for <Параметр>:= <1-ші өрнек> to <2-ші өрнек> do <Оператор>;
және
for <Параметр>:= <1-ші өрнек> downto <2-ші өрнек> do <Оператор>;
Параметр - ретті типтің айнымалысы - циклдың параметрі деп аталады. Ал сол типке жататын 1-ші және 2-ші өрнектердің мәндері параметрдің сәйкес алғашқы және соңғы мәндері болып табылады. Цикл орындалғанда, параметр өзінің алғашқы мәнінен бастап соңғысына дейінгі барлық мәндерді ретімен қабылдай отырып, операторды да қайталап орындай береді. Бірінші циклда параметрдің мәні (реттік нөмірі) 1-ге артуы, ал екіншісінде - 1-ге кемуі тиіс. Сондықтан, бірінші циклда параметрдің алғашқы мәні соңғысынан артық болмауы, ал екіншісінде кем болмауы керек.
Ескерту. Цикл операторында параметрдің мәнін өзгертуге жұмыстану, алдын ала болжанбайтын жағдайларға соқтыруы мүмкін. Цикл орындалып болғанда параметрдің мәні анықталмайтын болып қалады.
Параметрлі қайталау операторларының мысалдары:
1) for i:=100 downto 1 do
if (p mod i = 0) then begin n:= i; Break; end;
2) for i:=1 to n do
begin
s:= sqrt(i);
if Frac(s) <> 0 then Continue;
if Round(s) mod 2 = 0 then n:= n + 1 else m:= m + 1;
end;
3) for i:= 1 to 10 do
for j:= 1 to 5 do
begin mas1[i, j]:= i*j; mas2[i, j]:= i/j; end;
Алғышартты қайталау операторын қайталау саны белгісіз және цикл операторы бірде-бір рет орындалмауы мүмкін болатын жағдайда пайдаланған жөн. Оның пішімі:
Достарыңызбен бөлісу: |