4 - Дәріс. Менеджменттің теориялық ғылыми негіздері
Жоспары:
1.Менеджменттің ғылыми негіздері
2.Менеджмент принциптері
Зерттеулерге қарағанда, менеджмент теориясының уақыт өлшемін біздің дәуірімізге дейінгі бес мың жылдан, яғни көне Шумер жазбасының шығуынан бастайды. Менеджменттің шығуы мен дамуына кемінде жеті мың жыл шамасында болса, осы уақыт ішінде айтып отырғандай қоғамды түбегейлі өзгерткен осы құбылыс, орны мен маңызына қарай эволюциялық өзгерістермен катар, бес басқарушылық революциялық өзгерістерге ұшырады. Сауда операцияларына байланысты жазысқан іскерлік хаттар және коммерциялық есептер адамдар өмірін ерекше жетістікке жеткізген революциялық жрец (абыз) — бизнесмендердің пайда болуымен байланысты. Сондықтан да менеджмент тарихына арналған әдебиетте осы бірінші басқарушылық революцияны "діни - коммерциялық" деп атайды. Екінші басқарушылық революцияны Вавилон патшасы Хаммурапидің (біздің дәуірімізге дейінгі 1792-1750 жылдар) атымен байланыстырады. Хаммурапидің тұсында тауар-ақша қатыстары, құлиеленушілік шаруашылығындағы жеке меншік, мемлекетті бір орталыққа біріктіру және патша үкіметін нығайту туралы заңдар айтарлықтай дамыған. Ол түрлі әлеуметтік топтар арасындағы барлық қоғамдық қатыстардың түрлерін реттеу үшін мемлекетті басқарудың заңдар жинағын шығарды. Бұл заңдар мен басқаруға ақсүйектік стиль берілді, жұмысты орындауға жауапкершілік пен бақылау күшейтілді. Міне, сондықтан екінші басқарушылық революцияны "ақсүйектік — әкімшілік" деп атайды. Біздерге үшінші басқарушылық революция көбіне "өндірістік — құрылыстық" деген атпен белгілі. Бұл революцияның осылай деп аталуының өз себебі бар. Ол Навуходоносор ІІ-нің (біздің дәуірімізге шейінгі 605-562 жылдары) басқару уақытында пайда болған. Ол (осы революция) өндіріс пен құрылыс өрістеріндегі әрекеттерге мемлекеттік басқару мен бақылау тәсілдерін біріктіруге бағытталған. Навуходоносор ІІ-нің тұсында Вавилон патшалығы өзінің экономикалық және мәдени гүлденуі сатысына жетті. Ірі құрылыстар (Вавилон мұнарасы мен әйгілі аспалы бақтар) жүргізілді. Вавилонды қоршаған қуатты бекіністер бой кетерді. Міне, осы себептен де осы үшінші басқарушылық революцияны "өндірістік — құрылыстық" деп атап кеткен. Капитализмнің тууы және Еуропа цивилизациясында басталған индустриалды (лат - өнеркәсіпті) процесс XVII-ХҮІІІ-ғасырдағы төртінші басқарушылық революцияның басты факторлары. Бұл революцияның нәтижесінде менеджмент меншіктен (капиталдан) ажырады және кәсіби басқарушылық пайда болды. Бұл жерде кейбір түсініктерге тоқтай кеткен жөн. Ағылшынның "менеджмент", қазақтың "басқару", сол сияқты "менеджер" және "басқарушы" деген ұғымдары бірдей ме деген сұрақ туады. Бұл сұрақты қостауға да, қостамауға да болады. Жалпы мағынада бұл сұраққа "иә" деп жауап беруге болады. Бірақ олардың арасында екі маңызды айырмашылық бар. Біріншісі, американдықтар "менеджмент" туралы айтқанда, әр уақытта ұйымда кездесетін басқару субъектісі — адамды "менеджердің" тұлғасы деп түсінеді. Жалпы кең мағынада олар иесізденген басқару жүйесін бейнелейтін "әкімшілік ету" терминдерін көпшілік деңгейде қолданады. Екіншісі — "менеджмент" дегенде басқарумен шұғылданатын жәй инженер немесе экономист емес, өзінің ерекше кәсіптің өкілі — кәсіби басқарушы екенін түсінетін адамды айтады. Сонымен қоса менеджер арнайы даярлықтан өткен адам. Менеджерлер менеджменттің ақпараттық жүйесі арқылы алынған ақпаратты пайдалана отырып ұйымның әрекеті мен жұмысын үйлестіреді. Революциялық өзгерістердің сонша зор маңызына қарамай-ақ, менеджменттің дамуы негізінен эволюциялық процесс. Бұл процесс барлық әлеуметтік-экономикалық қатыстарда, экономикадағы жүріп жатқан континумдық (лат.-үздіксіз, жаппай) өзгерістерде сипатталады. Басқарудың ғылыми негізін қалыптастыру және қорланған тәжірибелерін ғылыми жинақтауға өткен ғасырдың соңы мен осы ғасырдың басында талап жасалды. Сөзсіз, бұл теориялар қуатты корпорациялар түрінде кең масштабты ұйымдастыруға және айтарлықтай сиымды рынокқа, жаппай өндіру мен жаппай сатуға бағытталған өндірістің қажеттілігіне жауап табуға бағытталған. Ал кәсіпорындар өндіріс пен еңбекті рационалды (лат. — орынды) ұйымдастыруға, менеджерлер мен орындаушылардың, барлық бөлімшелер мен қызметтердің ғылымға негізделген принциптер, нормалар және стандарттарға сай жұмыс істелулерінің қажеттілігін бастан кешіріп отыр. Ғылыми менеджмент мектебінің негізін салушы, атап еткеніміздей, Ф.У. Тэйлор болатын. Ол жұмысшылардың жеке еңбегін басқару ілімінің көңіл аударарлық төрт принципін қалыптастырды. Олар: әр жұмыстың орындалуына ғылыми көзқарас; жұмысшыларды іріктеп алуға, оқытуға және машықтануға бағытталған көзқарас; жұмысшылар мен кооперация (лат.- ынтымақтастық); менеджерлер мен жұмысшылар арасында еңбектің нәтижесіне жауапкершілікті бөлу. Менеджмент саласындағы тағы бір белгілі маман А. Файоль (1841-1925 жж.) басқарушылардың жұмысын сипаттағанда, оларға тән әрекеттерді немесе функцияларды (жоспарлауды, ұйымдастырушылықты, басқаруды, үйлестіру және бақылауды) ерекшелеп, бір қалыпқа келтіріп жасауды ұсынды. Анри Файоль — әкімшілік менеджмент теориясын негіздеуші. Оның, ең белгілі "Жалпы және өндірістік басқару" атты кітабы алғашқы рет 1916 жылы жарық көрді. Бұл кітапта менеджерлер орындайтын басқару принциптері мен қызметтер жүйеге келтірілген. А. Файольдың ұсынған пікірлері қазіргі менеджментте де өздерінің практикалық қолдануын табуда. Қорыта айтқанда, ол басқару мәселелерін шешкенде және менеджменттің атқаратын қызметін орындағанда пайдаланылатын 1-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |