1 дәріс. Объектілі бағытталған бағдарламалау түсінігі



бет26/36
Дата11.12.2021
өлшемі79,06 Kb.
#99042
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36
Байланысты:
ОББ

Мұрагерлік.

Мұрагерлік – кластың ұрпақ беру принципі. Ұрпақ – класс өзін тудырған ата – кластың барлық өрістерін, әдістерін және қасиеттерін толық пайдалана алады, жаңарта алады (өрістерден басқа) және оларды жаңа өрістермен, әдістермен және қасиеттермен толықтыра алады. Мұрагерлік принцип класс мүмкіндіктерін жетілдіру проблемасын толық шешеді.

Object Pascal тілінде мұрагерлік принципті іске асырудың нәтижесінде алынған көптеген стандартты кластар бар. Оларды күрделі тармақталған ағаш түрінде көрсетуге болады. Осы ағаштың бастауы 4-ші суретте кескінделнен:



4 сурет. TObject ата­класының мұрлары

TPersistent класына TObject ата­класының барлық мүмкіндіктері мұраға беріліп, оған деректерді файлда сақтай алатын және файлдан ала алатын мүмкіндіктер қосылған. TComponent класы TPersistent ата­класының барлық мүмкіндіктерін иелене отырып, жасақтау ортасымен қарым-қатынас жасай алады. TControl класы жоғарыдағы мүмкіндіктермен бірге экранда көрінетін кескіндерді жасақтап, оларға қызмет көрсете алады. TWinControl класының Windows-терезелерді жасақтай алатын мүмкіндігі бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет