1-Дәріс Геоботаниканың мақсаты, міндеті, негізгі ұғымдар және терминдер


Подстилка топырақтың беткі қабатында әртүрлі деңгейде минералданған өсімдіктердің көпжылдық қалдықтары



бет17/47
Дата24.04.2023
өлшемі2,55 Mb.
#175314
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47
Байланысты:
darister1-15. geobotania (1)

Подстилка топырақтың беткі қабатында әртүрлі деңгейде минералданған өсімдіктердің көпжылдық қалдықтары.
Биомасса және өнімінің барлық бөліктері құрғақ және абсолютті құрғақ салмақта және энергия бірлігінде алаңқай шеңберіндегі күлді есепке алу.
Өсімдіктердің биомассасының синонимдері – өсімдіктердің қор массасы.Көпшілік жағдайда тұқымның,жемістің,сүректің, жасыл өсімдіктер массасының қоры деп те аталады.Қауымдастықтың абсолютті биомассалық қорынан басқа популяциядағы түрлердің шаруашылықтың маңызы да есепке алынады.
Тұқым және жемістің өнімділігін анықтау.Өсімдіктің тұқымның өнімділігін анықтауда тұқымның жалпы өнімі ғана белгілі болып қоймай,қауымдастықты құрып отырған әр түрлі өсімдіктердің қайта жаңару мүмкіншіліктерін анықтауға болады.Тұқым мен жемістің өнімін анықтаудың бірнеше әдістері бар.Көзбен өлшеу,модельді ағаштар немесе модельді шөптесіндер мен бұталар арқылы алаңшалардан есептеу әдісі.Таңдау бұталары әдісі.Көзбен өлшеу әдісі-өнімділікті анықтаудың қарапайым әдісі,бірақ нақты емес.Көзбен өлшеп санау әдісінде бағалау балмен беріледі,бірақ тұқым және жемістің сапасына көңіл аударылмайды.
Мысалы,шырша бүрлерін көзбен болжап санауда оның молдығы есепке алынады,ал тұқымның толығы ескерілмейді,бірақ бүрдің өнімінің көп болуы тұқымның өнімділігіне сәйкес келмейді.Осыған қарамастан көзбен өлшеп есептеу әдісі қарапайымдылығына және көп аймақты қамту мүмкіндігіне байланысты кеңінен қолданылады.
Ағаштардың өнімін көзбен өлшеп есептеу әдісі В.Г.Каппер 1930 ж ұсынған шкала арқылы және аздап өзгеріс енгізілген А.П.Формозов 1934 ж шкаласымен есептеді.
0-Өнімділік жоқ:тұқым немесе жеміс жоқ:
1-Өте нашар өнім:бүрлер немесе жемістер мен тұқымдардың саны көп емес:
2-Әлсіз өнімділік:жеке ағаштарда немесе әлсіз егінділерде жеміс беруі біркелкі:
3-Орташа өнімділік:жеке ағаштарда ,орташа жастағы және жетілген ағаштардағы жеміс беру айтарлықтай жеткілікті.
4-Жақсы өнімділік:орташа жастағы ағаштарда жеміс мол.
5-Өте жақсы өнімділік:жеке ағаштарда,орташа жастағы ағаштарда жемістер өте мол.
Бұл көрсеткіш ағаш және бұтаға жататын түрлердегі бүрлердің немесе жемістердің өнімділігін анықтауға қолайлы.
Жидек беретін бұталардағы жидектердің өнімділігін Г.А.Новиковтың бағалау шкаласы келіседі:
-Әлсіз өнімділік. Жидек беріп тұрған бұтақтардың саны көп емес,жеміс беріп тұрған жоқ.
-Өнімділік орташа. Барлық өсімдіктер жеміс беріп тұрғанына қарамастан,көптеген бөлігінде жидектер аз.
-Жақсы өнімділік. Алаңшадағы жидекті өсімдіктердің көпшілігі жидек салған.
-Өте жақсы өнімділік. Барлық жерінде мол өнімділік.
Кейбір түрлердің өнімділігін аэровизуалды бағалауға болады.
Ағаштардың өнімділігін нақты анықтайтын,бірақ көп еңбекті қажет ететін әдіс.Санауды бақылау алаңшасындағы ағаштардан кесіп алған,бұталарға ғана жүргізуге болады.Модельді ағаштарды крафта класы бойынша немесе қалыңдау деңгейіне қарай немесе орташа ағаштарды таңдау немесе жемістердің бүрлердің молдық класына қарай анықтайды.Қолайлы әдіс орташа модельді ағаштарды таңдап алу қолайлы.Бұл жағдайда бақылау алаңқайларынан таңдап алынған модельді ағаштардың, саны 10-20 дан кем болмауы керек.Осы ағаштардың тұқым беруін анықтау арқылы бақылау алаңқайларындағы ағаштардың өнімін анықтауға болады.
Модельді ағаш әдісі мен санау әдісі арасындағы айырмашылық аз,бірақ биік емес бұта және шөптесіндерді санау нақтырақ болады.Мұндай жағдайдағы шалғындық қауымдастықтағы есептеуден кейінгі қате 10-15 %-дан аспау керек,есептеуге кем дегенде 100 өсімдікті алу керек.Бақылау алаңқайларының ішінде кем дегенде 100 генеративті түр болу керек.Сонымен қатар,бақылау алаңқайлары барлық түрлер үшін бірдей болмау керек, өсімдіктер неғұрлым сирек кездессе соғұрлым тәжірбие алаңшасы үлкен болады.
Н.С.Нестеров модельді бұтақтар әдісін ұсынды.Мұнда әрбір ағаштан жемісі немесе бүрлері түсе қоймаған кезде бір түрдің 10-20 ағашынан 4-5 бұтақтардан кесіп алынады.Ағаштың өнімін анықтау керек болса,одан 15-20 бұтағын соңғы 3-5 жылдық өркендердің 40-70 см ұзындықта кесіп алынады.Осы жылдағы жеміс беруге қабілетті жас өркендердің жеміс беруінің санын анықтау арқылы жеміс беруге қабілетті өркендердің пайыздық мөлшерін анықтауға болады.Бұтақтарды барлық уақытта бір ағаштың бөрік басынан кесіп алу керек.
Бұл әдіс арқылы өткен жылдың өнімділігін тіпті 3-5 жыл бұрынғы өнімділікті қынаптағы жеміс сағағының орны арқылы анықтауға болса,жас өркендегі вегативті және генеративті бүршіктерді санау арқылы келешек өнімділікке болжам жасауға болады. Соңғы жағдайда бөрік басындағы жылдық өркендегі вегативті бүршіктердің және генеративті бүршіктердің арақатынасы анықталады.Семеномер металл кейде ағаш жәшіктерден жасалады немесе воронко тәрізді болып келеді.Көбінесе оларды ірі көзді тормен жабады,өйткені одан құстар мен кемірушілер тұқымды алмау қажет,ал түп жағында су толып кетпеу үшін арнайы тесігі болады.Тұқым өлшегіштерді топыраққа немесе бағанаға отырғызады.Тұқым өлшегіштің жоғары жинағының өлшемі -0,25м2,1 м2, сиректеу 4,5 м2 алаңға 10-25 тұқым жинағыш орнатылады.Семеномерді тексеру жемістер мен тұқымдардың пісу қарқынына байланысты,бірнеше күнде бір рет жүргіліп отырады.Жемістерді және тқұымдарды түріне қарай ажыратып,сонан соң саны және салмағы анықталды.
Тәжірбие алаңындағы өнімді есептеу төмендегі формула бойынша жүргізіледі:
P=Sg / an
Мұндағы P=тәжірбие алаңындағы жалпы өнім, S-тәжірбие алаңының өлшемі,m2 g--тұқым саны,а-бір семеномердің жинау беті.n-семеномерлердің саны немесе есептеу алаңшаларының саны.
3.5.Өсімдіктер арақашықтығын өлшеу.Фитоценозда өсімдіктер таралу ерекшеліктерін бағалау.
Өсімдіктер арасындағы арақашықтықты өлшеу әдісі қазіргі кезде кең қолданылады.ІІ Грейт Смит өлшеудің төрт әдісін сипаттап жазды:
1.Жақын дарақтар әдісі нүктеден жақын жатқан зерттелетін түрлердің арақашықтығын зерттеу.
2.Бір түрден сол түрге жататын жақын жатқан дананың арақатынасын есептеу.
3.Жақын жатқан жұптар арасын қосады.Біріншісінд перпендикуляр нүктеден есептеу сынықшасын жүргізуге болады.Бірінші данадан соған жақын жатқан түрлердің арасы өлшенеді.
4.Төрт бұрышты бөледі және бұрыштағы нүктеге жақын орналасқан дарақтардың арақашықтығын өлшейді.Осы әдістерге жақын әдісті Г.И.Дохман, А.М.Якшина қолданды.
Өсімдіктің орталық деп саналатын бір данасына жақын орналасқан сол түрдің төрт данасының арақашықтығы өлшенеді.Мұндай өлшеу сол түрдің басқа даналарына да жүргізіледі.Олардың біреуін орталық деп санай отырып өлшенеді,әрбір фитоценоздың түрлерден 100-300 данасына өлшеулер жүргізіледі.Өлшенген мәліметтерге сантиметрлерді қашықтығына қарай класстарға бөліп және нәтежиесін қисық сызық арқылы бейнелеуге болады.
Бұл арқылы түрлердің молдығы жоғары болса,олардың дарақтар санының көп бөлігі арақашықтықтың бірінші класына жатады,фитоценозда түрлер неғұрлым біркелкі таралса,горизантальді осьте олардың қисық сызығы соғұрлым созылыңқы болады.
Д.Экокс алаңша бірлігінде түрлердің даралар санының арасндағы орташа қашықтықтың ауысу шкаласын құрастырды.Түрлердің жербетілік өркендерінің арақашықтығын өлшеу,өркендердің арақашықтығын есептеуге қарағанда еңбекті аз қажет етеді.
Даралардың саны мен арақашықтығы арасындағы сандық қатынасы
7-кесте

Қашықтық,см

1 га өсімдіктер саны

Қашықтық,см

1 га өсімдіктер саны

2,5
7,5
11,5
15,0
22,5
30,0
37,5
48,0
60,0
90,0
180,0

15 309 485
1 700 922
755 965
425 230
188 979
106 307
037
270
576
812
2 953

360,0
450,0
600,0
900,0
1500,0
2250,0
3750,0
6000,0
9000,0
Және жоғары

738
472
266
118
42
19
7
2
1 және
Төмен



Фитоценозда өсімдіктер таралу ерекшеліктерін бағалау
Өсімдіктер таралу ерекшелігін анықтауда Раункиер әдісі қолданылады.Түрлердің кездесу коэффициенті фитоценоздың деңгейінде кішкене алаңқайларда түрлердің таралу жиілігін анықтайды.Бұл алаңқайлар көбінесе Раункиер алаңқайлары деп аталады.Түрлердің кездесу коэффициенті төмендегі формула бойынша анықтауға болады.
R=a*100%/n
Мұндағы а-зерттелетін түр саны,п-барлық зерттелген алаңқай саны.
Раункиердің алаңқайлары көпшілік жағдайда шахматтық ретпен 25-50 аймақша таңдап алынады.Зерттеу жүргізіп болғаннан кейін нәтежиелерін кестеге толтырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет