1 Дәріс орта ғасырлардағЫ Қазақстан тарихнамасы. Деректерге сипаттама



бет1/2
Дата31.05.2023
өлшемі18,58 Kb.
#178089
  1   2
Байланысты:
1 лекция


1 Дәріс
ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХНАМАСЫ. ДЕРЕКТЕРГЕ СИПАТТАМА



  1. Ерте және кейінгі ортағасырлық Қазақстан тарихының деректері

  2. Дамыған орта ғасырдағы Қазақстан тарихы бойынша деректер

Ежелгі дәуірдегі, ерте және кейінгі ортағасырлардағы Қазақстан тарихы жөніндегі мәліметтер түрлі тілдерде: көне парсы, көне грек, латын, қытай, түрік, араб, парсы, түрік тілдерінде жазып қалдырған.


Қазақстан халықтарының тарихы жөніндегі ежелгі жазбаша деректеме I Дарий және Ксеркс патшалардың Ахеменид державасында қолданылған негізгі үш тілде: көне парсы, элам және аккад тілдерінде жазылған ежелгі пасы жазбалары болып табылады.
Көне парсы жазбаларында тарихи-географиялық деректерден басқа, антик деректемелерінің мәліметтерін тексеруге және оларды нақтылай түсу үшін біраз материал береді. Бастапқыда, шамамен 1000 жыл бойы ауызша беріліп келген Авеста, Сасанилер кезінде қалыптасқан парсы әліпбиімен, соның негізінде жасалған фонетикалық жазбамен тұңғыш рет бір ізге салынған. Ортаңғы Иран ескерткіштері- парфяндар тілінен бастап, иран тіліндегі эпиграфикалық және нарративтік деректемелер осылай аталады.
Антик тарихнамасы неғұрлым мазмұнды. Қазақстанның тұрғындары туралы мәліметтер ертедегі Грецияға Персия арқылы, сондай-ақ Қара теңіз өңіріндегі грек отарлары арқылы жетіп тұрды. Геродот қазақтар туралы, яғни көшпелі скифтер туралы өзінің төртінші кітабында арнаған. Ктесийдің еңбектерінде ахеменидтердің тарихы жөнінде бірқатар құнды деректер бар, «Персия тарихы» деген бұл шығарманы Диодор, Үлкен Плиний, Клавдий Юлиан сияқты авторлар деректеме ретінде пайдаланған. Қазақтар тарихы үшін Страбонның «География», Птоломейдің Сыр бойын Скифия деп атап, географиялық координаттар беруі маңызды мәліметтер болып табылады.
Б.з.б. II ғ. бастап Қазақстан тарихын зерттеуде Қытай деректемелері, соның ішінде алғашқы мәліметтер император У-ди тұсында Чжан Цянь «батысқа» саяхат жасап, Шығыс Түркістан туралы мәліметтер жинақтайды. Сыма Цянның «Тарихи жазбалар» деген еңбегінде, Қытайдың аса көрнекті ғалымы Суюн Сю бастаған авторлар ұжымы «Таң әулетінің жаңа тарихын» жазып, хроникада батыс түріктер, түркештер, олардың саяси тарихы мен этнонгиясы туралы мәліметер беріледі.
Жібек жолының гүлденуі Қытайда Тан әулеті билік еткен кезеңде (618-907 жж) тұстас келді. Орта Азия халықтары, олардың тарихы қытайлық екі үлкен жылнамада кездеседі. 1-ден, «Тан әулетінің ескі тарихын» (Цзю Таншу) Қытайдың бөлшектенуі кезеңінде – авторлар тобы, ал 2-сін, «Тан әулетінің жаңа тарихын» (Синь Таншу) Сун дәуірінде (1043-60 жж) қытайдың аса көрнекті ғалысы әрі ақын Суян Сю (1007-72 жж) бастаған авторлар ұжымы жазып қалдырған. Бұл жылнамаларда Батыс түркілер, Түргеш қағанды,ыгығ құрылуы мен олардың ыдырауы туралы саяси тарихы пен этнографиялық мағлұматтар берілген. Сол сияқты ХІІІ ғасырдағы тарихы оқиғалар жөнінде буддист Сюань Цзан жазбалары дәлірек айтады. «Ұлы Тан әулеті кезіндегі батыс өлкесі туралы жазбалар» аталатын еңбегінде ол қаған сарайлары, түркі тайпаларының саяси тарихы, мәдениеті және басқада көптеген мағлұматтарды табуға болады. Ерте және ортағасырлардағы қытай деректемелері сыңаржақ болғанына қарамастан, Қазақстанның тарихы мен мәдениетін зерттеуде ерекше құнды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет