ХИМЕРЛІК ЖАНУАРЛАР (ГЕНТИКАЛЫҚ МОЗАИКТЕР)
Химерлік жануарлады алу әдісі көптен академиялық қызығушылық танытқан мәселе. Бұл әдістің мәні – генотиптері әр түрлі эмбриондарды біріктіру арқылы генетикалық мозаиктерді (фр.mosaique < ит. mosaico - өрнек, алақұла) (химерлер, аллофенді жануарлар (гр.allos – бөгде, phaino – көріну) алу. Әдісті 1967 ж. поляк эмбриологы Анджей Тарковский тапқан.
Биотехнологияның болашағы бар бағыттарының бірі жасанды химерлер алу. Химера деген түсінік құрама жануар дегенді білдіреді. Жануарлар бір тұқымнан, сондай-ақ әртүрлі тұқымнан немесе тіпті әр түрдің өкілдері болуы мүмкін. 8-клеткалы эмбриондарды протеолиттік ферменттері (проназа, трипсин) бар ортада тәрбиелеп өсіреді, ферменттер жұмыртқа клеткасының қабығын қорытады. Қабығынан айырылған эмбриондар бір-біріне жабысады және біраз уақыттан кейін бірігеді, олардың клеткалары бір-бірімен араласады. Егер әртүрлі гентикалық ұялардан алынған эмбриодарды пайдаланса, қос эмбрион-химера пайда болады. Аналыққа трансплнатацияланғаннан кейін мұнда эмбриодар жатырға орналасады (имплантацияланады лат. im – ішіне, plantare- отырғызу) және әрі даму барысында олардың өсуі түзеледі. Химер жануарларда екі эмбрионынның белгілі болады, яғни 4 ата- ананың ұрпағы деген сөз.
Жасанды жолмен химерлер алудың екі негізгі әдісі бар:
аггрегациялық – толыққанды эмбриондарды біріктіру;
инъекциялық – эмбрионға басқа эмбрионның немесе бөгде клетканаң бір немесе бірнеше клеткаларын еңгізеді.
Екі әдіс бойыншада біріккен эмбриондар (екі немесе көп) клеткаларынан тұратын жануарлар пайда болады. Бірінші әдәспен лабораториялық тышқандардың химерлері алынған, агути (сұр) және қара тышқандар химерлері – шұбарала түсті болған.
Ағылшын эмбриологы Р. Гарднер (1968) химерлерді инъекциялық әдіспен алуды ұсынды. Бұл әдістін көмегімен тышқанның эмбрионына Адам клеткалары енгізілген, химерлік тышқан туғаннан кейін оның тканьдарында адам гендері қызмет жасаған.
К.Марктен лабороториясында (Йель университеті, АҚШ) "үшқабат" химера тышқандардың үш ұясының эмбриондарын біріктірудің нәтижесінде алынды. Туған тышқанның (алты ата-аналардың ұрпағы) жүні үштүсті болған. Теория бойынша құрамында 8 және, мүмкін, 16 ата-аналардың гендері болатын жануарларды жасауға болатыны айтылады.
1980-1982 жылдары құрамында тышқанның екі түрінің - Mus musculus және Mus caroli белгілерін біріктірген химерлік жануарлар алынды. 1983 ж. С.Вилландсенд тобы (Англия, Кембридж ) алғашқы ауыл шаруашылық малдарының химерлерін алды. Қойдың (2n=54) және ешкінің (2n=60) эмбриондардың клеткаларының біріктіріп және химерлік эмбрионды екі түріне аналығының жатырына салу (трансплантациялау) нәтижесінде (химерлік эмбрионның құрылысына байланысты ) екі түрге де тән белгілері бар жануарлардың (қой-ешкілер) туды. Бірулері басы ,мүйізі, құйрығы және жүні денесінің кейбір жерлерінде – ешкінікі, ал қалған бөлігінде – қойдың жүні. АҚШ – та 1987 ж. қой,ешкі химері және қойлардың рамбулье, финландасы тұқымдарының химерлері алынды. Ресейде қара-ала түсті және қызыл түсті ірі қара мал тұқымдарынан химерлі бұзау алынды. Оның финотипінде қара-ала түсті қатар қызыл дақтар бар (Л.К.Эрнст 1987) .
Химерлік жануарлар- вегетактивтік гибридтер, олар мозаиктік белгілерін ұрпақтарына берілмейді. Олар ұрпақтарында белгілердің ажырасуына мозаикалы емес тұлғалар туады. Химерлік жануарлар бірінші ұрпаққа ғана өмір сүргенімен көрінуін күшейтуге болады:
бірнеше құнды белгілер: өнімділік, ауруға төзімділік т.с,с, бір организмде әдетте кездеспейді, ал химерлерде олардың көрінуін күшитуге;
Әртүрлі жануардың эмбриондарын жергілікті тұқымдарының эмбриондарын біріктіріп малдың жерсінуін (акклиматизация) тездетуге болады және;
Эмбриондарды бәрәктәру жолымен – жақын түрлермен немесе сол түрдің өзімен құнды ауыл шаруашылық малдарының немесе сиреп бара жатқан тағы жануардың генофондардың "құтқаруға" болады, егер олардың эмбриондары жарақаттану немесе мутацияның кеселінен, өздігінен көбейуге жарамсыз болса.
Трансгенді жануарлар
Басқа геноиға белгілі бір геномнан алынған немесе жасанды түрде құралған (синтезделген) гендерді эксперименталды тасымалдау трансгеноз деп аталады. Геномына бөгде гендер енгізілген жануарлар трансгенді делінеді.
Трансгенді жануарларды алу технологиясы қазіршгі кезде жақсы жолға қойылған. Клонданған гендерді жұмыртқа клеткаларына немесе алғашқы сатыдағы эмбриондарды енгізудің бірнеше әдісі табылған. Бөгде ген реттеушісіне байланысты әр түрлі тканьдарды қызмет атқарады. Мысалы, егер де тасымалданған генге , оның қайдан алынғанын байланыссыз (бактериядан, өсімдікте адамнан жануардың) қалыпиты жағдайды бауырда қызмет атқаратын тышқан генінің реттеушісіне жалғасса, онда көшіріп орнатылған ген трансгенді жануардың бауырында жұмыс атқарады.
Демек, кез келген генге реттеуші элемент тауып, оның қалау бойынша, қай органда жұмыс істейтінін алдын ала жоспарлауға болады.
Бұл бағытта болашақ зор әдістер микроинъекция мен мембрана инженериясы болып табылады. Бұл әдістер жқнінде осының алдында айтылған. Дегенмен, бұоардың бәрінде ДНҚ молекулаларының құрамы сол күйінде қалады. Яғни бастапқы ұрықтанған бір клетка кезінде оған бөтен ген енгізсе ол өсіп жетілген организмнің барлық клеикаларында болады. Осылайша тышқанның ұрықтанған аналық клеткасынан адамның самотротопин геннің енгізу арқылы алып тышқандар алынды.
38в-сурет. Тышқанның ұрықтанған жұмыртқа клеткасына ядроны көшіріп қондыру тәжірибеснің үлгісі.