1 ДƏріс. Кіріспе. Қазақстан Республикасында, тмд мемлекеттерінде жəне шет елдерде мұнай өндіру саласының даму болашағы жəне негізгі бағыттары


ДƏРІС. Кен орнын игерудің жəне тұрғызудың жобалары, олардың өзара байланысы



бет2/6
Дата04.11.2023
өлшемі88,5 Kb.
#189599
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дәріс 1-4

2 ДƏРІС. Кен орнын игерудің жəне тұрғызудың жобалары, олардың өзара байланысы

Игеру жəне тұрғызу жобалары туралы түсінік. Кен орнын игеру сатылары.


Жобада қарастырылатын сұрақтар.
Кез-келген кен орынды жобалау игеру жобасын құрастырудан басталады.
Ол келесі бөлімдерден тұрады:

  • мұнай мен газ қорларын есептеу;

  • кен орнын игеру сұлбасын (схемасын) жасау;

  • барлық өнімді қабаттардың (горизонттардың) геологиялық, гидродинамикалық жəне пайдалану сипаттамаларын анықтау;

  • қабат суларының сипаттамасы мен химиялық құрамын анықтау;

  • мұнай мен газдың физикалық-химиялық қасиетін анықтау;

  • айырудың əртүрлі сатысындағы мұнайдың дифференциалды газсыздануы;

  • мұнайды өңдеудің неғұрлым тиімді сұлбасын ұсыну;

  • кен орнын игеру жүйесі бойынша ұсыныстар;

  • игерудің барлық мерзіміндегі əр жыл бойынша мұнайдың сулануын ескере отырып мұнай мен газды өндірудің болашақ жоспарын жасау;

  • жақын жатқан аудандардың мұнайлылық болашағы;

  • ұңғыны пайдалануға енгізу тəртібі мен уақыты жəне оларды пайдаланудан шығару;

  • игеру кезеңінде ұңғылардағы қабаттық, түптік, буферлік (сағалық) жəне құбыр сыртындағы қысымдардың өзгеру динамикасынан;

  • ұңғыларды сусыз мұнаймен фонтандандыру қысымының есебі жəне параметрлері, осыған байланысты ұңғыларды фонтандық тəсілден

механикалық пайдалану тəсіліне ауыстыру қажеттілігі;

  • газ факторын анықтау;

  • қабат қысымын ұстау тəсілін таңдау жəне айдалатын жұмысшы агентінің (су, газ) көлемі мен көрсеткіштерін анықтау;

  • айдау ұңғыларының жұмыс режимі, жұмысшы агентінің (су, газ) негізгі көздері;

  • кен орнын игеру жүйесі бойынша қабылданған техника-экономикалық көрсеткіштер.

Игеру жобасының негізгі міндеттері: жер қойнауын жəне қоршаған ортаны қорғау бойынша жүргізілетін іс-шараларды сақтай отырып максималды мұнай алу жəне бір тонна мұнайды өндіруге жұмсалатын шығынды азайтып кен орнынан жоспарланған өнім алуды қамтамасыз ету.
Мұнай кен орнын тұрғызу жобасы негізгі құжат болып табылады, оның негізінде жинау, кəсіпшілік ішінде тасымалдау жəне ұңғы өнімдерін дайындау кешендерінің құрылысы жүзеге асады.
Ұңғы өнімдері деп ұңғыдан келіп түсетін жəне мұнайдан, қабат суларынан, əртүрлі қоспалардан жəне еріген газдан тұратын көп компонентті заттарды айтады [18].
Ұңғы өнімдерін жинау жəне дайындау жүйесінің негізгі элементтеріне мыналар жатады:

  • өндіру ұңғылары;

  • автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғылары (АТӨҚ);

  • сығымдайтын сорап станциялары (ССС);

  • мұнайды, газды жəне суды жинау мен дайындаудың орталықтандырылған пункті (ОЖП немесе МАДЦ).

Жүйе элементтері өзара бір-бірімен құбырлар арқылы байланысқан.
Мұнай кен орнының тұрғызу жобасын, оның игеру жобасы мен технологиялық сұлбасын негізге ала отырып сол жобалау мекемесі жасайды. Тұрғызу жобасын құрастыру барысында жергілікті жердің географиялық жəне климаттық жағдайы ескеріледі: құрылыстың бар жоғы, сулы кедергілердің болуы, кейбір участкелердің батпақтануы, ауыл жəне орман шаруашылығы үшін жердің құндылығы жəне т.б. Игеру барысында мұнай кенорнының даму көрсеткіші оның толық зерттелуіне байланысты. Кенорнын пайдаланудың барлық мезгілінде игерудің бірінші сатысынан екінші сатысына өтуі кезінде оның негізгі көрсеткіштері толық анықталып жəне жете зерттеледі. Сондықтан тұрғызудың бастапқы кезінде объектілер мен өндірістік қуаттардың құрылысы мен енгізу кезегін анықтап қана қоймай кенорынды игерудің əр сатысында өндірістік қуаттарды біртіндеп дамытуды жүзеге асыру қажет.
Мұнай кен орындарын игеру кезеңдері (сатылары) өлшемсіз уақытқа байланысты мұнай өндіру динамикасы бойынша бөлінеді, яғни жинақталған өндірілген сұйықтың мұнайдың баланстық қорына қатынасымен сипатталады [3, 13] жəне 1.1-суретінде көрініс тапқан.

1.1.Сурет. Мұнай кен орындарын игеру сатылары
І саты - пайдалану кешенін (объектісін) игеру - өнімнің өсу сатысы - ол мұнай өндірудің максималды берілген деңгейге дейін қарқынды өсуімен сипатталады жəне пайдалану қоры шамамен 60-80%-ке дейін ұлғаяды. Ұңғы өнімі аздап суланады (егер мұнай тұтқырлығы 5 мПа×с дейін болса 3 - 4%-ке, ал тұтқырлығы жоғары болса 35%-ке дейін суланады). Бұл сатының ұзақтығы 4-5 жылды қамтиды.
ІІ саты - мұнай өндірудің жоғары деңгейін бір қалыпты ұстап тұру - бұл сатыда 3-7 жыл аралығында мұнай өндірудің жоғары деңгейі тұрақты сақталады, кейде тұтқырлығы аз мұнай кен орындарын игеру кезінде бұл аралық бірнеше жылға созылуы мүмкін. Резервтегі қордың есебінен ұңғылар саны максимумға дейін өседі. Өнімнің сулануы өсе түседі (65%-ке дейін) жəне сулануға байланысты ұңғылардың аздаған бір бөлігі жабылып қалады (тоқтатылады) жəне ұңғылардың көп бөлігі ұңғыны пайдаланудың механикалық тəсіліне ауысады.
ІІІ саты - мұнай өндірудің едəуір төмендеуі - мұнай өндірудің тез құлдырауымен, өнімнің сулануына байланысты (ұңғылар тоқтатылып) ұңғылар қорының азаюымен, ұңғылар қорының барлығын пайдаланудың механикалық тəсіліне ауыстырумен, ұңғы өнімінің 80-85%-ке дейін сулануымен сипатталады, əсіресе тұтқырлығы жоғары мұнай кенорындарында сулану көрсеткіші қарқынды болады. Бұл сатының ұзақтығы алдыңғы сатылардың ұзақтығына байланысты жəне орта есеппен 5-10 жылды құрайды.
Алғашқы үш сатыны игерудің негізгі кезеңі деп атайды. Осы уақыт аралығында кеніштен (алынатын мұнай қорынан) 80-90%-ға дейін мұнай алынады.
ІV саты - игеруді аяқтау сатысы. Ол сұйық алу артып мұнай алу қарқынының баяу төмендеуімен, алдыңғы сатыларға қарағанда өнімнің сулануы тез өсіп, ұңғылар қорының азаюымен сипатталады. Бұл кезең аралығында жалпы өнім алу мұнайдың баланстық қорының 10-20% құрайды. Соңғы сатының ұзақтығы алдыңғы барлық игеру кезеңінің ұзақтығымен салыстырылады. Ол 15-20 жыл немесе оданда бірнеше ондаған жылды құрайды жəне экономикалық тиімділік шегімен (рентабелділікпен) анықталады. Бұл əсіресе ұңғы өнімі 98% суланғанда басталады.
Ескере кететін жағдай осы барлық төрт сатыдан өту барысында мұнай, мұнай газын жəне суды өндірудің бірдей еместігі жəне уақыт өте құбырлар мен қондырғылардағы сұйықтар ағынының құрамы өзгере отырып ұңғы өнімдерін жинау жəне дайындауға арналған кəсіпшілік жабдықтарының жүктелуінің бірдей болмайтындығы байқалады.
Мұнай кенорындарын игеру 30 жылға жəне бірнеше ондаған жылдарға созылатындықтан, уақыт өте ондағы өндіру ұңғыларының саны мен орналасу жағдайы, олардың шығымы, өнімнің сулануы, ұңғыларды пайдалану тəсілі өзгеріп отырады.
Өнімді жинау жəне дайындау жүйесіне келесі талаптар қойылады:

  1. өндіру ұңғыларының өнімін саңылаусыз жинау жəне тасымалдау;

  2. əр ұңғы бойынша мұнай, газ жəне суды автоматты өлшеу;

  3. ұңғы өнімдерін тауарлы өнім нормасына дейін дайындау, оны автоматты бақылау жəне есептеу;

  4. өнімді тасымалдау үшін қабат энергиясын тиімді пайдалану;

  5. технологиялық қондырғылардың беріктігі жəне толық автоматтандырылуы;

  6. негізгі тораптардың блокты түрде жасалып дайындалуы;

  7. күрделі (қаржы) шығындары, пайдалану шығындары жəне металсыйымдылығы (жұмсалған метал) бойынша жоғарғы

экономикалық көрсеткіштерді қамтамасыз ету; 8) жер қойнауын жəне қоршаған ортаны қорғау.
Қазақстан республикасының мұнай кəсіпшіліктерінде жəне шет елдерде жинау жүйесіндегі мұнайды дайындауда біріккен технологиялық операциялар кеңінен қолданылады. Жинау пунктіне дейін ұңғы өнімін жеткізу үшін ағын энергиясын максималды (мол) қолдану мақсатында (көпшілік кен орындарында сағалық қысымның аздығын ескере отырып), сондай-ақ құбырлар торабын азайту үшін негізінен мұнай, газ жəне суды бірге жинау қарастырылған.
Негізгі əдебиеттер: 1[10–18]. Қосымша əдебиеттер: 2[3-9].
Бақылау сұрақтары:

  1. Игеру жобасында қандай сұрақтар қарастырылады ?

  2. Ұңғы өнімін қалай түсінесіз ?

  3. Ұңғы өнімін жинау жүйесінің элементтерін атап беріңіз.

  4. Жинау, кəсіпшілік ішінде тасымалдау жəне ұңғы өнімдерін дайындау кешендерінің құрылысы қандай жобалау құжаты негізінде жүзеге асады?

  5. Мұнай кен орнын орналастыру жобасына қандай негізгі талаптар қойылады?

  6. Мұнай кен орнының орналастыру жобасын жасау үшін қандай мəліметтер қажет?

  7. Мұнай кен орнын игерудің төрт сатысына (этапына) сипаттама беріңіз ?

  8. Мұнай кен орнын игерудің əр сатысының ұзақтығы қандай?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет