1 Дәріс. «Hr және тайм-менеджмент» негізгі түсінігі Жоспары: «Hr және тайм-менеджмент» ұғымы «Hr және тайм-менеджмент» негіздері


- Дәріс. Басқарудың обьектілері. Басқарушылық қарым-қатынас



бет46/116
Дата06.02.2022
өлшемі0,7 Mb.
#61961
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   116
Байланысты:
«HR және тайм-менеджмент» ДӘРІСТЕР

12 - Дәріс. Басқарудың обьектілері. Басқарушылық қарым-қатынас
Жоспары:
1. Басқарудың обьектілері ұғымы
2. Басқарушылық қарым - қатынас
Ең жалпы түрде басқару екi субъект арасындағы әрекеттестiктiң белгiлiктi түрi ретiнде көрiнiс бередi. Олардың бiрi бұл әрекеттестiктiң субъектiсi ретiнде, ал екiншiсi – объектiсi ретiнде болады. Аталмыш әрекеттестiк келесi жайлармен сипатталады:
- басқару субъектiсi басқару объектiсiне онда айқын немесе жасырын түрде басқару объектiсi кейiннен қалай жұмыс iстеуi керектiгi жөнiнде ақпарат бар ықпал ету импульстарын, яғни басқарушылық бұйрықтарды, жiбередi;
- басқару объектiсi басқарушылық бұйрықтарды алады және аталмыш бұйрықтардың мазмұнына сәйкес жұмыс iстейдi. Басқару объектiсi басқару субъектiсiнiң бұйрықтарын орындайтын жағдайда ғана iс жүзiндегi басқарушылық әрекеттестiк жөнiнде сөз қозғауға болады. Сәйкесiнше сонда ғана басқару жүзеге асырылуда деуге болады. Ол орындалу үшiн екi жағдай қажет:
1) басқару субъектiсiнде сол үшiн сәйкес басқарушылық бұйрықтарды әзiрлей отырып, басқару объектiсiн басқару қажеттiлiгi мен мүмкiндiгiнiң болуы;
2) басқару объектiсiнде осы бұйрықтарды орындау дайындығы мен мүмкiндiгiнiң болуы. Өндірісті басқару теориясының мазмұны объектілер арқылы анықталады. Нарықтық экономикадағы басқару объектісінің алғашқы әрі ең шешушісіне микродеңгей жатады. Кәсіпорынды, жеке өндіріс түрін, былайша айтқанда, түпкі есебінде қоғамның экономикалық бейнесін жасайтын заттай-материалдық құндылықтарды өндіретін салаларды басқару объективті қажеттілік болып табылады. Осыған қарай басқарудың осы деңгейі барлық басқару жүйесінің басты назарында ұстайтын объектісі болуы керек. Кәсіпорындарды басқару ісі барлық экономикалық байланыстар мен қатынастардың жиынтығын толық қамти алмайды. Өндірісті басқарудың ғылыми сипатында кәсіпорын халық шаруашылығының біртұтас жүйесін құрайтын қоғамдық, басқа да өндірістік және тұтынушы ұяшықтарымен бірге қарастырылады. Басқарудың тағы бір объектісі - мезодеңгей. Мұнда басқару пәніне өндірістi ұйымдастырудың, технологияның әр түрлілігімен байланысты өзіндік ерекшелігі бар салалар, аймақтар жатады. Аймақтарға олардың экономикалық дамуының алғышарттары мен орналасқан орнына, тарихи-географиялық факторларына, өндірістік әлеуетіне қарай болатын ерекшеліктер тән. Аймақтардың басты құраушыларына аймақтардың арасындағы экономикалық байланыстар, аймақтық жүйелер, өндірістік күштердің орналасуы жатады. Әлдеқайда ғаламдық сипаттағы басқару объектісіне макродеңгей - экономикалық саясаттың бүкіл объектісі жатады. Мұнда экономика тұтас жүйе ретінде зерттеліп, экономикалық саясаттың мақсаттары қалыптастырылып, оларды жүзеге асыруға қажетті экономикалық құралдар анықталады. Макроэкономикалық көзқарас ұлттық деңгейде немесе үлкен секторлар деңгейінде экономиканың жағдайы мен қозғалысын зерттеу үшін пайдаланылады. Макроэкономика ұлттық ауқымдағы экономикамен айналысатындықтан біріктірілген экономикалық көрсеткіштерімен (ЖҰӨ, ЖІӨ, жиынтық сұраныс және т.б.) айналысады. Экономиканың бұл аспектісі басқару теориясына апаратын басты аспекті болып табылады, өйткені оны халық шаруашылығының ауқымында алып қарастырғанда ғана зерттеудің бастапқы сәтін анықтауға болады. Бұны кәсіпорынның (бастапқы буын) барлық халық шаруашылық жүйелерінің ажырамас бөлігін құрайтынымен байланыстырып түсіндіруге болады. Қоғамдық ауқымдағы басқарудың өзіндік ерекшелігі бар объектілерге барлық әлеуметтік салалар, қызмет салалары кіреді. Мұнда басқару ісі негізінен адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызметтермен айналысады. Бұл салада адамдардың көптеген талап-тілектері жүзеге асырылады. Ол қоғамның бүкіл жағдайына, оның ішінде әлеуметтік ақыл-ойының қалыптасуына себепші болатын барлық әлеуметтік инфрақұрылымдар мен қызмет түрлерін қамтиды. Қоғамды рухани тұрғыдан дамытуды басқару барлық басқару жүйелерінің ажырамас бөлігі болып табылады. Басқару ғылымының объектілері туралы жалпы сөз еткенде, өндірісті басқару кез келген әлеуметтік-экономикалық жағдайларда еңбек процестері жиынтығының ажырамас бөлігін құрайтынын түйіндеп айтуға болады. Кез келген қызмет түрi секiлдi менеджмент те белгiлiктi қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. Олар оның барлық түрлерi үшiн жалпы болуы не олардың кейбiр бөлiктерiне қатысты болуы мүмкiн. Менеджменттiң негiзгi қағидаларына мыналарды жатқызуға болады:
1. Өнер элементтерiмен үйлесiмде ғылымилық – фирманың күрделi қазiргi шаруашылығын шешiмдердi мұқият ойластырмай, түйсiкпен басқару мүмкiн болмайтындықтан ғылыми тәсiлдеме қажет. Сонымен қоса жағдай өте тез және ойда болмағандай өзгеруi мүмкiн болатындықтан оны зерделеуге уақыт болмайды. Сол кезде импровизациялауға, дәстүрлi емес тәсiлдердi, сезiмдi, тәжiрибенi пайдалануға тура келедi. Сөйтiп, әлеуметтiк жүйенiң әрекет етуi мен дамуының белгiсiздiк факторы басқаруды өнерге айналдырады.
2. Мақсаткерлiк – менеджерлер жай емес, осы сәтте шаруашылық жүргiзушi субъект алдында тұрған нақтылы мәселенi шешу үшiн әрекет етедi.
3. Әмбебаптылықпен үйлесiмде мамандану бiр жағынан, басқарудың сәттiлiгi үшiн оның ерекшелiктерiн ескере отырып әрбiр объектке, субъектке немесе процеске дербес тәсiлдеме қажет, екiншi жағынан, барлық жағдайларда басқарушылық әрекет орын алатындықтан, олардың барлығында әлдебiр әмбебап жайлар болуы керек.
4. Бiрiздiлiк – барлық басқарушылық әрекеттер әрi уақытта, әрi кеңiстiкте қатаң белгiленген тәртiппен жүзеге асырылуы тиiс.
5. Циклдiлiк – бiрқатар жағдайларда басқарушылық операциялар белгiлiктi уақыт аралығы сайын қайталануы мүмкiн.
6. Үздiксiздiк – ол сәйкес өндiрiстiк және шаруашылық процестердiң сипатымен себептелген.
7. Шешiмдердi дайындау процесiне орындаушыларды барынша ерте және кеңiнен қатыстыру – жоғарыдан жiберiлгендерге қарағанда өз еңбегi мен идеясы сiңген шешiмдер белсендiрек әрi қызығушылықпен iске асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет