1-дәріс: Мәдениет морфологиясы



бет1/10
Дата07.02.2022
өлшемі41,16 Kb.
#95919
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Лекция 1
соч 6кл, соч 6кл

1-дәріс: Мәдениет морфологиясы
Жоспар:

  1. Ғылыми пән ретіндегі мәдениеттану тарихы

  2. Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы

  3. Мәдениет теориялары

  4. Мәдениет типологиясы

  5. Мәдениет және өркениет



Ғылыми пән ретіндегі мәдениеттану тарихы
Мәдениеттану – жалпыадамзаттық және ұлттық мәдени үрдістердің объективтік заңдылықтары, тарихи ескерткіштер, құбылыстар, сондай-ақ адамдардың материалдық және рухани өмірінің оқиғалары мен әрекеттерін зерттеп, зерделеуге негізделген мәдениет туралы ғылым және оның пәні.
Мәдениеттану ғылымы зерттейтін ең негізгі мәселелердің біріне дүниежүзілік мәдениеттің теория мен тарихы жатады.
Мәдениеттану жеке пән ретінде ХІХ ғ. соңғы ширегінде қалыптасты. Өйткені, дәл осы кезде мәдениет пен табиғатты (табиғылықты) қарама-қарсы қою, мәдениетті адам жасампаздығының, шығармасының нәтижесі, туындысы деп түсіну гуманитарлық білім жүйесінде берік орын алды.
Мәдениеттану пәнін тереңірек түсіну үшін аталмыш ғылым саласының нені, қандай құбылыстар саласын зерттейтініне талдау жасау керек.
Мәдениеттану қоғамдағы әртүрлі процестерді: материалдық, саяси-әлеуметтік, көркемдік, моральдық құбылыстарды зерттейді. Мәдениеттанудың мақсаты – мәдениет дамуының жалпы заңдылықтарын, оның қоғамда қызмет етуінің принциптерін, әртүрлі мәдениеттердің ерекшелігін, бірегейлігін, олардың өзара байланысын ашу. Сонымен бірге мәдениеттану қазіргі өркениет келбетін, ерекшеліктерін, заңдылықтарын, мәдениет тарихын, адам бойында мәдени қажеттіліктер мен мүдделердің қалыптасуын, оның мәдени құндылықтарды өндіріп, сақтаудағы және оны келесі ұрпақтарға жеткізудегі рөлін зерттейді.
Мәдениеттану құрылымында екі бағытты бөліп қарастыруға болады. Біріншісі – мәдениет теориясы. Ол мәдениет генезисін, даму заңдылықтарын, мәдениеттің қоғамдық болмыс салалары мен арақатынасын және т.б. теориялық мәселелерді зерттейді. Екіншісі, мәдениет тарихы – мәдениет дамуының негізгі кезеңдерін, оның уақыт пен кеңістік аясындағы келбетін, әртүрлі мәдениеттер арасындағы сұхбаттастықты, сұхбаттастық пен айырмашылықты тануға бағытталған.
Міне, осы тұрғыда мәдениеттану тарих, әдебиет, этнография, өнертану, археология сияқты ғылымдармен тығыз байланыста болады. Аталған ғылым салалары мәдениеттің белгілі бір салаларын зерттейді. Ал мәдениеттанудың олардан айырмашылығы, ол мәдениетті біртұтас, жүйелі құбылыс ретінді қарастырады. Екіншіден, мәдениеттану мәдениетті туынды немесе нәтиже ретінде емес, үнемі дамуда болатын әлеуметтік-тарихи процесс ретінде зерттеуге талпынады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет