Презентация: тақырыбы:"Тарих және мәдени мұраға деген құнды қытынас"-Тарихи тұлғалардың рөлі"



Дата07.04.2020
өлшемі0,59 Mb.
#61727
түріПрезентация
Байланысты:
esimhanov 0Z

Презентация: тақырыбы:”Тарих және мәдени мұраға деген құнды қытынас”-Тарихи тұлғалардың рөлі” Орындаған:Есімханов. Н. Т Тексерген: Алимгазинова. Ә. Қ

Міржақып Дулатұлы (1885—1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері. 1885 жылдың 25 қарашасында дүиеге келнен. Туған жері — Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы(қaзipri Қостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты "Қызбел" ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлегі болатын

Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып, білімді азамат болып, өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі жалғап, білім алуына ерекше көңіл бөледі. Ауылда туып, ауылда өскен, ауылда оқып, ауылда қызмет етіп, «ауыл мұғалімі» атанған зерделі жас ауыл тұрғындарының ауыр тұрмысын, теңдігі жоқ аянышты хәлін көріп, түңіле түршігіп, тебірене Ұлт үшін қызмет көрсетудің үздік үлгісін көрсеткен арыстардың қатарында Міржақып Дулатұлы да болды. Ахмет Байтұрсынов ұйықтап жатқан елді оятамын деп, “Масасын” ұшырса, Міржақып Дулатұлы “Оян, қазақ!” деп ұран салды.

Бұл кезең патша өкіметінің отаршылдықты қазақ даласында күрт күшейтіп, қалың елге тізесін қатты батырып тұрған шағы болатын. Бұл жағдай сол кездегі қазақтың көзі ашық, оқыған, зиялы азаматтарына қозғау салды. Наразылық туды. Күресудің жолдары қарастырылып жатты. Оның негізгі жолы ретінде оқуға, білім алуға ұмтылыс күшейді. Бірте-бірте халық саяси құбылысқа айналып, ел ішінде отаршыл саясатқа қарсы ұлт-азаттық идеялары туындады. Патшалық Ресей де бірінші буржуазиялық-демократиялық дүмпудің қарсаңында болатын. Езілген еліне ес болуға, жоғын жоқтап, мұңын мұңдауға серт байлайды. Халық ісіне бар болмысымен бүтіндей беріліп , «Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі, Пайдалан шаруаңа жараса, алаш!» деп бар даусымен жар салады. Өз бетінше талпынып, білім жинап, орыс тілін жетік меңгерген Міржақып орыстың озық ойлы азаматтарының еңбектерімен танысуы арқасында замана тозаңын суырып, дүниені дүр сілкіндірер дауылды күндердің тақап келе жатқанын өзгелерден бұрын сезді.

Міржақып Дулатұлы - 1905 жылы патша өкіметіне қазақ халкының атынан петиция жазғандардың бірі. Осы петиция туралы Мұхтар Әуезов те жазған. "1905 жылы Қарқаралыда Ахаң менен біраз оқығандар бас қосып, кіндік үкіметке қазақ халқының атынан петиция (арыз, тілек) жіберген. Ол петициядағы аталған үлкен сөздер: бірінші – жер мәселесі. Қазақтың жерін алуды тоқтатып, переселендерді жібермеуді сұраған. Екінші – қазақ жеріне земство беруді сұраған. Үшінші – отаршылардың орыс қылмақ саясатынан құтылу үшін ол күннің құралы барлық мұсылман жұртының қосылуына болғандықтан, қазақ жұртын мүфтилікке қаратуды сұраған", - деп жазды Әуезов

Бұл сапарынан Міржақып Дулатұлы саяси күрескер ғана емес, шабытты ақын болып оралады. 1907 жылы Петербургте шыққан "Серке" газетінде "Жастарға" деген өлеңін жариялайды. Ал бүркеншік атпен "Біздің мақсатымыз" деген мақаласынан кейін "Серке" газеті біржола жабылады. Газеттің дәл сол санын шығаруға қатысқан адамдардың барлығы жауапқа тартылсын деген үкім шығады. Мақалада Міржақып қазақ халқының басындағы қиын жағдайдың анық себептерін саралап, отарлық саясатты әшкерелеген. Патша өкіметі мақала авторын тұтқындамақ болғанмен бүркеншік аттың иесін таба алмайды

  • Бұл сапарынан Міржақып Дулатұлы саяси күрескер ғана емес, шабытты ақын болып оралады. 1907 жылы Петербургте шыққан "Серке" газетінде "Жастарға" деген өлеңін жариялайды. Ал бүркеншік атпен "Біздің мақсатымыз" деген мақаласынан кейін "Серке" газеті біржола жабылады. Газеттің дәл сол санын шығаруға қатысқан адамдардың барлығы жауапқа тартылсын деген үкім шығады. Мақалада Міржақып қазақ халқының басындағы қиын жағдайдың анық себептерін саралап, отарлық саясатты әшкерелеген. Патша өкіметі мақала авторын тұтқындамақ болғанмен бүркеншік аттың иесін таба алмайды

1909 жылы Қазан қаласында Міржақыптың тұңғыш өлеңдер жинағы "Оян, қазақ!" деген атпен басылып шықты. Бұл кітап жұртшылық арасында ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тез тарап кетеді. Жазушы сол үшін тергеу органдарының бақылауына алынды, ал "Оян, қазақ!" кәмпескеленді. Екі жылдан кейін осы жинақ қайтадан басылып шықты

  • 1909 жылы Қазан қаласында Міржақыптың тұңғыш өлеңдер жинағы "Оян, қазақ!" деген атпен басылып шықты. Бұл кітап жұртшылық арасында ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тез тарап кетеді. Жазушы сол үшін тергеу органдарының бақылауына алынды, ал "Оян, қазақ!" кәмпескеленді. Екі жылдан кейін осы жинақ қайтадан басылып шықты
  • 1912 жылы баспасөз қызметін жалғастырады. Ахмет Байтұрсынұлымен бірге қыр өлкесінің ағартушылық-демократиялық бағыттағы тұңғыш бейресми басылымы – "Қазақ" газетінің негізін қалайды. Ал 1922 жылы ешбір себепсіз абақтыға жабылады. Бірақ Семейден Орынборға жөнелтілген бойда қамаудан босатылады

1922–1926 жылдары Орынбордағы Қазақтың халыққа білім беру институтында (КИНО) оқытушы болып істейді. Екі бөлімнен тұратын "Есеп құралын" әзірлеп, Ташкент қаласында бастырып шығарады. "Балқия" атты төрт перделі пьеса жазады. 1924 жылы Орынборда екі жылдық "Қирағат кітабы" (хрестоматиялық оқулық), Қызылордада "Есеп құралының" жаңа басылымы жарық көрді

  • 1922–1926 жылдары Орынбордағы Қазақтың халыққа білім беру институтында (КИНО) оқытушы болып істейді. Екі бөлімнен тұратын "Есеп құралын" әзірлеп, Ташкент қаласында бастырып шығарады. "Балқия" атты төрт перделі пьеса жазады. 1924 жылы Орынборда екі жылдық "Қирағат кітабы" (хрестоматиялық оқулық), Қызылордада "Есеп құралының" жаңа басылымы жарық көрді

1914 жылы 14 мамырда Міржақып Дулатұлы Омбы қаласында Ғайнижамал Баймұратқызымен отбасы құрды. Ақынның қызы Гүлнар Дулатованың естеліктері бойынша үйлену тойы Омбы қаласына жақын "Коломзино" станциясының мейрамханасында өтті. Тойдан кейін Дулатовтар бірден Орынбор қаласына аттанды.

  • 1914 жылы 14 мамырда Міржақып Дулатұлы Омбы қаласында Ғайнижамал Баймұратқызымен отбасы құрды. Ақынның қызы Гүлнар Дулатованың естеліктері бойынша үйлену тойы Омбы қаласына жақын "Коломзино" станциясының мейрамханасында өтті. Тойдан кейін Дулатовтар бірден Орынбор қаласына аттанды.
  • 1925-1928 жылдары Міржақып Дулатұлы ел астанасы - Қызылорда қаласында тұрған. Сол жерде бірнеше әдеби шығармасын жазды. Сол уақытта Міржақыптың үйіне қазақ зиялыларының белгілі өкілдері, ақындар, жазушылар, әртістер жиі келіп тұратын. Олардың ішінде Нәзипа Күлжанова, Ілияс Байменов, Әлиби Жанкелді, Серке Қожамқұлов, Мұхтар Әуезов, Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Мағжан Жұмабаев, Әлкей Марғұлан, Смағұл Сәдуақасов, Қошке Кемеңгеров, Әлібек пен Әуелбек Қоңыратбаев және тағы басқалар. Қарсақбайдан Қаныш Сәтбаев да жиі қатынап тұрды.
  • Міржақып Дулатұлын қамауға алғаннан кейін көбісі хабарласпай кетті. Алайда Қаныш Имантайұлы қарым-қатынасын үзбеген

Міржақып Дулатұлының көптеген әңгімелері лақап аттармен шыққан. Оның жиі қолданған есімдері: Азамат, Мадияр, Таймінер, Түрік баласы және Арғын баласы.

  • Міржақып Дулатұлының көптеген әңгімелері лақап аттармен шыққан. Оның жиі қолданған есімдері: Азамат, Мадияр, Таймінер, Түрік баласы және Арғын баласы.
  • Қаламгердің алғашқы кітабы "Оян, қазақ!" болса, бір жылдан кейін "Бақытсыз Жамал" романы жарыққа шықты. 1913 жылы Орынборда "Азамат", ал 1915 жылы "Терме" атты өлеңдер жинағы басылды. Ақын өлеңдерінің басты такырыбы—ел тағдыры.

Дулатұлының Абайға арналған алғашқы қысқа ғана мақаласы татардың «Уақыт» газетінде 1908 жылы жарияланған. Ақынның ой-өрісі, білім деңгейі, туған жері, шыққан ортасы айтылып, әдеби мұрасына жалпылама баға беріліп, оның орыс әдебиетімен, әсіресе Лермонтовпен үндестігі ескертілді. 1914 жылы «Қазақ» газетінде басылған «Абай» мақаласы ақынның опат болғанына он жыл толуына орай арналып жазылған. Мұнда әдебиеттің, оның көрнекті өкілдерінің халық тарихында алатын орны айрықша бағаланад

  • Дулатұлының Абайға арналған алғашқы қысқа ғана мақаласы татардың «Уақыт» газетінде 1908 жылы жарияланған. Ақынның ой-өрісі, білім деңгейі, туған жері, шыққан ортасы айтылып, әдеби мұрасына жалпылама баға беріліп, оның орыс әдебиетімен, әсіресе Лермонтовпен үндестігі ескертілді. 1914 жылы «Қазақ» газетінде басылған «Абай» мақаласы ақынның опат болғанына он жыл толуына орай арналып жазылған. Мұнда әдебиеттің, оның көрнекті өкілдерінің халық тарихында алатын орны айрықша бағаланад

Абай қазақтың жаңа әдебиетінің басы, негізін салушы деген тұжырым, алғашқы жарық жұлдыз деген балама. Орыстың бірінші жазушысы Ломоносов деп санап, Абайдың өз халқының тарихындағы орны онымен қатарлас

  • Абай қазақтың жаңа әдебиетінің басы, негізін салушы деген тұжырым, алғашқы жарық жұлдыз деген балама. Орыстың бірінші жазушысы Ломоносов деп санап, Абайдың өз халқының тарихындағы орны онымен қатарлас
  • деген салыстырма жасайды. Абай шығармаларын жариялау, насихаттау, оның есімін мәңгі есте қалдыру үшін мұражайлар салдыру керектігін толғана сөз етеді.
  • Абайдың қазақ халқы тарихындағы мәртебелі орнын басқа елдер әдебиетімен сабақтастықта алып қарап, дәл тауып, дұрыс бағалап берген Дулатұлының келешек заманда ұлы ақынның атақ-абыройы, мерей-даңқы өсіп, жаңа буынмен емірене табысатынын ерекше әулиелікпен көре білген. 

Міржақып Дулатұлы жайлы қызықты деректер

  • Міржақып Дулатұлы жайлы қызықты деректер
  • Міржақып Дулатұлы өткір тақырыптарға өте жылдам жазған. Елдің сұранысын жақсы білетін журналист болды. "Қазақ" газетінің сондай сапада, сондай мазмұнда, сондай биіктен көрінгені де содан;
  • Міржақып Дулатұлы - Алашорда үкіметінің бағдарламасын жасағандардың бірі;
  • Міржақып Дулатұлы - I Дүниежүзілік соғыста қырғынға ұшырап, босқынға айналған елге көмектесу мақсатында қазақ тарихындағы ең алғашқы "Жанар" жәрдем қорын ұйымдастырғандардың бірі;
  • Міржақып Дулатұлы 1921-1922 жылғы ашаршылық кезінде Алаш зиялылары аштыққа ұшырағандарға жылу жинап беруді қолға алғанда осы іске Жүсіпбек Аймауытовпен бірге бірнеше айда 15 мың бас ірі қара жинап, ашыққан елге үлестірген;
  • Міржақып Дулатұлы жазған "Бақытсыз Жамал" шығармасы қазақ әдебиетінде көркем прозалық үлгіде жазылған тұңғыш роман болып саналады.
  • Міржақып Дулатұлы соңғы рет қамауға түскенде Мұстафа Шоқай Сосновец лагеріне Франциядан барған сауда кемесі арқылы оны алып кетпекші болған. Бірақ Міржақып жанұясының тағдырына алаңдап, қашудан бас тартты

Міржақыптың нақыл сөздері

  • Міржақыптың нақыл сөздері
  • Әркім өз қолынан келгенше жомарт;
  • Артықтан тағылым ал, кемге – үйрет;
  • Ағайын – арзан, пұл – қымбат;
  • Болғанда бойда қуат жүрген жақсы, Аяғың бір күн қылдан кетер тайып. Басыңды тауға да соқ, тасқа да соқ, Отырма бір орында құр мұңайып;
  • Халықтың жайын, салтын, рәсімін, тілін білмейтін сот – сот емес, сор;
  • Сот түзелмей – халық түзелмейді;
  • Алла жақын кеудеде оты барға;
  • Аршын жұтқан кісідей кекірейме;
  • Заң әдет-ғұрыпқа қайшы келсе – үлкен аяққа тар етік кигенмен бірдей;
  • Халық тағдыры – карта ойыны емес;
  • Дос емес дос сыртынан жамандаған;
  • Құл десең биді – күледі, Құл десең құлды – өледі;
  • Қызығы бұл жалғанның – мал менен бас

1928 жылы 28 желтоқсанда Міржақыпты тағы қамауға алды. Қызылорда түрмесінде көршілес камерада Жүсіпбек Аймауытұлы мен Ахмет Байтұрсынұлы да отырған.

  • 1928 жылы 28 желтоқсанда Міржақыпты тағы қамауға алды. Қызылорда түрмесінде көршілес камерада Жүсіпбек Аймауытұлы мен Ахмет Байтұрсынұлы да отырған.
  • 1929 жылы тергеу кезінде Міржақып Дулатұлы соңғы сөзін айтты.
  • "Өз елімнің болашағы үшін мен барлық мүмкіншілікті қолдауым қажет. Егер де мен қателессем, елмен бірге қателесем. Ерте ме, кеш пе ақиқат үстем болып шығады", - деді ол.

Дулатұлы өлім жазасына кесілді, бірақ оның өлім жазасын бас бостандықты 10 жылға айырумен алмастырды. Алдымен екі жыл бойы Бутыр түрмесінде отырды. Артынан Сосновец лагеріне айдалды.

  • Дулатұлы өлім жазасына кесілді, бірақ оның өлім жазасын бас бостандықты 10 жылға айырумен алмастырды. Алдымен екі жыл бойы Бутыр түрмесінде отырды. Артынан Сосновец лагеріне айдалды.
  • Лагерьде жүрсе де, шығармашылықтан қол үзбеді. Түркі-орыс сөздігін жазды. Міржақып осы оқу құралын мыңдаған қазақ, қырғыз және басқа түркі тілдес елдердің өкілдері үшін жазып берген. Арестанттар оны өз қолымен көшіріп жазып таратқан, өйткені олардың көбісі сол уақыттағы өмірлік маңызы бар орыс тілді білмеген.
  • Міржақып Дулатұлы лагерьде қазақ мектептеріне арналған геометрия оқулығын да жазып шықты. Ал өзінің емшілік қасиеттерін көрген соң, аса табысты нәтижелермен қамалғандарды емдеді.
  • 1935 жылы қазанның бесі Міржақып Дулатұлы лагерьдің орталық лазаретінде дүние салды

Қорыта айтсам Міржақып Дулатұлы Қазақ халқының ұлы тұлғасы деп айта аламыз. Сонау 20-ғасырдың бас кезінде қиың заманда, Қазақ көгінде күндей сәуле беріп, жарқырап шығуды көздеді, және шықтыда. Саналы ғұмырың ұлт мүддесі үшін арнап өтті. Кеңестік репрессияның құрбаны болды.БІЗ ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАРымызды ұмытпауымыз керек. Менің ойымша Міржақып дулатұлының еңбектерін әрбір қазақ оқу керек деп ойлаймын. Ол кісінің өлеңдер жинағын қайтадан басып шығарып, әрбір мемлекеттік мекемеде немесе ұлтжанды адамдардың үйінде ілініп тұрса жақсы емеспе? Ол өлең жолдарын оқып рухтанары , ойға келері аңық. Және Міржақып Дулатұлына арнап жылсайын шығармаларыннаң жастар арасында оқытып, пікірталасқа салып отырса игі іс қой.

Міржақып дулатұлының өлеңдерің, шығармаларың көпшілік арасында таратып, ұмыттырмай ары қарай таратудың төмендегідей жолдарын ұсынар едім: - Өлеңдерін арнайы жинақ-кітап ретінде шығарып, Мектеп, жоғары оқу орындарына тарату - Газет-журналдарда шығармаларынан үзінділер шығарып отыру -Және әлеуметтік желілілерде Міржақып дулатұлының өлең жолдарын оқудан эстафета челлендж ұйымдастыру. -

Туған күнің 25 қарашаны арнайы естелік алғыс күн ретінде өткізу, яғни телеарналарда әлеуметтік желілерде Міржақып Дулатұлының өмір баяның, шығармашылығымен таңыстыратын танымдық теле немесе You tube каналдарда видеоматериалдар шығару.

Міне менің азда болса ұсынған бастамам осы, енді жоғарыда аталғандарды іске асыру біздің міндет-парызымыз.

Алыстан Алаш десе аттанамын, Қазақты қазақ десе мақтанамын. Болғанда әкем қазақ, шешем қазақ -

  • Алыстан Алаш десе аттанамын, Қазақты қазақ десе мақтанамын. Болғанда әкем қазақ, шешем қазақ -
  • Мен неге, қазақтықтан сақтанамын?!

Пайдаланылған әдебиеттер (матЕриалдар)

1.https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%25D0%259C%25D1%2596%25D1%2580%25D0%25B6%25D0%25B0%25D2%259B%25D1%258B%25D0%25BF_%82%25D2%25B1%25D0%25BB%25D1%258B&ved=2ahUKEwjzloTdpcroAhWZ7KYKHdN1AFMQFjAAegQIAxAB&usg=AOvVaw3aru_rLXd74Wrzu04_oK-C

2.https://adebiportal.kz/kz/authors/view/705&ved



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет