1-дәріс: Мәдениет морфологиясы


Мәдениеттің құрылымы және қызметі



бет4/10
Дата07.02.2022
өлшемі41,16 Kb.
#95919
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Лекция 1

Мәдениеттің құрылымы және қызметі. Мәдениеттің құрылымы күрделі және көп қырлы. Ол білім, ғылым, көркемөнер, әдебиет, мифология, имандылық, саясат, құқық, дін жүйелерін біріктіреді. Бұлар бір-бірімен араласа отырып, аса маңызды мәдениет құбылысын құрайды. Мәдениеттің ең негізгі қызметі – адамға қызмет жасау немесе гуманистік қызмет болып табылады.
Аса маңызды қызметі – әлеуметтік тәжірибені тарату. Мұның мәнісі – мәдениет бір ұрпақтың тәжірибесін екінші ұрпаққа, бір кезеңнен екінші кезеңге, бір елден екінші елге жеткізу деген сөз. Сондықтан да мәдениетті «адамзаттың әлеуметтік есі» деп атайды. Мәдени жалғастықтың жойылуы жаңа ұрпақтың әлеуметтік есінің жоғалуына (Ш.Айтматов) алып келіп, жастарды үлкен рухани кедейшілікке ұрындырады.
Мәдениеттің тағы бір маңызды қызметі – танымдық қызметі. Мәдениеттің парасаттылығы – көбінесе өткен кезеңдердің мәдени құндылықтарын пайдалана білу деңгейімен байланысты. Қоғамның барлық түрлері осы жағдайға байланысты бір-бірімен ажыратылады. Кейбір елдер мәдениет арқылы өткен кезеңнің пайдалы тәжірибелерін алып, өз қажетіне шебер қолданады. Мұндай қоғамдар (мысалы Жапония) ғылым, техника, өндіріс салаларында аса зор табыстарға жетті. Кейбір қоғамдар мәдениеттің осы танымдық қызметін дұрыс пайдалана алмағандықтан, дамуы жағынан көп артта қалып қойды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет