Сабақ Экономикадағы кәсіпкерліктің мәні мен рөлі. Кәсіпкерліктің факторлары мен түрлері



Дата22.10.2023
өлшемі37 Kb.
#187336
түріСабақ
Байланысты:
2 практика
Isbrannie glavy mexaniki 2, д.ш 16.06.21, Геронтология КБ ЖОБ (2), ОШ СОР Основы Права 9 класс каз

2 практикалық сабақ
Экономикадағы кәсіпкерліктің мәні мен рөлі.
Кәсіпкерліктің факторлары мен түрлері.
Кәсіпкерлік дегеніміз - белгілі бір істі істей білу. Іс істеу- адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік- адамның еркін өмір сүру түрі. «Кәсіпкерлік» деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады. Антогонистік қоғамда, ол адамды адамның қанауы, ал кәсіпкерлер табы қанаушы тап болады.
Кәсіпкерлік - ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі. Қазақстанның көшпелі шаруашылық жағдайында кәсіпкерлік еркін дамыған жоқ. Ресейде Петр I патшалық ету кезеңінде кәсіпкерлік ерекше дамыды, бірақ крепостной қоғам тежеді. Капитализмнің дамуымен кәсіпкерлік те дамыды. 1861 жылдағы реформадан кейін темір жол құрылысы, ауыр өнеркәсіп салалары орын алды.
Кәсіпкерліктің субъектісі жеке адамдар, сонымен бірге, заңды тұлғалар, біріккен серіктестер, арендалық ұжым, ашық және жабық акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әр түрлі бірлестіктер.
Кәсіпкерліктің ерекшеліктері:
Дербестік және тәуелсіздік;
Экономикалық ынталылық;
Шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілік;
Жаңашылдық.
Кәсіпкерліктік істің қозғаушы күші - мол пайда табу. Кәсіпкерлік қабілеті қаражаты бар тапты құру үшін, бірінші, білім керек, екінші өкімет экономикалық саясатын түбегейлі қайта қарауы қажет. Елдің тағдырын білікті кәсіпкерлер шешеді және олар өз елінің гүлденуіне аянбай жұмыс істейтін, өзінің де пайдасын табатын, іскер азаматар болуы керек. Аш жалаңаш елде кәсіпкер де, халық та байымайды.
Кәсіпкерлік феномені байырғы кезден бастап, әлеуметтік- экономикалық ғылымдарының назарында болды. Кәсіпкерлікті негізінен XVIII- XIX ғ.ғ. Ф. Кенэ, Ж.Б. Сэй, кейін И.Шумпетер, Ф. Хайек, А. Чаянов және т.б. салған болатын. Кәсіпкерді өзіндік статусы, қызметтін мақсаты және өнерлік, ресурстық, ұйымдық функциялары сипаттайды. «Кәсіпкер» және «антрепкер» терминінің аударғанда, «делдал» деген ұғымға тең болады. Негізінен, сол уақытқа сай толық кәсіпкерлік концепциясын өндеген авторлардың бірі болып француз экономисті Р. Кантильон болған. «Сауда табиғатының очеркі» (1755ж) атты жұмысында ол кәсіпкерлерді «Қымбат сатып, арзанға ал» деген формуланы ұстанатын адамдар деп атаған. Кәсіпкерлердің рөлі туралы А. Смит былай деп жазған : «… ол тек өзінің қызушылығын ғана ескереді, өзіндік табыс іздейтін және көрінбейтін қолмен мақсатына бағытталады. Өзінің қызушылықтарын аңдый отырып, қоғамның қызушылығына жиі қызмет етеді». Кәсіпкерлік қызметтің активке бейімделген адамдар қызметтің түрі. Алайда кез- келген бизнесмен кәсіпкер деп атала бермейді. Мысалға, жылдан жылға бір тауар өнімін және бір ұсыныс көрсететін кәсіпорын иесі деп аталмайды. Ол кәсіпкерлік емес, репродуктивтік функцияларды іске асырады. Тұрғылықты өмірде, кәсіпкерге барлық бизнеспен айналасатындарды жатқызылады. Алайда осы сөздің мәнінің ең қатал түрінде, бұл нарықта іздеушілік мақсатпен ерекшеленетін адамдарды атайды. Кәсіпкердің өзі жаңа нарықты зерттеп, қабылдауы қажет емес. Сонымен, кәсіпкерлікті шаруашылық тәртіптің типі деп түсінуге болады. Оған сәйкес келетін:
Үлкен табысқа ұмтылу.
Тәуекелге бару.
Жаңашылдыққа ұмтылу.
Кәсіпкерлік- табыстың алуы мен жеке табысқа бағытталған азаматтардың жеке ықыласы. Кәсіпкер әр түрлі шаруашылық қызметтерін заңмен тыйым салынбаған тауарды сатып алушылық, консультанттық және басқа қызметтерді орындай алады.
Кәсіпорын - бұл мүліктік негізді шаруашылық бірлік, бұл өндіру- шаруашылық мәселелерді шешуге бейімделген және өздігінен өндіруге негізделген. Кәсіпкерліктің мәнін және мазмұның ұзақ эволюция жолдарын өткен мемлекеттерде қолданған практикаларды талдаусыз ашуға болмайды. Осыған байланысты, «кәсіпкер» терминінің эволюциясын қарастырайық.
1725 жыл. Р.Кантильон. Кәсіпкер - тәуекел шарттарында қызмет ететін адам.
1797 жыл. А. Бодо. Кәсіпкер - іске асыратын қызметін жауапты болатын тұлға; жоспарлайтын, басқаратын және кәсіпорынды құрып, оны басқарады.
1876 жыл. Ф. Уокер. Капиталды ұсынып, сол үшін белгілі пайыз алатындардан ұйымшылдық қабілеттің арқасында табыс алатындарды айыра білу қажет.
1934 жыл. И. Шумпетер. Кәсіпкер - ол жаңа технологияларды өндейтін, жаңашыл адам.
1961 жыл. Д. Маклелланд. Кәсіпкер - біркелкі тәуекел шарттарында жұмыс істейтін жігерлі адам.
1964 жыл. П. Друкер. Кәсіпкер – кез - келген мүмкіндікті максималдық табыспен қолданылатын адам.
1975 жыл. А. Шапиро. Кәсіпкер - ынтасын көрсететін адам. Тәуекелділік шарттарында жұмыс істеп, пайда болған сәтсіздік үшін толық жауапты болады.
1985 жыл. Р. Хизрич. Кәсіпкерлік- жаңа құны бар нәрсенің құруының процесі, ал кәсіпкер - осыған қажетті уақыт пен күшті жұмсайтын, өзіне толық финанстық, психологиялық және әлеуметтік тәуекелді алуға және де осы үшін белгілі бір дәрежесін алуымен қанағаттануы. Нарықтық экономикада кәсіпкерлік келесі қызметтерді орындайды. (1- кесте)
Жалпы экономикалық нарық субъекті ретінде кәсіпкерлік ұйымдардың және дара кәсіпкерлердің әділдікпен келіскен рөлі. Кәсіпкерлік тауар өндеуі мен оларды нақты тұтынушыларға жеткізуге бағытталған. Кәсіпкерліктің үдемелі дамуы экономикалық өсудің анықтайтын щарттарының бірі. Ресурстық кәсіпкерліктің дамуы өндірілетін және шектеулі ресурстарды қолданумен болжамдалады. Және де ресурсы деп, барлық материалдық, материалдық емес шарттары мен өндіріс факторлары. Кәсіпкер ресурстардың иесі болғандықтан, олардың рационалдық қолданылуында құштар болады. Алайда максималдық табыс қуалаушылық кері процеске әкелуі мүмкін: еңбектік, табиғи және қоғамдық ресурстар уақытымен тозады.
Кәсіпкерлік қызметінің процесінде жаңа идеялардың қолдануы және қойылған мақсатқа жету үшін жаңа құралдар мен факторларды өңдіру. Әр әрекетті тұлғаларда істің биленушісі болатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. Сонымен қатар, тапқыр, барлық қиыншылықтарды өтіп, өзіне табыс әкелетін істі ашатын адамдардың жаңа қабатын құрастырады. Кәсіпкерліктің дамып, өсуі, жұмыс орындарын көбейтіп, жұмыссыздық деңгейін қысқартады және жалданушы жұмыскерлердің әлеуметтік жағдайын көтереді.
Ұйымдық (ұйымшылдық) Өзінің ісінің ұйымдастыруын шешуімен, оның диверсификациясымен кәсіпкерлік басқарудың ұйымдастыруында, күрделі кәсіпкерлік құрылыста, кәсіпкерлік фирманың қызметінде стратегиясының өзгеруінде көрінеді. Бұл функция серіктік «жүйелік» кәсіпкерлікте және халықтық кәсіпкерліктің құрылуында айқын көрінеді. Сонымен, кәсіпкерлік қоғамдық табыспен өзінің жеке табысымен байланыстыру негізінде табыс алу мақсатына қаржының салуымен байланысты қызмет болып табылады.
Кәсіпкерлік субъектері жеке тұлғалар және серіктердің қосылулары болып табылады. Кәсіпкерлік мақсат - белгілі бір уақыт мезетінде қажетті жағдайына жету. Мақсаттты құрастыру кезінде келесі үш элементтерді нақты анықтау керек:
Мақсат мазмұны. Қай жағдайға жетуге және мақсатқа жету дәрежесін құрау керек.
Мақсаттың қажетті көлемі. Мақсаттың шектеулі ме, әлде шектеусіз екенін анықтау керек.
Мақсаттың уақытша факторы. Мақсатқа қай кезге дейін және қандай уақыт мерзімінде жетуге болатын сұрақтарды анықтау керек.
Кәсіпкеліктің маңызды белгілері:
Шаруашылық субъектілерінің тәуелсіздігі және дербестігі. Әр кәсіпкер заң шегінде, сұрақтарды шешуге құқылы.
Экономикалық қызығушылық. Кәсіпкерліктің басты мақсаты- мүмкін болатын табыстың максимумын алу.
Шаруашылық тәуекел және жауапкершілік. Әр келкі ең бұрамалы есептеулерде тәуекелділік анықталмайды.
Көрсетілген кәсіпкерлердің белгілері бір - бірімен байланысқан және бір уақыт мезетінде іске асырылады. Кәсіпкерлік әрқашан жаңашылдықпен байланысты. Осындай экономикалық іске И. Шумпетер мен А. Маршал назарларын аударған. Егер де, И. Шумпетер кәсіпкерлік пен жаңашылдықтың тепе- теңдігін көрсетсе, А. Маршал кәсіпкерлердің қоғамдық өмірдегі нақты рөлі қоғамдағы жетілген процестерін тездетеді деп бекіткен. Кәсіпкерге дұрыс баға И. Шумпетермен берілген, кәсіпкер үнемі «күйзелісті жасаушы» және қоғамның экономикалық дамуындағы басты кейіпкер деген.
Сонымен, мынадай шешімге келуге болады, кәсіпкерлік пен жаңашылдық қоғамда бір бүтінді анықтайды. Кәсіпкерліктің қалыптасуы үшін нақты шарттар қажет: экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және т.б.
Экономикалық шарттар - бұл тауарлардың ұсынуы мен оларға деген сұраным, тұтынушылар ие бола алатын тауар түрлері, ақша қаржысының көлемі, жұмыс орындарының жетіспеушілігі немесе көп болуы; Кез- келген кәсіпкерлік іс тиісті құқықтық орта шегінде іске асырылады. Сондықтан, қажетті құқықтық шарттардың құрылуы үлкен мағына береді. Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай- ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі. Барлық шаруашылық қызметін емес, тек тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілік және белсенді іздеумен байланысты шаруашылық қызметті кәсіпкерлік қызмет деп санауға болады. Олардың бәрі кәсіпкерліктің белгілері болып табылады.
Кәсіпкерлікті тұлға (субъект) және нысанын бөліп қарайды.
Кәсіпкерліктің тұлғалары (субъектілері) жеке тұлғалар, әр түрлі ассоциациялар (акционерлік қоғамдар, арендалық ұжым, кооперативтері және мемлекет бола алады. Кәсіпкерлік нысандары (объектілері) шаруашылық қызметтің кез келген түрлері, коммерциялық делдалдық, сату- сатып алу, инновациялық, кеңес беру қызметтері, бағалы қағаздармен операциялар бола алады.
Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік мынадай түрлерге бөлінеді.
Өндірістік кәсіпкерлік - тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік. Кәсіпкерліктің бұл түрінде өндіріс функциясы негізгі болып табылады.
Коммерциялық кәсіпкерік тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша мәмілелер мен операциялар құрамына енеді және өнім өндірісімен байланыспайды. Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы жасалады. Егер бұл операциялар заң шегінде болса, алыпсатарлық болып есептелмейді.
Қаржылық кәсіпкерлік - коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі болып табылады, сату- сатып алудың объектісі ақша, валюта, бағалы қағаздар болып табылады.
Делдалдық кәсіпкерлік бір мәмілеге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызметте көрінеді. Бұндай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады.
Сақтандыру кәсіпкерлігі- кәсіпкер сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы. Жарналардың қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды.
Көріп отырғандай, кәсіпкерліктің барлық түрі табыс алуға бағытталған. Бірақ ол үшін шектеулі ресурстарды қиыстырып пайдалануға үйрену керек.
Ресурстардың әр түрлі комбинацияларын жасау- кәсіпкер қызметінің қажетті буыны. Олар Шумпетер көзқарасы бойынша бес бағытты қамтиды.
Жаңа игілікті жасау немесе ескі игіліктің жаңа сапасын жасау;
Өндірістің жаңа әдісін енгізу;
Жаңа өткізу рыногына шығу;
Шикізат немесе жартылай фабрикаттың жаңа көзін табу;
Өндірісті қайта ұйымдастыруды жүргізу.
Әрбір мерзім аралығында жаңа комбинациялар көрінуі мүмкін. Кәсіпкерліктің бұл қасиетіне кәсіпкерлікті өндіріс факторын комбинация жасайтын экономикалық агент ретінде анықтай отырып А. Смиттің тұжырымын толықтырған Ж. Б. Сейназар аударды.
Кәсіпкерлік қызмет тек бір ғана меншік формасымен (жеке, ұжымдық, қоғамдық) байланысты емес. Оның әр түрлі варианттары мен үйлесімдері болуы мүмкін. Бұл кәсіпкерлікпен шұғылдану үшін қолданылған капиталдың толық меншік болуы міндет емес деген сөз. Қарыз капиталын қолдануға болады, алайда қарыз капиталы пайданың белгілі бір бөлігімен бірге қайтарылады. Сондықтан оны пайдалану кезінде кәсіпкердің экономикалық тәуекел дәрежесі өседі.
Тәуекел, айтып өткендей, кәсіпкерліктің негізгі белгілерінің бірі. Тәуекел - жоспар немесе болжауды қарастырылған вариантпен салыстырғанда табыс алмаудың немесе зиян шегудін ықтималдығы. Тәуекелдің бірнеше түрлері бар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, несиелік, проценттік. Тәуекелдің мүмкін деңгейі осы қызметке қатысатын адамдардың санына кері тәуелді деген көзқарас бар. Көбінесе тәуекел сақтандыру кәсіпкерлігімен шұғылданатын мекемелерде сақтандырылады.
Тәуекелді әр түрлі әдістермен өлшеуге болады:
статистикалық, мұнда бұрынғы шығындар статистикасына қарап болашаққа болжау жасайды.
эксперттік, мұнда мамандар мен тәжірбиелі бизнесмендер көзқарастары зерттеледі.
есептік талдау математикалық тәсілдерге негізделеді.
Кәсіпкерліктің жаңашылдықсыз болуы мүмкін емес. Осыған байланысты кәсіпкерліктің екі моделін қарастырады: классикалық және инновациялық.
Біріншісінің мәні мынада, бизнесмен өз қызметін қарамағындағы бар ресурстардан максималды қайтарым алу есебімен ұйымдастыруға ұмтылады.
Екінші модель өзінде бар ресурсын ғана емес, сондай- ақ сыртқы ресурстарды тарту және пайдалану мүмкіндігіне бағытталады. Өзінің және сыртқы ресурстарды пайдалана отырып, кәсіпкер өз бизнесіні дамуының тиімді варианттарымен шұғылданады.
Кәсіпкерлік әр түрлі формада болады. Оларды топтастыру негізінде екі белгі жатыр: меншік формасы және фирма көлемі. Меншік формасына байланысты кәсіпкерлік мемлекеттік және жеке болып бөлінеді. Бұл екі сектордың ұлттық экономикадағы үлес салмағы тұрақсыз: ұлттандыру кезінде мемлекеттік кәсіпкерлік шекаралары кеңейеді, ал жекешелендіру оларды тарылтады.
Мемлекеттік кәсіпкерлік әдетте тұрақты және капитал сыйымдылығы жоғары, себебі, үкіметтің қаржылық және ұйымдастырушылық жағында қамқорлығында. Сонда да, жеке сектор мемлекеттікке қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие:
Түсімділігі жоғары қызмет сферасын таңдауға еркін.
Бизнес көлемі шектелмеген.
Қатаң бағамен шектелмейді.
Меншіктің формасына сәйкес кәсіпкерліктің үш түрін атап кетуге болады:
индивидуалдық немесе жеке кәсіпкелік;
серіктестік немсе партнерлік;
корпорация (акционерлік қоғам).
Индивидуалдық (жеке) кәсіпкерлік деген бір адам иелік ететін бизнес. Индивидуалдық бизнестің иелік етушісі сонымен бірге менеджер қызметін атқарады. Оның мүлігі мен жауапкершілігінде шек болмайды. Индивидуалдық кәсіпкерліктің басты кемшілігі – капиталаның аз мөлшерде болуы.
Артықшылықтары: меншік иесінің әрқайсы барлық пайданы иемденеді, өзгерістердің қандайын болмасын өзі жүргізе алады. Индивидуалдық бизнесмен заңды тұлға болмайды. Сондықтан ол тек табыс салығын төлейді, корпорацияға белгіленген салық төлемейді. Бизнестің аса кең тараған бұл формасы ұсақ дүкендерге, қызмет сферасына, фермаларға, заңгерлік іс- әрекеттерге тән болады.
Серіктестік (партнерлік) дегеніміз екі және одан көп адам иелік ететін бизнес. Бұл да заңды тұлға емес, сондықтан табыс салығын ғана төлейді және фирманың барлық қарыздарына шексіз жауапкершілік артады. Артықшылығы: ұйымдастырылуы жеңіл, қосымша қаражаттар және жаңа идеяларды іске тарту мүмкіндігі болады.
Кемшіліктері:
шаруашылық дами түскенде қаржы ресурстарының тапшылығынан қосымша капиталды іске тарту мүмкіндігі шектелген;
фирма мүшелерінің барлығы бірдей іс- әрекет мақсаттарын жетіле түсінбеуі;
фирма табыстары мен шығыстарындағы бірге тапқан мүліктерді бөлудегі әр кісінің үлес салмағын анықтаудың қиындығы. Брокерлік кеңселер, аудиторлық фирмалар, қызмет көрсету сферасының мекемелері және т.б. көбінесе, серіктестіктер формасында ұйымдастырылады.
Корпорация деп бір заңды тұлға болып бірлесіп, кәсіпкерлік қызмет жасау үшін қосылған адамдар жиынтығын атайды. Корпорация меншігіне құқықтар акцияларға сәйкес бөлшектерге бөлінеді, сондықтан корпорацияның иелері акциялар ұстаушы, ал корпорацияның өзі- акционерлік қоғам деп аталады. Корпорацияның табыстарына корпорация салығы салынады. Акциялардағы үлестірені сәйкес белгіленетін корпорация қарыздары үшін, корпорация иелері шектеулі жауапкершілік артады.
Корпорацияның артықшылықтары:
акциялар мен облигацияларды сатып ақша капиталын іске тартудың шексіз мүмкіндігі;
акционерлер құқықтарының заттық (мүліктік) құқыққа және жеке құқыққа бөлінуі. Мүліктік құқыққа дивиденд алу және фирма жойылған жағдайда оның мүліктерінің құнының бір бөлігін алу құқы жатады. Жеке құқыққа акционерлік қоғамның істерін басқаруға қатынаса алу құқығы жатады. Акционер заңдық құқығын жоғалтпай басқаруға қатыспауына болады;
басқару қызметтерін жүргізуге сырттан жоғары квалификациясы бар мамандарды шақыра алады;
корпорацияның тұрақты қызмет етуі. Қоғамнан әлдебір акционердің шығуы фирма қызметіне, оның жабылуына әсер етпейді.
Бизнес ұйымдастырудың корпоративтік формасының кемістіктері:
акция ұстаушыларға дивиденд түрінде төленетін корпорация табысының бөлігіне екі жақты (екі рет) салық салынуы: біріншісі- корпорация пайдасының бөлігі деп, екіншісі- акция ұстаушы табысының бөлігі деп;
экономикалық бейәрекеттердің, қылмыс жасауға қолайлы мүмкіндіктердің мол болуы;
меншіктену мен бақылау қызметтерінің бөлінуі. Акция иемденушілер барынша көп дивиденд алуға ынталы болады, менеджерлер оны азайтып ақшаны айналысқа жіберуге тырысады.
Корпорациялардың басқа да кемшіліктері болады, бірақ артықшылықтары одан көп. Фирманың көлеміне сәйкес бизнес кіші (шағын), орташа және ірі бизнес болып бөлінеді. Осы заманда батыс экономикасында кіші бизнес шаруашылықтың ең ірі секторын құрайды. Бұнда барлық жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі еңбек етеді. Кіші бизнестің типтік формасына франчайзинг жүйесі мен венучерлік кәсіпкерлігі жатады.
Франчайзингке ұсақ жеке фирмалар жатады. Белгілі жерде, белгілі сферада, өздерінің қызметтерінде ірі фирманың фабрикалық маркасын пайдалану құқығына ие болу үшін, олар бір- бірімен контракт жасасады. Бұлардың баға жағынан тауарды жеткізуде, жабдықтармен қамтылуда жеңілдіктері болады. Кіші фирмалар ірі компаниялардың өнімдерін бөлшек саудада сатушы пайдалы: ұсақ фирмалар ірілерден қамқорлыққа ие болады, олардан сауда жасайтын аймақ алады, ал ірі фирмалар өнімдерін өткізуге жұмсалатын ақшаны үнемдейді және қамқорына алғандардан ұдайы төлемдер алып тұрады.
Венчурлік фирма. Бұл ғылыми зерттеумен және оны әрі дамытумен айналысатын коммерциялық ұйым. Олар, осымен қатар, ғылыми жаңалықтарды иемдентін компанияларды қаржыландырады және консультация жүргізеді. Венчурлік кәсіпорындар жаңалық енгізуден бизнес жасайды. Олардың әрекеттері тәуекелділікті тілейді, бірақ жаңа өнім нарықтың талабына, сатып алушылар қажеттеріне, шығындардың төмендеуіне сәйкес келмесе, күйіп кету мүмкіндігі мол. Сондықтан венчурлік фирмалар өнімнің бір түрін жасауды тез аяқтап, оның басқа жаңа түрлерін жасаумен айналысуға тырысады.
Венчурлік кәсіпкерлік екінші дүниежүзілік соғыстан кейін тұңғыш рет АҚШ- да пайда болған. Венчурлік фирмалар Қазақстанда құрыла бастады, бірақ жалпы шағын кәсіпкерлікке ұқсас, кең тарамай отыр. Ал Қазақстан үшін шағын кәсіпкерліктің маңызы өте зор, өйткені ол көп мәселе шешеді:

Қазақстан халқының елеулі бөлігін құратын жағдайы төмен адамдар үшін соншама көлемді капитал салымынсыз тұтыну тауарлары мен қызметтер өндірісін кеңейтуге ат салысады;


Халықтың материалдық және қаржылық қаражаттарын өндіріске тартуға көмектеседі;
Ірі өндірістен босаған адамдарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Кіші бизнестің әлеуметтік- саяси мағынасы да зор: ол қоғамның тұрақтылығының кепілі болып табылатын «орташа» таптың даму негізі. Бірақ шағын бизнестің даму қарқыны қанағаттандырады деп айтуға ерте.
Бұның ішкі және сыртқы себептері аз емес:
Ішкі факторлар:
старттық капиталдың жетімсіздігі;
банкілермен байланыстың нашарлығы.
Сыртқы факторлар:
қисынсыз салық жүйесі;
заңдардың шикілігі, тұрақсыздығы;
«криминалдық прессинг».
Шағын бизнесті жандандыру үшін қажетті шараларды үш бағыттан жүргізу керек:
шағын бизнестің ішкі ортасын жақсарту керек;
нақты фирмаларға тікелей көмек көрсету керек;
шағын кәсіпорындарыеың өзін-өзі ұйымдастыруын күшейту.
Орташа бизнестің рөлі мәз емес. Бұл ірі кәсіпкерлікпен де, ұсақ кәсіпкерлікпен де бәсекелес болады. Нәтижесінде ірілер қатарына шығуы мүмкін, немесе мүлдем күйрейді. Тек кейбір ерекше монополистік өнім шығаратын болса, жағдайы жөнді болуы мүмкін (мүгедектерге, жарымжандарға арналған техника жасау, қала сағаттарын жөндеу) т.б.
Ірі бизнес, көбінесе бизнестің ең тұрақтысы. Оның нарықтағы монополдық болмысы көпшілік тұтынуына арналған арзан және мол өнім өндіруге мүмкіндік береді.
Енді мынадай сұрақтардың реті келіп тұр:
Қандай жағдайлар фирма көлеміне әсер етеді?
Фирмалар не үшін құрылады?
Нарық мүшелерінің әрқайсысын минифирма болдырып, неліктен барлық экономика «жаппай , түгел» нарық түрін алмайды? Баршаға мәлім, нарық бостандық әкелді, ал әкімшілдік, иерархия, бақылау және саналы жоспарлаудың болуы туралы бостандыққа шек қояды. Мәселе нарық механизмін пайдаланудың арзанға түсуінде. Нарықтың әр мүшесі өздерінің жеткізушілері мен жабдықтаушылары және сатып алушылары туралы, келіссөз жүргізу және келісім- шарт талаптарының орындалуы туралы информация алуға мәжбүр болады. Осы үшін шығын жасалынады. Осындай шығындар трансакциондық шығындар деп аталады.
Бұл шығындар нарықтық агенттердің бір - бірімен қатынастарын келістіру процесінде пайда болады. Егер экономика тек жалғыз физикалық тұлғалардан тұрып, «жаппай, тағы» нарық болса, миникелісімдер өте көп болар еді. Фирманы ұйымдастыру, осы шығындарды төмендетудің әдісі болып табылады. Фирмалар нарықтық механизмді шектеп, жою мақсатымен, нарықтық үйлесімнің қымбат болғандығына жауап ретінде құрылады деген тұжырымдар жоқ емес. Шынында, трансакцияларды нарықтың көмегінсіз, фирманың ішінде жасау арзан түседі екен. «Иерархия» (фирма) мен нарықтың бір- бірінен артықшылығы жоқ. Нарықтық және әкімшілік реттеу тетіктерін салыстыру арқылы, фирманың қажетті көлемін анықтауға болады. Ол нарықты пайдаланудың шекті шығындары мен әкімшілік бақылауды қолданудың шекті шығындарының теңдесу нүктесі арқылы белгіленеді. Осы шекараға дейін «иерархия» (фирма) пайдалы болады, ал содан кейін- нарық пайдалы. Фирманың оптималдық көлеміне өндірістің саласы, технология, фирманың интеграциялану дәрежесі, т.б. әсер етеді. Фирма теориясында фирмалар тік және көлденең интеграцияланған фирмалар болып бөлінеді.
Тік интеграция деп өндірістік процестің ең төменінен, оның ең жоғары сатысына дейін айналысатын фирмалар бірлестігін атайды.
Көлденең интеграция- бір түрлі бизнеспен айналысатын фирмалардың бірлестігі. Көлденең интеграцияның бір түрі- диверсификация. Бұл, бір- бірімен технологиялық байланысы болмайтын, саналуына фирмалардың бірлестігі. Мысалы, химиялық концерн «Дюпон- де- Немур» химиялық тал жіп (талшық), дәрі- дәрмек, рефрижераторлар, ұшақтар өндірістерін біріктіріп отыр.
Қазақстанда бизнесті ұйымдастырудың ерекшеліктері бар. «Кәсіпорын» деген категорияға мазмұны жағынан жаңа толықтама енгізілді. Ақырғы уақытқа дейін ол ерекше ұйымдық- құқықтық форма деп түсінілетін, яғни меншігі жоқ коммерциялық ұйым деп, өйткені жоспарлы экономикада меншік иесі мемлекет. Шынында мемлекет өз кәсіпорындары арқылы тек өзімен өзі іс- әрекетте болады, өйткені кәсіпорындарының өздерінің мүліктерін «сату» туралы бір- бірімен жасаған келісім шарттары осы мүлікке деген меншік құқын өзгертпейді, өйткені мемлекет меншік иесі, болып қала берді. Нарық экономикасында, әміршіл - әкімшіл экономикасынан өзгеше, тауар- ақша айналымына, номиналдық емес, ақиқат меншік иелері қатысады: индивидуалдық кәсіпкерлер, кооперативтер, серіктестер, қоғамдық ұйымдар. Бұлар үшін экономикалық жағынан да, кәсіпорынын құрудың ешқандай мағынасы болмайды. Бұларда басқа мақсат: кәсіпорын құру емес, «бір тұлғаның компаниясын» құруды көздейді, яғни шаруашылық қоғамдарды. «Кәсіпорын» деген түсінік тек коммерциялық емес ұйым ретінде- меншік иесі жоқ, мемлекеттік және муниципалдық секторларда өзін ақтайды.
Нарықтық түсінім жағынан «кәсіпорын» кәсіпкерліктің ерекше ұйымдастыру- құықтық формасы емес, ол тек мүліктік кешен - ғимараттардың, құрылыстардың жабдықтардың, шикізаттардың жиынтығы болып табылады. Ол унитарлық болады, өйткені оның мүліктері жалғыз меншік иесінде болады, сондықтан жұмыскерлердің арасында бөлініске түспейді. Унитарлық кәсіпорынның бір түрі- федералдық қазыналық кәсіпорындар. Мемлекеттік және муниципалдық унитарлық кәсіпорындар заңды тұлға болады. Заңды тұлғаға өзінің меншігіндегі, немес, шаруашылық пайдалануында, ақшалай мүлігі болатын және өздерінің міндеттері үшін осы мүлік мөлшерінде жауап беретін, ұйымдар жатады. Заңды тұлғаға коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар жатады.
Коммерциялық ұйымға пайда табуды қызметтерінің негізгі мақсаты деп тұтатын ұйымдар жатады.
Коммерциялық емес ұйымдарға пайда табумен, оны мүшелерінің арасында бөлуд мақсат етпейтін ұйымдар жатады.
Коммерциялық ұйымдардың формалары:
шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдар;
өндірістік кооперативтер;
мемлекеттік және муниципалдық унитарлық кәсіпорындар.
Шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдардың мынадай формалары болады:
толық серіктестік;
сенімді серіктестік (коммандиттік серіктестік);
жауапкершілігі шектелген қоғам;
қосымша жауапкершілігі бар қоғам;
акционерлік қоғам (ашық, жабық);
балалық және тәуелді қоғамдар.
Кәсіпкерлік іс - әрекетпен айналысатын және өздерінің қарамағындағы мүліктер шамасында іс- әрекеттерінің нәтижесіне жауапты серіктестік толық серіктестік деп аталады. Толық серіктестіктің пайдасы мен шығындары осының мүшелері арасында олардың жалпы қосынды капиталдағы үлес салмағына пропорционалдық түрде бөлінеді. Егер толық серіктестіктермен қатар осы серіктестікте бір, немесе, бірнеше мүше- салымшылар (коммандистер) болса, онда бұндай серіктестіктер сенімдегі (коммандиттік) серіктестік деп аталады. Командистер шығын қаупіне өздерінің салымдарының мөлшерінде ғана жауапты болады және олар осы серіктестіктің кәсіпкерлік қызметіне қатынаспайды. Бұлар серіктестіктің пайдасынан қосынды капиталдағы өздерінің салымдарына сәйкес бөлімін алады.
Жауапкершілігі шектелген қоғамның мүшелері, өздері қосқан салымдардың құны көлемінде шығындар қаупіне жауапты болады.
Қосымша жауапкершілігі бар қоғамдардың мүшелері жауапкершілікті өздері қосқан салымдарының құнына сәйкес, барлығына ортақ есе көлемінде жауапты болады. Егер бір мүше банкрот болса, оның жауапкершілігі қалғандарына, солардың салымдарына пропорционалды бөлінеді.
Акционерлік қоғам - жарғылық қоры (капиталы) акциялардың белгілі санына бөлінген қоғам. Акционерлердің жауапкерлігі тек өздерінің акциялары құнының шамасында болады.
Ашық акционерлік қоғам шығарылатын акцияларға ашық жазылу жүргізіп, оны сатуға құқығы бар болады.
Жабық акционерлік қоғамның акциялары тек осы қоғамның құрылтайшылары арасында бөлініп таратылады. Балалық шаруашылық қоғамға капиталының мөлшері барлық қоғамның жарғылық капиталы мөлшерінің басым көбін құрамайтын қоғам жатады. Сондықтан бұндай қоғам, барлық қоғам шешімдеріне шешуші ықпал ете алмайды. Балалық қоғам негізгі қоғамның қарыздары бойынша жауапты болмайды.
Тәуелді қоғам, әдетте, негізгі қоғам дауыс беретін акциялардың 20% артық акцияға ие болған жағдайда орын алады.
Өндірістік кооператив өздерінің бірлескен жеке еңбектеріне және қосылған төлемдеріне негізделген, бірлесіп өндірістік, немесе, басқа да қызметтер атқару үшін қосылған адамдардың еркін бірлестігі.
Унитарлық кәсіпорын - бұл меншік иесі оның қарауына берген мүліктерге меншік құқы жоқ, коммерциялық ұйымдар. Унитарлық форма тек мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындарға тән болады.
Коммерциялық емес ұйымдар, тұтыну кооперативтері, қоғамдық немесе, діни мекемелер, қайырымдылық және басқа қорлар формасында құрылуы мүмкін.
Материалдық және басқа қажеттерді қанағаттандыру мақсатпен, адамдардың жарна төлемді негізінде құрған еркін бірлестігі, тұтыну кооперативі деп аталады. Тұтыну кооперативтердің кәсіпкерлік қызметтерден түскен табыстары солардың мүшелері арасында бөлінеді.
Қоғамдық және діни ұйымдарға рухани және басқа материалдық емес қадеттерді қанағаттандыру мақсатпен құрылған азаматтардың еркін бірлестіктері жатады. Бұлар коммерциялық емес құрылымдар. Бірақ бұлардың тек құрылғандағы мақсаттарға жету үшін кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқы болады.
Қор деп еркіндік негізде жарналар арқасында құрылған коммерциялық емес ұйымдар аталады. Бұлардың әлеуметік, қайырымдылық, мәдени, ағарту немесе басқа мақсаттары болады. Қор өз алдына қойған қоғамдық пайдалы мақсаттарға жетуді қамтамасыз ету үшін, кәсіпкерлік қызметтермен айналыса алады. Коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар ассоциация және одақ болып бірлесуі мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет