1 ДӘріс. ҚОҒамдық тамақтандыру кәсіпорындарының Қызметтері және оларғА Қойылатын талаптар


ДӘРІС.АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ САЛАСЫНДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАСАҒАН ЖАҢА ӨНІМДЕРІН ПАТЕНТКЕ ҰСЫНУ



бет100/105
Дата22.12.2021
өлшемі163,16 Kb.
#127466
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   105
Байланысты:
ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚ.1-14 Дәріс.

14 ДӘРІС.АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ САЛАСЫНДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАСАҒАН ЖАҢА ӨНІМДЕРІН ПАТЕНТКЕ ҰСЫНУ.

ЖАРИЯЛАНЫМДАР ЭТИКАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Ғылыми жарияланымдардың авторын басшылыққа алатын принциптер.

Автор немесе авторлардың тобы ғылыми зерттеулер нәтижелерінің жаңалығы мен сенімділігі үшін бастапқы жауапкершілікті сезінеді, бұл келесі принциптерді сақтауды білдіреді:

- Мақала авторлары зерттеудің сенімді нәтижелерін қамтамасыз етуі керек, белгілі бір қателіктер немесе жалған мәлімдемелер қабылданбайды;

- авторлар ұсынылған қолжазбаға енгізілген зерттеу нәтижелерінің түпнұсқалық екендігіне сенімді болу керек;

- автор басқа журналға жіберілген және қарастыру жағдайындағы қолжазбаны ұсынбауы керек;

- мақаланың қосалқы авторлары зерттеуге елеулі үлес қосқан барлық тұлғаларды көрсетуі керек, авторлар арасында зерттеуге қатыспаған тұлғаларды көрсетуге жол берілмейді;

- көшіріліп алынған үзінділер немесе мәлімдемелер міндетті түрде авторы және түпнұсқа дереккөздің көрсетілуімен ресімделеді;

- көшіріп алу, сондай-ақ кез келген нысандағы плагиатқа жол берлімеуі тиіс;

- егер ғылыми мақаланың элементтері бұрын жарияланған болса, автор бұрын шығарылған туындыға сілтеме жасауға міндетті, өз шығармаларын көшірмелеуге жол берілмейді, олар тек жаңа тұжырымдар жасауға негіз бола алады. Патент (лат. patents – ашылым). Мемлекеттің жеке адамға (фирмаға) беретін және онын өнертапкыштыкты белгілі бір мерзім ішінде пайдалануына ерекше құқықты мойындауды қамтамасыз ететін құжат. Салық төлеушілердің жекелеген топтары үшін жеңілдетілген салық режимін тағайындайтын құжат; белгіленген шарттарды сақтау мен төлемді енгізу (патенттік алым) кезінде, белгілі бір қолөнер кәсібі немесе тірлікпен (сауда, тауарды сатып алу және т.б.) айналысуға рұқсат беретін құжат.

Тағам өнімдері - адамның тамаққа пайдалануына арналған жануардан, өсімдіктен, микробиологиялық, минералдық, жасанды немесе биотехнологиялық жолдармен алынған табиғи немесе әртүрлі тәсілдермен өңделген түрдегі өнімдер.

Тамақ өнімдерін дайындауда - қайта өңдеу (өңдеу) жылумен өңдеуді (мұздатудан және салқындатудан басқа), консервілеуді, пісуді, ашытуды, тұздауды, кептіруді, маринаттауды, концентрациялауды, экстракциялауды қамтитын үдерістердің үйлесуі.

Мамандандырылған тамақ өнімдері:

• балалардың тамақтануына;

• спортшылардың тамақтануына;

• диеталық профилактикалық немесе диеталық емдік тамақтануға;

• тұтынушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, басқа да санаттағыларға арналуы мүмкін.

Тағам өнімдері адам ағзасында мынадай функцияларды атқарады:

• энергияға;

• қорек көзіне;

• биологиялық белсенді заттарға қажеттілігін қанағаттандырады;

• иммунитетті қалыптастыруға қатысады;

• зат алмасуды реттейді.

Көрсетілген функциялар адам ағзасында энергия көздері, организм мен ұлпалар құру, өсіру және жаңарту, тіршілік ету процестерін реттеуге қатысатын физиологиялық белсенді заттардың пайда болуы үшін субстраттардың көздері немесе алғызаты ретінде пайдаланылатын тамақ өнімдерінің құрамдас бөліктері болып табылатын әртүрлі нутриенттермен (тамақ заттармен) жүзеге асырылады.

Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі және оны бағалаудың негізгі көрсеткіштері

Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі проблемасы – күрделі кешенді проблема болғандықтан оны шешу үшін биохимик ғалымдар, микробиологтар, токсикологтар тарапынан да, өндірушілер, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер, мемлекеттік органдар мен тұтынушылар тарапынан көп күш - жігерді талап етеді.

Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі проблемаларының өзектілігі жыл сайын артып келеді, өйткені азық - түлік шикізаты мен тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету адамдардың денсаулығын және гендік қорды сақтауды айқындайтын негізгі факторлардың бірі болып табылады.

Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің жоғары деңгейі тәуекелдерді барынша азайтудың жетілдірілген жүйесін құру нәтижесінде қамтамасыз етілуі мүмкін. Өз қызметінің ерекшелігін ескере отырып, осы жүйенің жауапты тараптары ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі, сауда кәсіпорындары, бақылау органдары, ғылым және саясат болып табылады.

Сонымен қатар, тіршіліктің басқада салаларындағы сияқты, азық-түліктің қауіпсіздік кепілдігін жүз пайыз қамтамасыз ету іс жүзінде мүмкін емес, өйткені тамақ өнімдерін өндіру күн сайын дамып келеді.

Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі деп оларды пайдалану кезінде адам денсаулығы үшін қауіптілігі тұрғысынан қатты жағымсыз әсер етуі (тағамдық улану және тағамдық инфекциялар), әртүрлі кейін көрінетін зардаптардың (канцерогендік, мутагендік және тератогендік әсер) тұрғысынан да қауіптіліктің болмауы деп түсіну керек. Басқаша айтқанда, қазіргі және болашақ ұрпақтың денсаулығына зиянды, қолайсыз әсер етпейтін тамақ өнімдерін қауіпсіз деп санауға болады.

Адам ағзасына азық - түлікпен бірге оның денсаулығына қауіпті заттардың едәуір мөлшері келіп түсуі мүмкін. Сондықтан тұтынушылардың денсаулығы үшін олардың қауіпсіздігіне кепілдік беретін тамақ өнімдерінің сапасын бақылаудың тиімділігі мен объективтілігі үшін жауапкершілікті арттыруға байланысты өзекті проблемалар болып тұр. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі биологиялық объектілерді, қауіпті химиялық қосылыстарды, радионуклидтер мен зиянды өсімдік қоспаларын қамтитын гигиеналық нормативтер бойынша бағаланады. Олардың тамақ өнімдерінде болуы зерттелетін өнімнің көрсетілген салмағында (көлемінде) рұқсат етілген деңгейден аспауы тиіс.

Көрсетілген қауіпсіздік көрсеткіштері өнімнің 11 тобы үшін белгіленген:

1. ет және ет өнімдері; құс, жұмыртқа және оларды қайта өңдеу өнімдері;

2. сүт және сүт өнімдері;

3. балық, балық өнімдері және олардан өндірілетін өнімдер;

4. астық( тұқым), ұн-жарма және нан-тоқаш өнімдері,

5. қант және кондитерлік өнімдер;

6. жеміс-көкөніс өнімдері;

7. майлы шикізат және майлы өнімдер;

8. сусындар;

9. басқа өнімдер;

10. тағамға биологиялық белсенді қоспалар;

11. балалар тағамы.

Тамақ өнімдеріне қойылатын гигиеналық талаптар

Азық-түлік өнімдеріне қойылатын гигиеналық талаптардың мәні олардың адамның физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетіне негізделеді:

органолептикалық көрсеткіштерде, белоктарда, майларда, көмірсуларда, витаминдерде, минералдық элементтерде, энергияда (тағамдық құндылығы);

2. тамақтың алмастырылмайтын аминқышқылдары мен минорлық компоненттерінің (биологиялық құндылығы);

3. қауіпті химиялық, радиоактивті, биологиялық заттар мен олардың қосылыстары, микроорганизмдер мен басқа да биологиялық организмдердің құрамы бойынша адам денсаулығы үшін қауіпсіз болуы тиіс. Азық-түлік құндылығының міндетті гигиеналық талаптары тек ет пен құстың қайта өңделген жеке өнімдері, сиыр майы, сондай-ақ жеміс және көкөніс шырындары үшін ғана белгіленген.

Тамақтанудың негізгі ережелері

Біріншіден,асықпай тамақтану керек;

Екіншіден,асты дұрыс шайнау керек;

Үшіншіден,жегің келмесе-жеме.Өте жиі біз инерция үшін,біреуге серік болу үшін,тіпті қорға жиналсын деп тамақтана береміз.Белгілі тамақтану мезгілін (режимін) ұстануымыз керек;

Төртіншіден,тиімді және дұрыс тамақтану;

Бесіншіден,Зиянды тағамдардан аулақ болу;

Дұрыс тамақтану ережелері:

• Тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады;

• Тамақты асықпай, мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтап жеу керек. Тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне 5 рет қабылдаған жөн;

• Таңертеңгі асты мұқият ішу қажет. Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда ағзадағы қант азайып кетеді.

Дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары:

Тағамның құрамында негізгі қоректік заттар (белок, көмірсу, май) болуы тиіс.

2. Тамақ рационында (дәрумендер, тағамдық талшықтар) болуы тиіс.

3. Тәулік бойы тамақтану тәртібін, мөлшерін сақтау.

4. Тағамдар санитарлық-гигиена талаптарына сәйкес болуы керек.

Зиянды тағамдардан сақтаныңыз

1. Майға қуырылған картоп (чипсы).
2. Газды сусын.
3. Фаст-фуд.
4. Майонез.
5. Тұз және қант.
6. Алкоголь.
7. Шұжықтар.
8. Қуырылған тағамдар.
9. Тәттілер.
10. Ақ нан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет