1-дәріс. Матрицалар және анықтауыштар



бет2/4
Дата21.01.2022
өлшемі315,5 Kb.
#113050
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
1 лекция Матрицалар және анықтауыштарҚор

Анықтауыштың қасиеттері

1. Анықтауыштың мәні

а) өзгермейді, егер оның жолдарын (бағандарын) сәйкес бағандармен (жолмен) алмастырсақ,

б) таңбасын өзгертеді, егер екі жолдың (бағанның) орындарын алмастырсақ,

в) k (k ) санына көбейтіледі, егер қандай да бір жолдың (бағанның) барлық элементтерін k санына көбейтсек,

г) нөлге тең, егер кез келген жолдың (бағанның) барлық элементтері нөлге тең болса,

д) нөлге тең, егер қандай да бір екі жолдың (бағанның) сәйкес элементтері тең болса немесе пропорционал болса.

2. Анықтауышты жолының (бағанының) элементтері бойынша жіктеу

Қандай да бір жолдың (бағанның) элементтерінің осы элементтің сәйкес алгебралық толықтауышына көбейтінділерінің қосындысы анықтауыштың мәніне тең.

3.Кез келген жолдың элементтеріне басқа бір жолдың сәйкес элементтерін қандай да бір нөлге тең емес санға көбейтіп, қосқаннан анықтауыштың мәні өзгермейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет