29 - Дәріс. Кадрлық менеджменттің тиімділігі
Жоспары :
1.Менеджменттің тиімділігі
2.Менеджменттің тиімділігін анықтау
Тиімділік деп өндірістік шығындармен салыстырғандағы нәтижелік деңгейін айтады. Латын тілінде еffectivus пәрменді, өндіргіш, белгілі бір нәтиже беруші деген үғымды білдіреді.
Тиімділіктің негізгі функциясы - әсер ету және әрекетті басқару арқылы мақсатқа жету, өндірісте нәтижені алу және көбейту, оны тиімді тұтынуға дейінгі өндірістік үдерістің барлық сатылары арқылы қол жеткізу.
Менеджмент тиімділігі – басқару нысанындағы мақсатқа жетуде пайда болған тиімділікті, пайдаланған ресурстар мен шығындарды салыстыру арқылы анықталған әлеуметтік-экономикалық нәтижені қамтамасыз етуді білдіреді. Басқару тиімділігінің экономикалық мәні – басқаруға керекті қолда бар ресурстар (шығындар) арқылы басқару нысанында ең үлкен экономикалық нәтижені қамтамасыз ету.
Кәсіпорындағы экономикалық нәтиже таза табыс пен пайданың шамасы арқылы бейнелейді. Сонымен қатар
менеджменттің экономикалық нәтижесін анықтағанда оның шамасын анықтаумен қатар оның бөлінуі мен тұтыну тиімділігі ескеріледі, яғни кэсіпорынды дамытуға және болашақта жаңғырту үшін әлеуетін қалыптастыруға бағыттау үшін қажетті пайданың мөлшерін анықтау болып табылады. Әлеуметтік-экономикалық жүйе тұрғысынан әлеуметтік нәтиже жұмыскерлердің өмір сүру деңгейі мен сапасы арқылы байқалады.
Менеджменттің ғылыми - техникалық нәтижесі өнімнің жаңартылуы, оның сапасы мен ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі арқылы байқалады. Экологиялық нәтижесі - қоғамның әлеуметтік және экономикалық өмірімен қарым-қатынасы, табиғатты жаңарту мен сақтау арқылы білінеді.
Менеджмент тиімділігі нәтижені өндіріс шығындарымен, пайдаланған ресурстармен салыстыру арқылы анықталады. Сонымен қатар, мақсатқа жету үдерісінде менеджерлермен көбірек қолданатын маңызды әсер ету құралдары анықталады. Мұндай құралдардың ішінде стратегиялық менеджментті бағалауды, қызметкерлер мотивациясының әдісін, бақылау жүйесін атап өту керек. Әсер ету құралдарын бағалауда таңдаудың дүрыстығына талдау жасау керек, яғни жағдайлардың, сапаның (таңдап алған баламалы құралдардың сапасынан өзгешілігі), іске асырудың нәтижелілігі мен тиімділігінің сәйкес келуі керек. Әсер ету мен әрекеттестікті басқару тиісті мүмкіншілігімен немесе басқару әлеуеті (ақпараттық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық) сипатталады. Сондықтан да тиімділікті бағалауда басқарушылық әлеуетін пайдалану деңгейі анықталады.
Сыртқы байланысты тиімді іске асыру нарықтық және мемлекеттік реттеушіге, сонымен қатар олардың әрекеттестігіне әсер етеді. Осы облыстардағы әсер мен әрекеттесу қүралдарын таңдау әсер етуші факторлардың кешендігі және оның әр уақытта өзгеріп отыратына байланысты ол өте қиын мәселе болып табылады. Сондықтан да менеджерлер үшін осы немесе басқа жағдайлардағы сыртқы ортаның көрсеткіштерінің өзгеруін байқау маңызды болады.
Айтып кететін жайт, нақты сыртқы ортада фирманың өнімі сатылады, оның іс-әрекетінің негізгі нәтижесі және оның жекеленген түрлері анықталады. Бұдан шығатыны, сыртқы серіктеспен және мемлекет органдарымен, нарықтық инфрақұрылымымен және кәсіпкерлік сектормен жұмыс менеджмент функциясын іске асыруда басымдылық және ерекше саласы болып саналады, ол жұмыс едәуір дәрежеде оның тиімділігін анықтайды.
Менеджмент тиімділігі келесі бағыттар бойынша бағаланады:
- бағалау мақсатын негіздеу және орнату;
- бағалау көрсеткіштерін іріктеу критерийлерінтаңдау
- осы өнімге деген қажеттілік пен фирманың мақсатының өлшемдестігін анықтау;
- мақсат пен қажеттілікті өлшемдестіру;
- негізгі нәтиже мен қажеттілікті өлшемдестіру;
- менеджмент нәтижелілігін анықтау;
- мақсаттың ресурспен қамтамасыз етілгенін анықтау;
- негізгі нәтиженің ресурстармен ара қатынасы;
- экономикалық нәтиженің пайдаланған ресурстардың әрбір түрінің шамасына қатынасы;
- экономикалық нәтиженің шамасын анықтау;
- экономикалық нәтиженің басқаруға жұмсалған шығындардың шамасына қатынасы;
- әрбір қолданылған ресурстардың тиісті әлеует шамасына қатынасы;
- стратегия, еңбек мотивациясы, басқаруды ұйымдастыру нысаны сияқты әсер ету құралдарын жасау және іске асыруға байланысты басқару үдерісінің тиімділігін анықтау;
- ресурстық, ұйымдастырушылық, ақпараттық, ғылыми-технологиялық, экологиялық, кадрлық сияқты әлеует түрлерін пайдалану мөлшерін анықтау;
- әлеуметтік ғылыми-инновациялық, экологиялық, ұйымдастырушылық нәтижелерін анықтау;
- әлеуметік-экономикалық жүйенің әрбір әлеуеттік түрлерін қолдану тиімділігін анықтау.
Қазіргі заманғы менеджмент теориясы келесі менеджмент тиімділігінің түрлерін көрсетеді:
- әсер ету және әрекеттістік құралдары бойынша: мақсатты, мотивациялық, стратегиялық, техникалық, ресурстық, шығындық, жоспарлық, болжамдық, әлеуеттік, атқарымдық құралдары;
- нәтиженің мазмұны бойынша- экономикалық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік, экологиялық мазмұны;
- уақыт факторы бойынша - келешектілік, ағымдық, оралымдық уақыты;
- менеджментті дамыту жүйесінің сатысы бойынша – жасау, қалыптастыру, дағдарысқа қарсылық, жетілдіру, қайта қалыптастыру сатысы;
- басқару қызметінің түрлері бойынша – маркетингтік, инновациялық, инвестициялвық, өндірістік, қаржылық, коммерциялық, кәсіпкерлік түрлері;
- тиімділік нысаны бойынша – менеджмент жүйесі, басқару қызметі, басқару үдерісі, басқару жаңалығы, қызметкелер мен менеджерлер қызметтері.
Өзін – өзі бақылау сұрақтары
1. Менеджмент тиімділігінің түсінігі және жүзеге асырылу бағыттары
2. Қазіргі заманғы менеджмент тиімділігінің түрлері
Әдебиеттер:
1. Ахметов Қ.Ғ. Менеджменттің негіздері (Оқу құралы), Ақтөбе Орал . 2005
2. Рахимбаев А.О,Сабатаева Б.О, Менеджмент, Алматы. 2006
3. А.К. Бельгебаев, А.Б Рахимбаев, Менеджмент, Алматы. 2006
4. Бердалиев К. Менджмент, Алматы. 2005
5. Рахметов Б.А. Персоналды басқару, Алматы. 2005
6. Виханский О.С, Наумов А.И. Менеджмент. Учебник для экон. спец. вузов М.: Высш. школа, 1999г
Достарыңызбен бөлісу: |