1 дәріс. Объектілі бағытталған бағдарламалау түсінігі



бет2/36
Дата11.12.2021
өлшемі79,06 Kb.
#99042
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
ОББ

Бақылау тапсырмалары

  1. Объектілі бағытталған бағдарламалау түсінігі

  2. Объектілі-бағытталған бағдарламалаудың шығу кезеңдері

  3. Объектілі-бағытталған бағдарламалаудың негізгі принциптері.

2 дәріс. Программалау тілдерінің негізгі құрылымы мен таралуы. Алгоритмдер мен программалар жасақтау әдістері.

Программалау тілдері және олардың жіктелуі

Программалау процесі келесі этаптардан тұрады:



  1. есептің математикалық қойылуы және математикалық моделін таңдау;

  2. есеп шешімін табудың жуық (сандық) әдісін құру, есептеу алгоритмін жазу;

  3. есептеу алгоритмін программалау;

  4. компьютерде есептеулер жүргізу;

  5. Алынған сандық нәтижлерді талдау және математикалық моделін дәлдеу.

Программалау қадамында біз адам мен машина арасындағы "өзара түсінісушілік" мәселесімен еріксіз кездесеміз. Екілік код түріндегі ақпаратты орталық процессор өңдейді, ал жады биттер тізбегі түрінде сақтайды. Ал адамға мұндай программалар мен деректерді кодтау тиімсіз және көп уақыт алады. Осы мақсатта машиналық кодқа қарағанда неғұрлым түсінікті және адам тіліне ұқсас "жоғары деңгейлі" тілдер ойлап табылды. Бұл тілдердің қатаң синтаксистік және грамматикалық ережелеріне қарамастан, орталық процессор оларды "түсінбейді", ол тек қана машиналық тіл командаларын ғана "түсінеді". Сондықтан, "жоғары деңгейлі" тілдерде жазылған программаны машиналық тілде жазылған, оларға эквивалентті программаға аударатын, транслятор немесе компилятор деп аталатын арнайы жүйелік программалар құрылды.

Нақтырақ программалау процесі келесі 4 этаптан тұрады:



  1. Программа мәтінін мәтіндік редакторда теру – нәтижесінде текстілік файл (бастапқы модуль);

  2. компилятор көмегімен бастапқы модульді компиляциялау – нәтижесінде: не синтаксистік қате бар-жоқтығы туралы хабар беріледі, не машиналық кодта жазылған программасы бар екілік файл құрылады (объектілік модуль);

  3. объектілік модулді компоновка жасау, ол жүйелік функцияларды тіркейді және объектігек модулдің адресін қайта қалыпқа келтіреді. Нәтижесінде: қате бар-жоқтығы туралы хабар беріледі, не орындалатын программасы бар орындалатын файл құрылады;

  4. айнымалылардың ағымдық мәндерін қарау мен алгоритмдік қателерді табуға көмектесетін, қадам бойынша орындау процесін автоматты іске қосатын (трассировка) орындаушы (отладчик) арқылы орындалатын программаны орындау.

Талдаушының интегралданған ортасы (IDE) жоғарыда аталған 4 жүйелік программаны біріктіреді және олармен ыңғайлы диалогтық режимде жұмыс жасауға мүмкіндік береді.. IDE жалғыз turbo.exe файлында орналасады, бұдан басқа жүйелік кітапхананы қамтитын turbo.tpl файлы (Turbo Pascal Library) қажет. turbo.exe файлы басқа да орындалатын файлдар сияқты іске қосылады.

IDE іске қосылғаннан кейін экранда меню мен текстік редактор пайда болады. Менюді F10 пернесі немесе Alt+меню командасының белгіленген әрпі тізбегін басу арқылы іске қосуға болады. Менюден шығу және текстік редакторға қайту үшін Esc пернесін қолданады. Жиі қолданылатын командалар орнына пернелер тізбегін қолданған тиімді.

Ең қажет командалар: түзетілген текстік файлды сақтау (үнсіз келісім - .pas типті) - F2; редактор терезесіне файлды жүктеу - F3; жай программаны компиляциялау - Alt+F9 немесе F9 (орындалатын программа дискідегі .exe–файлға жазылуы үшін CompileDestination менюіндегі Disk командасын іске қосу); программаны іске қосу - Ctrl+F9; нәтижені көру - Alt+F5 (IDE терезесін шығару – кез келген символдық перне); қадам бойынша орындау - F7 немесе F8; айнымалы мәнін қарау терезесіне шығару - Ctrl+F7 (терезелерді орналастыру үшін Window – Cascade менюі); IDE – ден шығу- Alt+X.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет