№ 1 ДӘРІС
Құқық теориясының негіздері
Дәріс мақсаттары:
1. Мемлекет, құқық және мемлекеттіқ құқықтық негізгі ұғымдармен таныстыру
2. Құқықтық тәрбие
ЖОСПАР
1. Құқық ұғымы мен белгілері
2. Құқық функциялары (қызметттері)
3. Құқықтық нормалардың ұғымы және тұрлері (құрылымы)
4. Құқықтың қайнар қөздері (негіздері)
5. Құқық бұзушылық ұғымы, белгілері, түрлері
6. Құқықтың қағидалары
СӨЖ
1. Құқықтық жауапкершіліқ ұғымы және тұрлері
2. Құқық қатынастары: ұғымы, тұрлері
3. Құқықтық саңа және құқықтық мідениет
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі:
1. Баққұлов С.Д. Құқық негіздері - Алматы: 2004. -
2. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері Алматы, 2001
3. Дулатбеков Н.О. Мемлекет және құқық негіздері Астана, 2001
4. Ашитов З.О, Б.З. Ашитов ҚР құқық негіздері: Оқу құралы. – Алматы:
Жеті Жарғы, 2003. – 296 б.
5. Айтжан Б.Е., Хусаинова А.М. Рим құқығы: Оқу құралы. – Алматы:
«Жеті Жарғы», 2005. –80 б.
6. Төлеугалиев Ғ.И. ҚР Азаматтық құқығы: Жоғару оқу орындарына арналған акад.
курс. I-том. - Алматы; «Жеті Жарғы», 2001. – 376 б.
7. Сапаргалиев Г. С. ҚР Конституциялық құқық: акад. курс. 2-басылымы. - Алматы:
«Жеті Жарғы», 2004. – 480 б.
8. Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. –Алматы: Заң
әдебиеті. 2004. – 106 б.
НҚА:
1. ҚР Конституциясы А., 1995
2. ҚР Қылмыстық кодексі А., 1997
3. ҚР Азаматтық кодексі А., 1994; 1999
4. ҚР Әкімшііліқ кодексі А., 2001
5. ҚР «Еңбек кодексі А., 2007
6. ҚР «Неке және отбасы туралы» заң А., 1999
1. Құқық ұғымы мен белгілері
Біріншіден заң ғылымында «құқық”ресми түрде танылған жәке және заңды түлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, адам өмір сүруге, еңбек етуге, кәсіпкерлікпен шығылдануға құқығы бар. Заңды түлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады. Осы келтірілген жағдайларда «құқық» түсінігі субъективтік (тұлғалар) мағынада қолданылады.
Субъективтік (тұлғалар) құқық- тұлғалардын мүддесін қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мұмкіндіктері.Тұлғаның құқығы құқықтық қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан, екі жақта да құқықтық міндеттер пайда болады. Мысалы, әр азаматтың оқып, білім алуға құқығы бар. Сол құқықты пайдаланып, оқуға түскеннен қейін азамат оқұ орнының ішқі тәртібіне бағынуға, оқұ бағдарламасың орындауға міндетті.
Екіншіден «құқық» дегеніміз нормативтіқ құқықтық ақтілерде белгіленген нормаларың жиынтығы. Бұл объективтіқ мағынадағы құқық себебі олардың жасалуы жәке адамның еркіне байланысты емес. Сонымен, объективтық мағынадағы құқық жеке нормаларға бөлінбейтін, тұтас құбылыс болып саналады.
Үшіншіден, «құқық” термині оқу пәннін білдіретін ұғым ретінде қолданылады. Құқық пәндері түрлі салаларға бөлінеді: конституциялық құқық, қылмыстық құқық, енбеқ құқығы.
Құқық саласы - өзара туыстас қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Мысалы, азаматтық құқық - мұліқтіқ және мұліқтіқ емес қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Құқықтын жалпы әлеуметтіқ мәнің мойындай отырып оған мынандай анықтама беруге болады.
Құқық (объективтіқ тұргыдан қарағанда) – жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қүшімен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, занда және басқа да ресми қүжаттарда анықталган құқықтық норма, ережелердің жиынтығы.
Жалпы алғанда құқық дегеніміз – мемлекет белгілеп мақулдаған жалпыға міндетті мінез-құліқ ережелерінін (нормалардың) жиынтығы. Құқықтың өзіндік ерекшелігі онын нормаларын сақтау мемлекеттің мәжбүр ету күшімен қамтамасыз етілетіндігінде.
Құқықтың мәні Конституцияда және басқа да заңдарда бекітіліп, тиянақталған онын )түпқазық бастауларында, негізгі қағидаларында ашылады. Оларға жататындар: саяси биліқтың халықтың атынан жүзеге асуы, меңшіқтың дамуы, қорғалуы және олардың субъектілерінің теңдігі; демократизм, интернационализм, гуманизм, формалды анықталған заңдық нормалар жүйесі..
Құқық - қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекет бекітіп, қамтамасыз ететін, жалпыға міндетті, формалды анықталған заң нормалардың жиынтығы.
Құқықтың белгілері:
1. нормативтіқ сипаты;
3. формальды анықтылық;
2 жүйелілігі;
4. Мемлекеттің қушіне сүйенуі (мемлекетпен байланыстылығы); 5. Жалпы міндеттіліқ сипаты 6. Рәсәмділігі
2. Құқықтың фунциялары (қызметттері)
Құқықтың негізгі функциялары: реттеу және қорғау.
Құқықтың реттеу функциясы – нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысың, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру.
Құқықтың қорғау функциясы – нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, құқықбұзушылықтарға тыйым салу.
1. статистикалық - реттеуші 3. бағалау қызметі
2. динамикалық – реттеуші 4. қоргауші қызметі
3. Құқықтық нормалардың ұғымы және тұрлері (құрылымы)
Құқықтық норма дегеніміз мемлекет таныған камтамасыз еткен қоғамдық қатынастарға араласып тұсушілердің құқықтары мен міндеттерің туындататың олардың әрекеттерің үлгі эталон өлшем есібінде реттей алатын жалпыға бірдей міндетті ереже.
Құқық нормалары – мемлекеттіқ және қоғамдық ұйымдар, лауазымды тұлғалар, барлық азаматтар орындауға міндетті мемлекет белгілеген және бекіткен мінез-құліқ ережелері
Құқықтық норма – заңға сәйкес келетің мінез, жүріс-тұрістың айырымдылық белгісін білдіреді. Оның қзі заңмен қөзднлген істің шешімің табуға мұмкіндіқ береді. Әрбір құқықтық норманың үш элементі болады: гипотеза (жорамалы); диспозиция (мазмұны, өзегі); санкция.
Гипотеза (жорамалы) – құқықтық норманы қолдау немесе қолданбау үшін қажетті өмірдегі мән-жайлардың бар екеннің қөрсететің құқықтық норманың болшегі. Мысалы, егер адам іс-әрекет жасаса ғана заң бұзышы жауапка тартылады.
Диспозиция – құқықтық қатынастарға қатысушылардың мінез-құлқы қандай болуы керек екеннің құқықтың норманың болшегі. Диспозиция-құқықтық норманың ұйтқысы, мазмұны, өзегі.
Санкция – құқықтық норманың қорытынды бөлігі, диспозициядағы әрекетті жасағаны үшің немесе әрекетсіздігі ұшін жауапкершілік өлшеміне ие. Бұл мінез-құліқ ережесін сақтамаудан немесе құқық нормасы белгілеген шектен шығып кетуден болатын салдар.
4. Құқық бастаулары (негіздері)
Заң ғылымында «құқық негіздері» дегеніміз – қоғамдық қатынастарды реттейтін ресми түрде бекітілген жалпыға бірдей міндетті мемлекет қамтамасыз ететін қоғамның ерік-жигері.
Әдетте құқық негіздері 4 тұрге бөлінеді:
1. құқықтық әдеттер; 2. сот прецеденті (ұлгілер),
3. құқықтық келісім-шарттар; 4. нормативтык - құқықтық актілер (НҚА).
Құқықтық әдеттер – қоғам өмірінен шыққан адамдардын қарым-қатынасын реттейтін ресми тұрде беітілген әдет-ғұрыптар («Жеты жарғы», «Қасым ханның қасқа жолы»,).
Құқық прецеденті (ұлгілер) – жоғары мемлекет (сот) органдары қабылдаған нақты шешім. Осы шешім тқменгі мемлекет органдарына ұқсас істерді шешкенде негіз болады (АҚШ, Англия, Үндістан, Австралия).
Құқықтық келісім-шарттар – екі, немесе көп жақтытың өз еркінімен жасалған, ресми түрде бекітілген келісім (халықаралық келісім - шарттар).
Нормативтык-құқықтық актілер (НҚА) – мемлекеттіқ органдар ресми тұрде қабылдаған, жалпы ережелерден тұратын, қоғамдық қатынастарды реттейтін, жалпыға бірдей міндетті құжат, акт. (ҚР Конституциясы).
5. Құқық бұзушылықтың ұғымы, белгілері, түрлері
Құқық бұзушылық – мемлекеттіқ немесе қоғамдық тәртіпқе, меншіққе,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына зиян қелтіретің құқық субъектілерінің құқыққа қайшы қінәлі әрекеттерің (әрекетсіздігің) айтады.
Құқық бұзушылық – құқыққа қарсы, қоғамға қауіпті, қінәлі, заңмен жазаланатын әрекет немесе әрекетсіздіқ.
Құқықтық бұзушіліқтың мазмұны төрт бөлімнен тұрады:
1. Құқықты бұзудың объектісі – құқық арқылы реттелетін қорғалатын қоғамдық
қатынастарың түрлері;
2. Құқықты бұзудың субъектісі – жеке немесе заңды тұлғалар;
3. Құқықты бұзудың объективтік жағы – теріс қылық және оның зияны;
4. Құқықты бұзудың субъективтік жағы – теріс қылық жасаған субъектінің
(қасақана немесе абайсыздықтан) анықталуы
Құқықбұзушылықтың белгілері:
1. қоғамға қауыпті әрекет; 2. құқыққа қарсы әрекет;
3. кәнәлылық; 4. жазалаушылық
Құқық бұзушылықтың түрлері:
Құқық бұзушылық теріс қылық және қылмыс болып бөлінеді.
1. тәртіптіқ заң бұзушылық; 2. әкімшіліқ заң бұзушылық;
3. азаматтық заң бұзушылық; 4. қылмыстық заң бұзушылық (қылмыс)
Бақылау сұрақтары:
1. Құқықтың қғымы, мәні, жұйесі
2. Заң дегеніміз не?
3. Сот прецеденті
4. Қылмыс ұғымы
5. Қылмыс санаттары
6. Санкция дегеніміз не?
7. Қорғауші қызметі
8. Құқық субъектлері
9. Құқықтық жауапкершіліқ ұғымы және тұрлері
10. Құқықтың қағидалары
№ 2 ДӘРІС
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Дәріс мақсаттары:
1. Конституциялык құқықтын негізгі ұғымдармен таныстыру
2. Құқықтық тәрбие
ЖОСПАР
1. Конституциялық құқық ұғымы, пәні, әдісі
2. Конституциялық құқық қайнар қөздері
3. Конституциялық құқық қағидалары
СӨЖ
1. ҚР ұлттық мемлекеттық құрылысы
2. ҚР азаматтарының негізгі құқықтары мен бостандықтары
3. ҚР азаматтарының негізгі міндеттері
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі:
1. Баққұлов С.Д. Құқық негіздері - Алматы: 2004. -
2. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері Алматы, 2001
3. Дулатбеков Н.О. Мемлекет және құқық негіздері Астана, 2001
4. Ашитов З.О, Б.З. Ашитов ҚР құқық негіздері: Оқу құралы. – Алматы:
Жеті Жарғы, 2003. – 296 б.
5. Төлеугалиев Ғ.И. ҚР Азаматтық құқығы: Жоғару оқу орындарына арналған акад.
курс. I-том. - Алматы; «Жеті Жарғы», 2001. – 376 б.
6. Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. –Алматы: Заң
әдебиеті. 2004. – 106 б.
7. Сапаргалиев Г. С. ҚР Конституциялық құқық: акад. курс. 2-басылымы. - Алматы:
«Жеті Жарғы», 2004. – 480 б.
НҚА:
1. ҚР Конституциясы А., 1995
2. ҚР Қылмыстық кодексы А., 1997
3. ҚР Азаматтық кодексы А., 1994; 1999
4. ҚР Әкімшііліқ кодексы А., 2001
5. ҚР «Еңбек туралы» заң А., 1999
6. ҚР «Неке және отбасы туралы» заң А., 1999
Бақылау сұрақтары:
1. ҚР Конституциясы: жалпы ережелері
2. Адам және азамат
3. ҚР сайлау жұйесі
4. ҚР азаматтарың құқықтары
5. ҚР азаматтарың міндеттері
1. Конституциялық құқық ұғымы, пәні, әдісі
Конституциялық құқық дегеніміз - ҚР мемлекеттіқ және қоғамдық кұрылысының негіздерің құрайтың қоғамдық катынастарды, мемлекет пен жеке адамның қарым қатынасың, қағидаларың, сайлау жұйесінің негіздерің мемлекеттіқ билікті іске асыру тетіқтерің реттейтің және белгілейтің құқықтық нормалардың жиынтығы.
ҚР Конституциясы республикалық құрылыстың негізін, мемлекеттіқ білік жұйесін және Қазақстан мемлекеті мен азаматының қатынасын белгілейді.
Конституция адам және оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын мемлекетттің ең қымбат қазынасы деп танып мемлекеттің сол ұшін қызмет етуі тиістігін атап көрсететі.
Конституциялық құқықты тұтас алғанда, құқықтың реттеу әдістері деп аталатын белгілі бір тәсілдер мен әдістердің көмегімен мемлекеттіқ және қоғамдық қатынастарды реттейді.
1) міндеттеу әдісі (18, 38 баптар)
2) тыйым салу әдісі (17-2; 15-2)
3) рұқсат ету әдісі (19, 26 б)
4) тану әдісі қолданылады (12 б)
2. Конституциялық құқық қайнар қөздері
Конституцияның құқықтық нормалары сала ретінде конституциялық құқықтың тура және тікелей қайнар көзі болып табылады
ҚР Конституцияның 4 бабына сәйкес ҚР қолданылатын қүқық Конституцияның, соған сай келетын заңдардың, өзге де нормативтық құқықтық актылердың, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерің, сондай ақ Республиканың Конституциялық Қенесінің және Жоғарғы Стының нормативтық қаулыларының нормалары болып табылады.
ҚР Конституцияның ең жоғарғы заңдық қүші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады.
Республика бекіткен халықаралық шарттардың республика заңдарынаң басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде тікелей қолданылады
Барлық зандар, Республика қатысушысы болып табыладың халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтык құқықтық актілерді ресми түрде жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады.
3. Конституциялық құқық қағидалары
Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық;
Бүқіл халықтың игілігін көздейтын экономикалық даму;
Қазақстандық патриотизм
Мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу
1. ҚР ұлттық мемлекеттық құрылысы дегеніміз – мемлекеттың және оның әкімшіліқ аумақтық бөліністерінің құрылымы, қызметінің ұйымдастырылуы, құқықтық мәртебесі, олардың өзара қатынас тәртібі.
ҚР Конституциясы бойынша -Қазақстан біртұтас мемлекет – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттіліқ құру жолында.
№ 5 ДӘРІС
Әкімшілік құқық негіздері
Дәріс мақсаттары:
1. ҚР әкімшілік құқықтын ұғымдармен таныстыру
2. Құқықтық тәрбие
ЖОСПАР
1. Әкімшілік құқық ұғымы, пәні, әдісі.
2. Әкімшілік құқықтың қайнар қөздері
3. Әкімшілік құқықтын субъектлері
4. Әкімшілік заң бұзушылык ұғымы, белгілері, оның түрлері.
СӨЖ:
1. Әкімшілік заң бұзушылык құрамы.
2. Әкімшілік жаза::ұғымы, түрлері, мақсаттары. Әкімшілік заң жауапкершілігі
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі:
1. Баққұлов С.Д. Құқық негіздері А., 2004
2. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері А., 2001
3. Дулатбеков Н.О. Мемлекет және құқық негіздері Астана, 2001
4. Ашитов З.О. ҚР құқық негіздері А., 2003
5. Төлеугалиев Ғ. И. ҚР Азаматтық құқығы А., 2001
НҚА:
1. ҚР Конституциясы А., 1995
2. ҚР Әкімшілік кодексы А., 2001
НҚА:
1. ҚР Конституциясы А., 1995
2. ҚР Әкімшілік кодексы А., 2001
Бақылау сұрақтары:
1. Әкімшілік жаза:
а) Есқерту
б) Әкімшілік айыппұл
в) Әкімшілік қамау
1. Әкімшілік құқық ұғымы, пәні, әдісі.
Әкімшілік құқық дегеніміз – құқықтын бір саласы және құқықтын жүйесінде жетекші орнынды алады.
Әкімшілік құқық коғамдык қатынастардың мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру мен жүзеге асыру аясында қалыптасқан саласын реттейді.
Әкімшілік құқық – мемлекеттік басқарушы органдардың басқаруші – жарлықші қызметін реттейтін құқықтық рәсімдер жиынтығы.
Мемлекеттік басқару аясындағы қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар оның субъектілерінің мінез-құлқының қөлемі мен шегін, сондай-ақ құқық бұзышылыққа байланысты олардың жауапкершілік тәртібін анықтайды.
Әкімшіліқ құқықтың пәні:
- Мемлекеттік атқарушы органдардың құрылуымен байланысты қатынастар;
- Әкімшілік билікті жүзеге асыру барысындағы атқарушы мемлекеттік органдардың азаматтар мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен бірлескен іс-қимылы;
- Әкімшіліқ құқық бұзушіліқ
Құқықтың кез келген саласы өкім /өмір/, тыйым, рұқсат ету / ерик тберу/ сияқты қоғамдық қатынастарға реттеушілік ықпал ету тәсілдерің пайдаланады.
Өкім /Әмір/ түріндегі мемлекеттік нұсқама - бұл қоғамдық қатынастардың қатысушыларына құқықтық норманың талаптарына толығынан сәйкестендіріп іс-әрекет етуге заңдық міндет жүктеу.
Тыйым – бүл қоғамдық қатынастардың қатысушыларына құқықтық нормамен қаралған іс - әрекеттерді жасаудан бас тартуға заңдық міндет жүктеу.
Рұқсат ету /ерік беру/ - бүл қоғамдық қатынастардың қатысушыларына құқықтық нормада көрсетілген қандай да болмасын бір Заңдық мәні бар іс-әрекеттердді жасауға немесе өзінің қалауы бойынша оны жасаудан бас тартуға рұқсат беру.
Осы тәсілдердің жиынтығы құқық саласы әдісінің мазмұның құрайды бірақ олардың әрқайсының үлес салмағы құқықтың әр саласында әр түрлі. Мысалы, азаиматтық құқықта рұқсат ету басым болады. Ал әкімшілік құқық басқарушылық қоғамдық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін және тоқтатуын реттейтін оның нормаларының қөбірек бөлігінің әмірлік /бүйрықтық – императивтык/ сипаты бар.
2. Әкімшілік құқықтың қайнар қөздері
ҚР әкімшілік құқығының қайнар қөздері: ҚР Конституциясы ;ӘҚБтК, Кеден кодексы және басқа да салалык кодекстер/; Президенттің, Үкіметтің, орталық атқарушы билік органдарының нормативтік актілері; әкімшілік –құқықтық қатынастарды реттейтін жергілікті өкілді және атқарушы билік органдарының нормативтык актілері болып табылады.
Әкімшілік – құқықтық актілер жарияланатын аса маңызды ресми баспалар Парламенттің жаршысы, Президент пен Үкіметтің актілер жинағы, Егемен Қазақстан, Казахстанская правда газеттері, Заң газеті, Юридическая газета.
3. Әкімшілік құқықтын субъектлері
Әкімшілік құқықтын субъектлері органдар ғана емес жеке адамдар да болады.
Мемлекеттік біліктік құқыққа ие мемлекеттік басқару органдары, лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар мен азаматтар субъект бола алады.
Субъект – бүл әкімшілік құқық бүзушылык жасаған жеке немесе заңды тұлға. Одан басқа арнайы субъектілер – лауазымды адамдарға, әскери қызметшілерге, шетел азаматтарына бөлінеді.
4. Әкімшілік заң бүзушылык ұғымы, белгілері, оның түрлері
Әкімшілік құқық бүзушылык туралы ҚР Кодексінің /ӘҚБтК/ ерекше бөлігінде қөзделген құқық бүзушылық құрамының барлық белгілері бар әрекет жасау әкімшілік жауаптылықтың негізі болып табылады. ӘҚБтК 28-бабына сәйкес әкімшілік құқық бүзушылык дегеніміз құқыққа қарсы, кінәлі /қасақана немесе абайсызда жасалған/ іс -әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі.
Әкімшілік құқық бүзушылыктың заңдық құрамы – бүл заңдық элементтердің жиынтығы солар болған жағдайда әрекет әкімшілік құқық бүзушілік болып саналады да әкімшілік жауаптылық туындайды. Басқаша айтқанда, бүзушының әрекетінде белгілі бір заңдық элементтер болған жағдайда ғана ол әкімшілік жауаптылыққа жатады. Мұндай элементтер әкімшілік құқық бүзушылыктың объектісі, объективтык жағы, субъектісі және субъективтық жағы болып табылады.
№ 6 ДӘРІС
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Дәріс мақсаттары:
1. ҚР азаматтық құқықтын ұғымдармен таныстыру
2. Құқықтық тәрбие
ЖОСПАР
1. Азаматтық құқық ұғымы, пәні, әдісі
2. Азаматтық құқық бастаулары (заңдары)
3 Азаматтық құқық қағидалары
4. Азаматтық құқық объектлері мен субъектлері
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі:
1. Баққұлов С.Д. Құқық негіздері А., 2004
2. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері А., 2001
3. Дулатбеков Н.О. Мемлекет және құқық негіздері Астана, 2001
4. Ашитов З.О. ҚР құқық негіздері А., 2003
5. Төлеугалиев Ғ. И. ҚР Азаматтық құқығы А., 2001
НҚА:
1. ҚР Конституциясы А., 1995
2. ҚР Азаматтық кодексы А., 1994; 1999
Бақылау сұрақтары:
1. Азаматтық құқық қайнар қөздері
2. Азаматтық құқық қатынастары
3. Құқық қабылеттіліқ. Әрекет қабілеттіліқ
4. Азаматтық құқықтық мәмілелері
1. Азаматтық құқық ұғымы, пәні, әдісі
Азаматтық құқық дегеіміз – қоғамдық қатынастарды, яғни тауар - ақша және өзге де мүліқтық қатынастарды сондай- ақ мүліқтық қатынастарға байланысты (байланысты емес) мүліқтық емес жәке қатынастар реттейтін ҚР құқық салалардың бірі
Азаматтық құқықтың пәні:
Тауар- ақша қатынастары;
Мұліқтіқ қатынастар (мұліқ беру жұмы қызмет ақша бағалы қағаздар);
Жеке мүліқтіқ емес мүліқтіқ қатынастарға тығыз байланысты
(интеллектуалдық құқық: авторлық құқық, патент құқығы);
Жеке мүліқтіқ емес мүліқтіқ қатынастарға тығыз байланысы жоқ
(Азаматтарының есімі, жеке келбет құқығы, жеке өмірдің құпиялығы, тұрғын үйге қол сұқпаушылық, азаматтың немесе заңды тұлғаның абыройы, қадыр -қасиеті, искерліқ беделі).
Азаматтық құқықтың эдістемесі
Құқықтың әрбір негізгі саласының өзіне тән құқықтық реттеу әдістемесі болады.
а) азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың жалпы құқықтық жағдайы олардың тауар-ақша және басқа қатынастарына негізделген заңды түрдегі тендігімен сипатталады;
б) азаматтармен заңды тұлғалар өздерінің азаматтық құқықтарына өз еркімен және өз мүддесін қөздей отырып ие болады және оларды жүзеге асырады;
в) тараптар азаматтық құқықтық қатынастарда тең дәрежеде қорғану құқығына ие және қорғанудың белгілі бір мүмкіндігің тандауға еріқті.
2. Азаматтық құқық бастаулары (заңдары)
ҚР азаматтық кодексы, соған сәйкес қабылданғаң ҚР өзге де заңдары мен ҚР Президентінің заң қүші бар Жарлықтарынаң, Парламенттің Сенаты мен
Мәжілісінің сондай-ақ Үкіметінің қаулыларынаң турады
Әдет-ғұрыптар (ісқерлік өрісіндегі әдеттер)
3 Азаматтық құқық қағидалары
Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысшылардың теңдігі
1. Меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық;
2. Шарт еркіндігі;
3. Адамдардың қадыр қасиетіне қол сұқпау;
4. Тұрғын үйғе қол сұқпаушылық
5. Азаматтық құқықты сот арқылы қорғау
6. Азаматтық құқықтарды қедергісіз жүзеге асыру
4. Азаматтық құқық объектлері мен субъектлері
Объектлері:
а) мүліктік игіліқтер мен құқықтарға жататындар: заттар, ақша шетел валютасы құнды қағаздар жұмыс кызмет шығармашылық-интелектуальдық қызметтердің объектіге айналған нәтижелері фирмалық атаулар тауарлық белгілер;
б) жеке мүліктік емес игіліқтер мен құқықтарға жататындар: жеке адамның өмірі денсаулығы қадыр-қасиеті абыройы исқерлік бедел есім алу құқығы
Субъектлері:
а) жеке тұлға
з) баңды тұлға
в) мемлекет
г) әкімшіліқ-аумақтық бөліністер
№ 7 ДӘРІС
МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ
Дәріс мақсаттары:
1. Меншік құқық негізгі ұғымдармен таныстыру
2. Құқықтық тәрбие
ЖОСПАР
1. Меншік құқығының ұғымы
2. Меншік құқығының нысанары мен түрлері
3. Меншік құқықтарға ие болу негіздері
4. Меншік құқығының тоқтатылуы негіздері
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі:
1. Ғ. И.Төлеуғалиев ҚР Азаматтық құқығы А.,2001
2. З.О. Ашитов ҚР Құқық негіздері А., 2003
3. С.Д. Баққұлов Құқық негіздері А., 2004
4. Е. Баянов Мемлекет және құқық негіздері А., 2001
5. Н.О. Дулатбеков Мемлекет және құқық негіздері Астана, 2001
НҚА:
1. ҚР Конституциясы А., 1995
2. ҚР Азаматтық кодексы А., 1994; 1999
Бақылау сұрақтары:
1. Меңшік құқығының элементтері
2. Меңшік құқығының ие болу негіздері
3. Меңшік құқығының тоқтатылу негіздері
1. Меншік құқығының ұғымы
ҚР Азаматтық құқық кодексы (188 -бабы) бойынша меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Иелену құықғы дегеніміз – мүлікті іс жүзінде иелену мүмкіндігінің заңмен қамтамасыз етілуі
Пайдалану құқығы – мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудын,сондай - ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі.
Билік ету құқығы – мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеу мүмкіндігің заңмен қамтамасыз етілуі.
Меншік иесі өзінің мүлкін сақтауға, қорғауға, өзге адамдардың сырттан әрекет етпеуіне тыйым салуына хақысы бар. Егер құқықтары бұзылып жатса, онда затты қайтарып алуға, қалпына қелтіруге, келген залалдың орнын толтыруға құқылы. Меншік құқығының мерзімі шексіз болады. Мүлікке меншік құқығы Азаматтық кодексте қөзделген негіздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкін.
Меншік иесі өзінің пайдаланудың өкілеттік құқығының қалай жүзеге асырады өзі шешеді. Бірақ қоғамдық игілікке қарсы келмеуі керек. Демек, қоғамдық маңызы бар объектіні пайдаланғанда, меншік иесі тек өзінің ғана емес, қоғамның да мүддесін ойлауына тура келеді.
2. Меншік құқығының нысанары мен түрлері
ҚР Конституциясының (6-бабы) бойынша ҚР мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.
ҚР Азаматтық кодекске сәйқес - жеке (191-бап) және мемлекеттік (192-бап) болады.
Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық болып екіге бөлінеді.
Республикалық меншік республикалық қазынадан және заң құжаттарына сәйқес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. (республикалық бюджет қаражаты алтын-валюта қоры мен алмаз қоры жер, табиғи ресурстар жатады).
Коммуналдық меншік жергілікті казынадан және заң құжаттарына сәқес коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. (жергіліқті бюджет қаражаты).
Конституцияның 87-бабында коммуналдық меншікті басқару жергілікті атқару органдарының қарауына жатады деп делінген.
Мемлекет өкілеттігін жүзеге асыра отырып, қарауындағы мүліктерді өзінің органдары мен мемлекеттік заңды тұлғалары арқылы басқарады.
Жеке меншік азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіқтерінің меншігі ретінде көрінеді. Заң кұжаттарына сәйкес азаматтарға немесе заңды тұлғаларға тиесілі бола алмайтың жекелеген мүлік жеке меншікке болуы мүмкін. Жеке меншікте болатын мүліктің саны мен құны шектелмейді.
Меншікке субъектілер: мемлекет, әкімшіліқ-аумақтық бөліністер, заңды тулғалар мен азаматтар бола алады.
№ 8 ДӘРІС
ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Дәріс мақсаттары:
1. Еңбек құқығының негізгі ұғымдармен таныстыру
2. Құқықтық тәрбие
ЖОСПАР
1. Еңбек құқығының ұғымы пәні және әдістері
2. Еңбек құқығының қайнар көздері
3. Еңбек құқығының қағидалары
4. Жеке еңбек шарты
СӨЖ:
1. Еңбек даулары
2. Жұмыс және демалыс уақытының ұғымы, түрлері
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Баққұлов С.Д. Құқық негіздері А., 2004
2. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері А., 2001
3. Дулатбеков Н.О. Мемлекет және құқық негіздері Астана, 2001
4. Ашитов З.О. ҚР құқық негіздері А., 2003
НҚА:
ҚР «Еңбек туралы” заң
«Кәсіптік одақтар туралы»; «Ұжымдык шарт туралы»; «Еңбекті корғау туралы» ҚР Президентінің заңды күші бар жарлықтары ҚР Ұкыметінің каулылары ҚР Консттуциялық Кенесінің және Жорғарғы Сотының нормативтык қаулылары
Министрлыктер мен ведомстволардың нормативтык құқықтық актылері
Бақылау сұрақтары:
1. Еңбек құқығының қайнар қөздері
2. Еңбек құқығының субъектлері
3. Жеке еңбек шарты
1. Еңбек құқығының ұғымы, пәні және әдістері
Еңбек құқығы дегеніміз - жұмысшылардің еңбек қатынастарың және еңбекті қолданнуға байланысты басқа да қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Ол бірлескен еңбек әрекетіндегі жұмысшылар мен қызметшілердің еңбегіне, сондай-ақ жеке еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін жекелеген азаматтардың еңбегіне байланысты туындайтын коғамдық ұатынастарды реттейдіы
Құқықтын бұл саласы азаматтарды жұмысқа қабылдау, басқа жұмысқа ауыстыру және жұмыстан босату, жұмыс уақытының ұзақтығы, еңбекке ақы төлеудің қөлемі мен нысыны, еңбекті қорғаудағы міндетті ережелер, еңбек дауларың қараудың тәртібі және басқа да жайларды айқындайды.
Еңбек құқығының пәні - еңбекке қаблеттілікті іске асыру, еңбекті үйымдастыру мен басқару жөніндегі мемлекеттік және жеке үйымдарда азаматтардың еңбегін қолдану жөнінде қалыптасатын жеке дара да, сондай-ақ ұжымдық та қоғамдык қатынастарды құрайды.
ҚР еңбектік-құқықтық қатынастарды реттеудін төрт негізгі әдісі пайдаланады:
1) Еңбектік-құқықтық қатынастардың шарттық түрде ғана пайда болуы –өзгеруі және тоқтатылуы;
2)Еңбек қатынастарың реттеуде еңбек ұжымдарын және қәсіподақ үйымдарын қатыстыру;
3) Өзара міндеттемелерді орындау мен еңбекті қорғау құқығын қамтамасыз етудін ерекше тәртібі;
4) Еңбек жағдайларын орталықтан мемлекттік реттеу мен жергілікті жерде яғни сол қәсіпорын мекеме үйымның ішіндеғі ережелермен реттеуді үйлестіру әдісі.
2. Еңбек құқығының қайнар көздері
ҚР”Еңбек туралы” заң
Заңдар («Кәсіптік одақтар туралы»; «Ұжымдык шарт туралы»; «Еңбекті корғау туралы» және ҚР Президентінің заңды күші бар жарлықтары ҚР Ұкыметінің каулылары ҚР Консттуциялық Кенесінің және Жорғарғы Сотының нормативтык қаулылары
Министрлыктер мен ведомстволардың нормативтык құқықтық актылері
3. Еңбек құқығының қағидалары
Еңбек ету бостандығы қызмет пен қәсіп түрін еркін таңдау құқығы
Еңбек тәртібін сақтау
Еңбекті қорғау
Демалуға құқығы
Құқықтар мен бостандықтарды заңмен тиым салынбаған барлық әдістермен қорғау құқығы Ең төмен жалақы мөлшерінең кем емес еңбекке ақы алу кепілдігі
4. Жеке еңбек шарты
Жеке еңбек шарты дегеніміз - қызметкер мен жұмыс берушінің арасында жазбаша түрде жасалған екі жақты келсім, яғни кызметкер жұмыс берушінің актісін атқара отырып белгілі бір мамандық, биліктілік немесе қызмет бойынша жұмыс атқаруға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге еңбек ақысың, заңмен және тараптардын, келсіммен көзделген акшалай төлемдерді дер кезінде, толық көлемінде толеуге және еңбек туралы жағдайын камтамасыз етуге міндеттенеді.
Жеке еңбек шартының мерзімі:
- Белгісіз мерзімге
- Белгілі мерзімге
- Белгілі бір жұмысты орындау уакытына немесе жұмыста уакытша болмаған қызметкерді ауыстыру уакытына жасалуы мұмкін
Жеке еңбек шартының мерзімі жеке еңбек шартында және жұмыс берушінің бүйрыгында көрсетілуі тиыс егер көрсетілмесе ол белгісіз мерзімге жасалған еңбек шарты болып табылады
Жеке еңбек шартының тоқтатылуы негіздері:
- мерзімнің аяқталуы;
- тарартардың еркіне байланысты емес мән-жағдайларда (әскери қызмет кайтыс болганда);
- екі жақты келсім бойынша ( 1-ай бүрын ескерту);
- штат қысқартылуы;
- сот қызметкерді әрекеттке қабылетсіз немесе әрекет қабылеті шектелуі;
- Қызметкер жазаға тартылған сот үкімі заңды күшіне еңген жағдайда бүрінғі жұмысты жалғастыру мүмкіндігі болмағанда.
6. Жұмыс және демалыс уақытының ұғымы, түрлері
Жұмыс уақыты - қызметкер жұмыс берушінің ақтылері мен жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыты .
Еңбек туралы заңның 45-бабына сәйкес қызметкердің жұмыс уакытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс. Жеқе еңбек шарттарында тараптардың келісімі бойынша жұмыс уакытының ұзақтығы белгіленген нормадан азырақ көзделуі мүмкін.
Қызметқер жеқе еңбек шартында белгіленген еңбек міндеттерін жұмыс уақыты ішінде орындауға міндетті, дегенмен бұл уақыт нақты жұмыс істелген уақытпен сәйкес келе бермейді.Нақты жұмыс істелген уақыт дегеніміз - жұмыс уақытын есепке алу тізімдігінде көрсетілген жұмыс уақыты. еңбекке ақы төлеу нақты жұмыс істелген уақытқа төленеді.
Қызметкерлер үшін жұмыс күнінің ұзақтығы –
5-күндік жұмыс аптасында - 5 күн – 8 сағаттан,
6-күндык жұмыс аптасында – 5 күн – 7 сағаттан, ал бір күн – 5 сағаттан болып белгіленген.
Қысқартылған жұмыс уақыты ( 46- б Ет З ) .
Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы қызметқердін жекелеген санаттарың еңбегын қорғау,оқу мен өндірісті оңтайлы ұштастыруға жағдай жасау,кәмелетке толмаған
жеткіншектерді және еңбекке қабілеттіліқтері төмендеген тұлғаларды тарту мақсатында белгіленген.
Еңбек туралы заңнамаға сәйқес қызметкерлердін жұмыс
уақытынын қысқартылған узақтығы-
14 жастан 16 жасқа дейінгі қызметкерлерге үшін –
аптасында 24 сағаттан .
16-18 жасқа дейін – аптасына 36 сағаттан .
ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін –
-аптасына 36 сағаттан аспайтын болып белгіленеді .
Толық емес жұмыс қүні.
Ұй шаруасындағы әйелдердін , оқушылардын , мүгедеқтердін , зейнеткерлердін және тағы басқа азаматтардын жағдайларын ескере отырып , олармен жеке еңбек шарты толық емес жұмыс күніне жасалуы мүмкін . Қыскартылған жұмыс күнінен толық емес жұмыс күнінін айырмашылығы мыныда – егер алғашқысында жұмыс күні жалақы азаймай қысқартылатын болса ,толық емес жұмыс күнінде қызметкер жалақысын жұмыс істеген уақытына немесе шығарған өнімнің қөлеміне қарай алады .
Толық емес жұмыс уақыты жағдайында жұмыс істеген қызметкерлердін еңбек құқықтарын көлемі ешкандай шектелмейді .
Түнгі уақыттағы жұмыс .
22 – сағаттан бастап танғы сағат 6 – дейінгі уақыт түнгі уақыт болып есептеледі . Жұмыс уақытының кемінде 50 пайызы түнгі уақытқа келетін аусым түнгі аусымға жатады ( ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 10 .12 .02 ж. № 493 бұйрығымен бекітілген .
Жұқті әйелдерді түнгі уақытта жұмыс істеуге тартуға олардың қелісімімен ғана жол беріледі . Тұнгі уақытта жұмыс істеуге тыим салатын медициналық қорытындысы болған жагдайда өзге де адамдар жіберілмейді.
Демалыс уақыты дегеніміз қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан бос және оны өз қалауы бойынша пайдаланатын уақыты . Оның еңбек заңдарына сәйқес түрлері бар –
- демалуға және тамақтануға арналған үзіліс
- апта аралығындағы демалыс
- мереқе күндері
- жыл сайынғы демалыс
- демалуға және тамақтануға арналған үзіліс
Күнделікті жұмыс ішінде қізметкерге демалу және тамақтану үшін жинақтап алғанда ұзақтығы бір сағаттан кем болмайтын үзіліс беріледі . ( ЕтЗ – 53-бабы) .
Бұл үзіліс жұмыс уақытына еңгізілмейді және оңы қызметкер өз қалауы бойынша пайдаланады. Үзіліс беру уақыты мен оңын ұзақтығы жұмыс берушінің ақтілерінде, жеке еңбек, ұжымдык шарттарда белгіленеді .Түскі үзіліс төрт сағат жұмыс істегеннен кейын беріледі. Өндіріс жағдайлары бойынша үзіліс беру мүмкін емес жұмыстарда жұмыс беруші қызметкерге жұмыс уақытында демалу мен тамақтану мүмкіндігін камтамасыз етуге міндетті .
Еңбек заңының 54–бабында жылдың суық мезгілінде ащық далада, жылу берілмейтін жабық үйжайларда жұмыс істейтін, жұк тиеу -түсіру жұмыстарымен айналысатын қызметкерлерге жылыну және демалу үшін арнаулы үзілістердің берілетіні көзделген. Бүл үзілістер жұмыс уақынына қосылады.
Күн сайынғы демалыс–жұмыстың бітуі мен онын қелесі күнде басталуы арасындағы демалыс күн сайынғы демалыс болып есептеледі. Оның ұзақтығы жұмыс уақытының ережесіне байланысты, бірақ 12 сағаттан кем болмауы тиіс
(Ет З-ның 55-бабы)
№ 10 ДӘРІС
Қылмыстық құқық негіздері
Дәріс мақсаттары:
1. Мемлекет, құқық және мемлекеттіқ құқықтық негізгі ұғымдармен таныстыру
2. Құқықтық тәрбие
ЖОСПАР
1. Қылмыстық құқықтын ұғымы, пәні және әдістері
2. Қылмыстық құқығының қайнар көздері
3 Қылмыстық құқықтын мақсаттары
4. Қылмыс ұғымы, белгілері, санаттары
5. Қылмыстық жазалардың ұғымы, белгілері, жүйесі мен түрлері
ЭДЕБИЕТТЕР:
Негізгі:
1. Баққұлов С.Д. Құқық негіздері А., 2004
2. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері А., 2001
3. Дулатбеков Н.О. Мемлекет және құқық негіздері Астана, 2001
4. Ашитов З.О. ҚР құқық негіздері А., 2003
Қосымша:
НҚА
1. ҚР Конституциясы А., 1995
2. ҚР Қылмыстық кодексы А., 1997
Бақылау сұрақтары:
1. Қылмыстық құқықтын қағидалары
2. Қылмыстық құқықтын жұйесі
3. Қылмыстық жаза
4. Қылмыс құрамы
1. Қылмыстық құқықтын ұғымы, пәні және әдістері
Қылмыстық құқық заңшығарушы органдар қабылдаған қылмыс пен жаза,
қылмыстық жауаптылық негізі, жаза жүйелерін, жазаны тағайындаудын тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды белглейтін заңдылық нормалардын жиынтығы.
Қылмыстық құқық дегеніміз қылмысқер мен мемлекет арасындағы қоғамдық қарым - қатынастарын реттейтін жеке құқық саласы.
Қылмыстық құқық жалпы және ерекше бөлімнен тұрады.
2. Қылмыстық құқығының қайнар көздері
Қылмыстық заң (қылмыстық кодекс) 1 – бабында қөрсетілгендей, қылмыстық
құқықтың бірден-бір қайнар қөзі болып табылады.. Ешқандай да сот прецеденті,
әдет-ғұрып т.б. да актілер қылмыстық құқықтың қайнар қөзі бола алмайды
Қылмыстық жауаптылықты қөздейтін өзге заңдар оларды осы Кодекске
енгізгеннен кейін ғана қолданылуы тиіс.
3. Қылмыстық құқықтын мақсаттары (міндеттері):
- Адам мен азаматтын құқықтарын, бостандыктары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, ҚР конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мұдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, сондай – ақ қылмыстардын алдын алу болып табылады.
4. Қылмыстық құқықтын қағидалары
1. Заңдылық; 2. Заң алдында азаматтардың теңдіғі
3. Жеке жаупкершілік; 4. Әділдік
5. Қылмыстық қудалау шараларын орынды қолдану
6. Демократизм; 7. Гуманизм
5. Қылмыс ұғымы, белгілері:
Қылмыс дегеніміз – Қылмыстық Кодексте жазалау қатермен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауыпты әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік).
Қылмыс белгілері:
1. Қоғамға қауіптілігі; 2. Заңға қайшылығы;
3. Айыптылығы; 4. Жазаланатындығы
Қылмыс құрамының төрт элементі бар:
- Қылмыс объектісі;
- Қылмыстың объективтык жағы;
- Қылмыс субъектісі;
- Қылмыстың субъективтык жағы
Қылмыстарды жіктеу:
ҚР ҚК 10-бабына қөрсетілгендей қылмыс сипаты мен қауыптылык дәрежесіне қарай төрт санатқа бөлінеді: онша ауыр емес ауырлығы орташа ауыр және өте ауыр қылмыстарға жіктеледі:
Қылмыс санаттары
|
Қасақана жасалған қылмыс
|
Абайсызда жасалған қылмыс
|
онша ауыр емес қылмыс
|
Екі жылдан аспайтын
мерзімге
|
Бес жылдан аспайтын мерзімге
|
ауырлығы орташа қылмыс
|
Бес жылдан аспайтын
мерзімге
|
Бес жылдан астам мерзімге
|
ауыр қылмыс
|
Он екі жылдан аспайтын
мерзімге
|
----
|
өте ауыр қылмыс
|
Екі жылдан астам
Мерзімге немесе өлім жазасына
|
----
|
6. Қылмыстық жазалардың ұғымы, белгілері, жүйесі мен түрлері
Жаза дегеніміз – соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбурлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және адамды құқықтары мен бостандықтарынаң ҚРҚК (38- б) қөзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады.
Негізгі:
Айыппүл салу;
Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
Қоғамдық жұмыстарға тарту;
Түзеу жүмыстарға тарту;
Әскери қызмет бойынша шектеу;
Бас бостандығын шектеу;
Қамау;
Бас бостандығынан айыру;
Өлім жазасы;
Қосымша:
- Арнаулы әскери немесе құрметті атағынан сыныптық шен”нен дипломатиялық дәрежесінен біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру;
- Мүлкін тәркілеу
Негізгі де қосымша да жаза болып алатын түрлері (аралас):
- Айыппүл салу;
- Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан
айыру
- Қоғамдық жұмыстарға тарту
Достарыңызбен бөлісу: |