1 Дәріс. Кіріспе. «Электронды құралдардың сұлбатехникасы» курсының негізгі түсініктері мен анықтамалары



Дата08.02.2022
өлшемі160,62 Kb.
#119038
Байланысты:
1 дәріс Схемотехника
Doc2, Туна, Дәріс 8

1 Дәріс. Кіріспе. «Электронды құралдардың сұлбатехникасы» курсының негізгі түсініктері мен анықтамалары.

Технологиялық үдерістер режимдерін ұстап тұру мақсатында өз уақытысында қажетті жабдықтарды қосу және ажырату үшін, нақты шарттардың тәуелділігінен дұрыс шешім қабылданады.


Егер әртүрлі шарттың болуы немесе болмауы электр сигналының әртүрлі деңгейінде теңестірсе, онда қабылданған шешімді цифрлік құрылғылар көмегімен логикалық элементтер негізінде іске асыруға болады. Осындай құрылғылар жұмыс шарттары жайында сигналдар жиынтығын логикалық түрлендіруді, технологиялық үдерістерін басқаруды іске асырады.
Логикалық элементтерді сұлбатехникалыққа тәуелділігін іске асыруда, олардың кірерінде және шығарында сигналдар нөлден бөлек болуы, кернеу (оң немесе теріс), не кернеу нөлге жуық болуы керек, ол шартты түрде логикалық бірлікке және нөлге теңестіру қабылданған. Бұл кезде логикалық элементтер жұмысын, логикалық мәнін, шықпалық сигналын F кірмелік сигналдары Х логикалық мәндерінің жиынтығына тәуелділігін сипаттауға болады. Осындай тәуелділікті шынайы кестелер көрсетілімі қабылданған.
Кез келген логикалық түрлендірулер үшін үш қарапайым логикалық элементке ие болудың жеткілікті екенін дәлелдеуге болады, ол үшін келесі операцияларды орындау керек: логикалық терістеу (логикалық емес), логикалық қосу (логикалық немесе) және логикалық көбейту (логикалық және).
Логикалық элемент емес (инвертор) терістеуші логикалық функцияны іске асырады
F = ;

Элемент немесе (дизъюнкторлар) екі кіріске


F = x1 + x2 немесе F = x1x2.

Элемент және (конъюкторлар) екі кіріске


F = x1x2 немесе F = x1x2.

Олардың шартты белгілері уақыттық диаграммалар жұмыстары және шынайы кестелері 10.133–10.135-суреттерде келтірілген.


Іс жүзінде логикалық элементтерді теру кеңінен пайдаланылады. Оларға келесі элементтер қатысады: немесе – емес (пирс нұсқары) 10.136,а-суретте және іске асырушы функция F = ;
Және – емес (шиффер штрихі), 10.136,б-суретте көрсетілген және іске асырушы функциясы F = ;

10.134-сурет

10.133-сурет

10.135-сурет




10.136-сурет

Иплексация (10.136,б-сурет) F = x1 + ;


Тыйым салу (10.136,в-сурет) F = x1 ;
Тең мәнділікті (10.136,г-сурет).
Сұлбатехникалық іске асыру бойынша элементтер сериясын келесі-дегідей ажыратады: ДТЛ [диодты – транзисторлық логика (10.137,а-сурет)], ТТЛ [Транзисторлы. Транзисторлық логика биполярлық транзис-торларда (10.137,ә-сурет)], МДШТЛ [металл диэлектрик шалаөткізгіш транзисторлық логика (10.137,б-сурет)].



10.137-сурет

Логикалық элементтердің жұмыстық қасиеті бірқатар параметрлерін анықтайды: тез әрекет ету – сигналдардың кірмелік және шықпалық күйінің ауысу арасындағы кідіру уақыты (10.132-суретті қара);


Жүктемелік қабілеті немесе тармақталу коэффициенті – кірмелер саны, оларды бір шығуға қосуға болады.
Бөгеуіл орнықтылығы – бөгеуіл кернеудің ең көп рұқсат етілген деңгейі, ол жалған ауыстырып қосуды тудырмайтын сигнал.
Бөгеуілді генерациялау дәрежесі – элементтерді ауыстырып қосу кезіндегі ток тербелісінің қарқындылығы;
Сейілу қуаты – элементтердегі қуат шығыны.

Цифрлық ақпараттарды түрлендіру 0 және 1 логикалық айнымалылары негізінде логикалық ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС элементтері арқылы жүзеге асады. Логикалық элементтердің шартты белгілері - орындалатын операция таңбасы қойылған тіктөртбұрыш, (терістеу операциясының белгісі дөңгелек түрінде болады).



1.1 сурет – Логикалық элементтердің шартты белгілері
Схемаларда 0 және 1 айнымалылары әртүрлі екі кернеу арқылы кескінделеді: Uo және U. Кернеудің екі деңгейінің қайсысы Uo үшін, қайсысы Uүшін қабылдау керектігін келісу керек. Оң және теріс логикалар деген ұғым бар. Оң логикада U1 > Uo, ал теріс логикада U1 < Uо. Ары қарай, егер қателеспесек, оң логиканы қолданамыз.
Бір түрлі логикалық айнымалыларды түрлендіру әртүрлі формаларда: ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС операцияларының көмегімен (буль базисі), ЖӘНЕ-ЕМЕС операциялары (Шеффер базисі), НЕМЕСЕ-ЕМЕС операциялары (Пирс базисі), сондай-ақ басқа да көптеген әдістермен беруге болады. Көбіне Пирс және Шеффер базистері кездеседі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет