін,
- бақылаушы, мұнда мемлекет кәсіпкерлік әрекетке араласпайды, бірақ оның дамуына себептеседі;
- кәсіпкерлік процестің тездетушісі, яғни мемлекет кәсіпкерлік процеске үнемі жаңа экономикалық агенттерді жұмылдырудың тәсілдерін іздестіреді.
Жалдамалы жұмысшы кәсіпкердің идеясын орындаушы ретінде кәсіпкерлік процестің субъектілері қатарына жатады. Кәсіпкерлік идеяның сапалы орындалуы дәл осы жұмысшыға байланысты болады. Әрбір экономикалық субъектінің өз көздеген мақсаты болатыны белгілі. Кәсіпкер мен жалдамалы жұмысшыны алатын болсақ, олардың жоспарының жартысы сәйкес келеді (пайда көп болса, еңбекақы да көп болады), ал жартысы қарама-қарсы болады (кәсіпкер жоғары еңбек жалақысына қызықпайды, ал жұмысшының мүддесі жоғары еңбек жалақысы).Осы жағдайда екі жақ та өзара келісім шарттарын іздестіреді, ал бұл кәсіпкерлік процестің субъектілерінің өзара байланысының негізі болып табылады.
Кәсіпкердің тұтынушыға әсер етуірің негізігі тәсілдерінің жіктемесі келесідей:
тауардың артықшылықтары бойынша;
сатудан кейін сервистік қызмет алу мүмкіндігі бойынша;
сапалылығы, тауар жарнамасының ерекшелігі бойынша;
тауардың жаңалығы және оның тұтынушы мүддесіне сай келуі бойынша;
жалпы немесе мемлекеттік стандартқа сәйкес келуі бойынша;
сыртқы сипаты және орамы бойынша;
Тауардың бағасы, оның жеткілігі бойынша.
Аталған кәсіпкердің тұтынушыға әсер ету тәсілдері келесі 1 суретте көрсетілген.
Сурет 1. Кәсіпкердің тұтынушыға әсер етуінің негізгі тәсілдерінің жіктемесі [5]
Шаруашылықтың қазіргі жағдайында әрбір кәсіпкер өндірістің терең мамандану шарттарында жұмыс істейді. Кез-келген кәсіпкер тиімді партнерлік байланысты қажет етеді. Нарықтық жағдайда кәсіпкерден басқа кәсіпкерлермен байланысу мүмкіндігі, тиімді партнерлік байланыстарды іздестіре білу мүмкіндігі талап етіледі. Сонымен өзінің кәсіпкерлік әрекетін жоспарлау кезінде кәсіпкер серіктесін кәсіпкерлік процестің субъектісі ретінде қарастырады және өзінің кәсіпкерлік әрекетінің тиімділігі осы субъектпен қатынасына байланысты болады. Кәсіпкердің табысы екі элементтен құралады:
- іскер адамның жалпы пайдасы;
- іскер адамның пайдасының айырмасы.
Екінші элемент кәсіпкерлік пайда болып саналады, яғни адамның көрсеткен инновациялық қызметі үшін алынатын табысы.
Кәсіпкерлік - ол меншік формасына қарамастан, тауарларға (жұмыстар, қызмет көрсету) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс алуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық жүргізу (мемлекеттік кәсіпкерлік) құқығына негізделген азаматтардың және заңды тұлғалардың бастамалы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, тәуекелмен және мүліктік жауапкершілікпен жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік тәжірибеде кәсіпкерлік дегеніміз жаңа кәсіпорынды құруда жауапкершілік пен тәуекелділікті мойнына алуды тудыратын және тәуелсіз құрылымдарды анықтауды қажет ететін қызмет деп түсініктеме береді.
Кәсіпкерлік қағиданы ғылыми негіздеуде экономист, И.Шумпетердің (1883-1950 жылдардағы) еңбектері өте маңызды. Ол «Экономикалық сараптаудың тарихы» атты еңбегінде жаңа шаруашылық тәсілдердің орындалуын кәсіпкерлік, оларды жүргізуші адамдарды кәсіпкер деп атаймыз деп жазды. Француз ғалымы Жан Батист Сэй кәсіпкерліктің ролі мен маңызын негізгі өндіріс факторларына дейін көтерді. Сэй «Ағылшын кәсіпкерлерінің дарыны» Англия өндірісінің табысты дамуының басты факторларының бірі деді. Ағылшын экономисті «Саяси экономияның қағидалары» деген белгілі еңбектің авторы Д. Миль (1806-1873) кәсіпкерлік терминді одан ары танымал етті. Бүгінгі таңда кәсіпкерлік түсінігіне «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында кәсіпкер азаматтардың өз меншігіне немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаның меншігіне негізделген және заңдылық негіздегі жауапкершілігі мен тәуекелділігін мойнына алып, табыс табуға бағытталған азаматтардың немесе заңды тұлғалардың бастамалық қызметі деген анықтама берілген.
Республикамыздағы шағын бизнестің мәнін тереңірек түсінуге Қазақ КСРО-дағы шаруашылық қызмет еркіндігі мен кәсіпкерліктің дамуы туралы заңның қабылдануы жол ашты. Бұл заң азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің еркіндігін қамтамасыз ететін негізгі құқықтық, экономикалық, әлеуметтік шаралар мен кепілдіктерді анықтап берді.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келесідей:
-өнеркәсіп пен құрылыста жұмыскерлер саны 50-ге дейін;
-ғылым мен ғылыми қызмет көрсету саласында жұмыскерлер саны 20 адамға дейін;
-көлік пен байланыс салаларында жұмыс істейтіндердің саны 25 адамға дейін;
-бөлшек саудада жұмыс істейтіндер саны 30 адамға дейін, ал активтерінің жалпы құны 60 мың АЕК жоғары емес кәсіпорындар шағын деп есептелініп отыр. Орта кәсіпкерлікте - жұмысшылар саны 250-ге дейін, жылдық активтері 352 мың АЕК дейін, ірі кәсіпкерлікте жұмысшылар саны 250 және одан жоғары, жылдық активтері 325 мың АЕК болатын кәсіпкерлік нысандары жатады. Әлеуметтік-экономикалық дамудағы кәсіпкерлік қызметтің ықпалы мен орны анықталып, өндірістегі шағын және орта кәсіпкерліктің даму ерекшеліктерін сипаттайтын көрсеткіштер және осы қызмет түрін реттеудің әдістемелік негіздері зерттелді. Кәсіпкерлік ерекше қызмет түрі. Ол белгілі бір тарихи әлеуметтік ортада пайда болып, ұлттық құндылықтар мен дәстүрлер жүйесінде дамиды. Сондықтан, шаруашылықтағы табыс ең жоғарғы әлеуметтік құндылық болғандықтан, қоғамдағы кәсіпкерлік қызметтің беделін қалыптастырмай табысқа жету қиын.
Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның бәсекеге барынша қабілетті, әрі серпінді дамып келе жатқан әлем мемлекеттерінің қатарына қосылуы алдыңғы қатарлы қоғам құрудағы басымдықтардың бірі» деп өз Жолдауында атап өткендей, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға және жан-жақты қолдауға қазіргі уақытта үлкен мән беріп отыр. Осыған байланысты, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламада шағын және орта кәсіпкерліктің нысандары үшін олардың қызмет көрсету саласының ерекшеліктерін және өндіріп жатқан тауарлары мен қызметтерінің маңыздылығын ескере отырып, әртүрлі жеңілдіктерді қолдану және жалпы құқықтық шарттарды қалыптастыру керектігіне мән берілуде. Біртіндеп XV ғасырға таман көпестер, кәсіпқойлардан тұратын кәсіпкерлер бірлестігі пайда болды. Дәл сол кезде «кәсіпкерлік» термині шықты. Бұл терминге өндірістің дамуына, сауда және табыс алуға бағытталған іске байланысты тұлғаларды жатқызған.
19 ғасырдың екінші жартысында «кәсіпкер» және «капитал иесі», «капиталист» терминдері арасындағы айырмашылық пайда болды. Корпоративті қаржыландырудың жаңа әдістері кәсіпкерлік ұйымдардың пайда болуына әсерін тигізді. Кез келген капиталист кәсіпкер болмауы мүмкін, ал кәсіпкер капиталист болмауы мүмкін. Әрине капиталист басқарудың кәсіпкерлік стилін ұстануы мүмкін. «Кәсіпкерліктің» ескі ұғымы соңғы кезде жаңа түсінік алды. Қазіргі кезде кәсіпкер - бұл нарық сұранысы мен даму болашағын түсінетін және осыны басқарушылық білімімен, өндірістік ресурстарды қолданумен табыс табу мақсатында байланыстыра алатын адам. Кәсіпкерлік қызмет анықтамасынан шаруашылық қызмет келесі қажетті белгілермен сипатталады:
а) нарықта өнім, қызмет көрсету, жұмыстар өндіру және сату арқылы кіріс (пайда) алуға бағытталған;
б) бастама болып табылады, яғни кәсіпкердің тек өз ықтияры бойынша оның мүддесіне сәйкес және оның өз қарауы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Небір жетекші органның немесе тұлғалардың бұйрығы немесе тікелей нұсқауы бойынша іс-әрекетті жүзеге асыруды кәсіпкерлік деп есептеуге болмайды;
в) кәсіпкердің толық мүліктік дербестігі базасында жүзеге асырылады. Кәсіпкер мүліктік базаның меншігі болып табылады, ол кәсіпкерлік барысында болуы мүмкін мүліктік шығын мен шығыстың толық қаупін көтереді;
г) кәсіпкер азаматтық айналымда өз атынан сөйлейді.
Белсенділік және іскерлік - адамның еркін өмір сүру түрі. Белсенділік, іскерлік адамдардың мінез-құлқы типтерімен байланысты болады. Кәсіпкерлік екі мағынада пайдаланылады: біреуі - белгілі бір істің түрі; екіншісі - сол іспен шұғылданатын нақтылы қоғамдық тап.
«Кәсіпкерлік» деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады. Антогонистік қоғамда, ол адамды адамның қанауы, ал кәсіпкерлер табы қанаушы тап болады. Экономикалық белсенділік - бұл барлық энергетикалық процес тауар өндірісімен айырбас арқылы пайда табумен байланысты. Өндірісте, айырбаста шектелген белсенділігін емес, адамдардың жан-жақты белсенділігін талап етеді. Сондықтан экономикалық белсенділік, іскерлік еріксіз немесе еркін болуы керек. Кәсіпкерлік - ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталды: көпестер, саудагерлер, қол өнер қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.
Достарыңызбен бөлісу: |