– А.Жұмаділдаев. Ол 80-ге жуық ғылыми мақалалардың авторы. Оның мақалалары көптеген шетелдердің, Ресейдің негізгі математикалық журналдарында жарияланып, ағылшын тіліне аударылған. А.Жұмаділдаев мына сияқты бағыттарда тамаша нәтижелерге қол жеткізді:
-Формалды векторлық өрісті Ли алгебраларының ішінде қарапайым емес бас өрістері болатын алгебраларды нақтылап, картандық типтес Ли алгебраларының екінші когомолиясын есептеуді жүзеге асырды;
-Кососимметриялық мультисызықтық ассоциативті емес көпмүшеліктер кеңістігінің сипаттамасын, 0-Алиа және 1-Алиа алгебраларының құрылыстарын жасады, екі жақты Алиа алгебраларының зерттеулерінің Ли алгебраларының коммутативтік коциклдерін зерттеуге байланысты екендігін жүйеледі.
-Дәрежелері 4 және 5-ке тең кососимметриялық теңбе-теңдіктермен анықталатын алгебралардың құрылымдарын бір жүйеге келтіріп, Ли коммутатор жағдайында айқын емес теңбе-теңдіктердің бесінші дәрежеден бастап пайда болатындығын және олардың екіге тең екендігін дәлелдеді, Лейбниц когомолиялары үшін фактор құрды, Лейбниц алгебраларының қарапайымдылығы туралы ұғым енгізіп, оның қасиеттерін зерттеді.
Тың ғылыми жаңалықтарымен әлемдік қауымдастықты таңғалдырып, қазақ халқын қуантып жүрген ғалымдарымыздың бірі - ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Американың математикалық қоғамының жоғары дәрежелі «Мур» сыйлығының иегері – У.Өмірбаев. Ол еркін алгебрадағы Кон және Каргаполов сынды белгілі ғалымдар қойған математикалық мәселелерді шешіп қана қоймай, 30 жылдан бері шешілмей келген Нагата проблемасының түйінін тапты. Оны 1972 ж. жапонның атақты ғалымы Нагата қойған болатын. Ағылшын тілін еркін меңгерген қазақ ғалымы қазіргі кезде АҚШ-тың Дейтройт қаласында дәріс оқып жүр.
Қорытындылай келе, болашақта әлемді мойындатқан осылар сияқты ғұлама ғалымдарымызды саны артып, «Математика» деген қасиетті ғылымның шетсіз де шексіз әлемінің көгінде қазақтың туын тігетін, қазақ ұлтын төрткүл дүниеге паш ететін математиктеріміз көбейе береді деп ойлаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |