РИБОНУКЛЕИН ҚЫШҚЫЛДАРЫ (РНҚ). ДНҚ секілді РНҚ-да түрлі нуклеотидтерден құралған. Оның ДНҚ-дан айырмашылығы мынадай: РНҚ нуклеотидтерінің құрамындағы углевод тек рибоза (оның барлық көміртегі атомдары гидроксил топтармен байланысқан)итүрінде болады. Сонымен қатар РНҚ-ның құрамына тиминнің орнына урацил азоттық негізі кіреді, ал қалған үш негіз ДНҚ-ның құрамындағыдай.
РНҚ төрт түрлі топқа бөлінеді:
1)хабаршы (информациялық) РНҚ- оны қысқаша иРНҚ деп белгілейді;
2) ұзындығы әр түрлі ядролық РНҚ (гетерогенді ядролық) – гя РНҚ);
3Рибосомалық – рРНҚ және 4) тасымалдаушы- тРНҚ
Информациялық иРНҚ геннің дәл көшірмесін ДНҚ- дан белок заводы – рибосомаға әкелді. гяРНҚ- ның қызметі қазір әлі толық анықталмаған. Дегенмен оны нуклеотидтерді сақтаушы деп есептейді. Себебі клетка тіршілігіне керек нуклеотидтер бос жүрсе клетка ішінде молекулалардың көбеюінен осмостық қысым күшейеді, клетка ішінде заттардың молекулалары неғұрлым көп болса, осмостық қысымның нәтижесінде, клетка сыртқы ортадан суды соғұрлым көп сіңіреді – ол клетканың жарылуына әкеп соғуы мүмкін. рРНҚ рибосоманың құрамына құрылыс материалы болып кіреді, сонымен қатар ол рибосома құрамында иРНҚ мен әрекеттеседі. тРНҚ өте жақсы зерттелген. Молекуласы құрамының 10% сирек кездесетін нуклеотидтер екнені дәлелденіп отыр. Оның тізбегі бірнеше жерінен күрт иіліп, бөліктері бір- бірімен санасқан кезде төрт жерден қос тізбекті спираль түзеді. Сонын нәтижесінде тРНҚ молекуласы жонышқа жапырағы тәрізденеді. тРНҚ белок синтезі кезіңде рибосомаға жеке амин қышқылдарын тасушы болып табылады.
Клетка ішіндегі ең басты процесс- белок синтезі десек иРНҚ, рРНҚ және тРНҚ сол процеске тікелей қатысатын маңызды молекулалар.
Генетикалық код ДНҚ-дан – белокка. Ген ДНҚ- дан тұратынын, ал ДНҚ қос тізбекті шиыршық екені белгілі. Егер ДНҚ шын мәнінде генетикалық молекула болса, ол белгілі бір ферменттің құрылымын да белгілеуін тиіс. Уотсон мен Криктің пікірі бойынша ДНҚ ның нақ осы ролін молекуласындағы нуклеотидтердің жүйелікпен орналасуымен түсіндіруге болады, мұнда ДНҚ тізбектеріндегі төрт нуклеотид кезектесіп отырады. Бірақ, ферментер химиялық жағынан белоктардың молекулалары, ал соңғылардың құрылымдық элементтері – амин қышқылы болып табылатындықтан, ол қышқылдардың белок молекуласында (демек, ферменттердікі де) орналасу реті ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтердің орналасуына, дәліректайтқанда, нуклеотидтердің ДНҚ молекуласының тізбектерінде орналасуына қарай белгіленеді.
Тұқым қуалау информациясы ДНҚ- да қалай жазылған? Бұл мәселені алғаш 1954 жылы көтерген физик Г.Гамов болатын. ДНҚ – ның құрылысы толық анықталғаннан кейін бір жылдан соң, белоктағы амин қышқылдарының орналасу тәртібі ДНҚ – ның бір тізбегіндегі төрт түрлі нуклеотидтердің белгілі тәртіппен тізбектелу жолы арқылы белгіленуі керек деген ой түйді. Г.Гамов клеткада ДНҚ – ның төрт әріпті (нуклеотидті) тілін жиырма әріпті (амин қышқылдары) белок тіліне аударатын "сөздіктің болуы керек деп санады.