Дәріс 5. Заттар және олардың қасиеттері. Табиғат ресурстары. Жоспар
1. Заттар және олардың қасиеттері.
2. Табиғат ресурстары.
Табиғат ресурстары және олардың түрлері
/География /Табиғат ресурстары және олардың түрлері
Табиғат ресурстары — табиғат элементтері, барлық табиғи шарттар жиынтығының бір бөлігі және қоғам мен қоғамдық өндірістің әртүрлі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін өндірістік күштердің берілген даму деңгейінде пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін табиғи ортаның маңызды құрамдас бөлшектері. Табиғи ресурстар оның үдерісі кезінде пайдалануға және кейіннен қайта өңдеуге ұшырайтын табиғатты пайдалану нысаны болып табылады. Табиғат ресурстарының басты түрлері — Күннің қуаты, Жердің ішкі жылуы, су, жер және минералдық ресурстар — еңбек құралдары болып табылады. Өсімдік ресурстары, жануарлар әлемі, ауызсу, жабайы түрде өсетін өсімдіктер — тұтыну заттары болып табылады. Ресурстардың табиғи шығу тегін, сонымен қатар олардың зор экономикалық мәнін ескере отырып, табиғат ресурстарының келесі жіктеулері зерттеліп әзірленген (8-сурет).
Табиғат ресурстарының түрлері — табиғат ресурстарын табиғаттық топтар бойынша жіктеу: минералдық (пайдалы қазбалар), су, жер (оның ішінде топырақты), өсімдік (оның ішінде орманды), жануарлар әлемі, ауа райы, табиғи үдерістер қуатының ресурстары (Күн жарығы, Жердің ішкі жылуы, жел қуаты және т.б.). Өсімдіктер және жануарлар әлемі ресурстары көбінесе биологиялық ресурстар түсінігіне біріктіріледі.
Табиғат ресурстарының экологиялық жіктемесі ресурстар қорларының сарқылу және жандану белгілеріне негізделген. Сарқылу түсінігі табиғат ресурстары қорларын және олардың шаруашылық қажетіне алынуы мүмкін көлемдерін есептеу кезінде пайдаланылады. Осы белгі бойынша келесі ресурстар бөлек көрсетіледі: сарқылмайтын — қазір немесе болашақта адамның пайдалануы барысында олардың қорларының көзге көрінетіндей жұтаңдауына алып келмейтін ресурстар (Күн жарығы, Жердің ішкі жылуы, су, ауа энергиясы); сарқылатын жанданбайтын — үздіксіз пайдаланылуы себепті оларды ары қарай пайдалану экономикалық тиімсіз болатын деңгейге дейін жетеді. Оның үстіне, тұтыну мерзіміне сай келмейтін мерзімде олар өздігінен қалыпқа келуге қабілетсіз (мысалы, минералдық ресурстар); сарқылатын жанданатын — өздігінен қалыпқа келуге қабілеті бар ресурстар (көбею немесе басқа табиғи кезеңдер арқылы), мысалы, өсімдіктер, жануарлар әлемі, су; ресурстары. Бұл қосалқы топта өте баяу қарқынмен жанданатын ресурстар (құнарлы жерлер, ағашының сапасы жоғары орман ресурстары) бөлек көрсетіледі.
Милер бойынша табиғи және жеңілдетілген антропогендік жүйелерді салыстыру
Шаруашылықтық, онда табиғат ресурстары шаруашылықты пайдалану мүмкіндіктері тұрғысынан әртүрлі топтарға жіктеледі: пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері бойынша табиғи ресурстар төмендегідей ажыратылады: нақты — өндіргіш күштердің берілген даму деңгейінде пайдаланылатындар; әлеуетті — теориялық есептер мен алдын ала жұмыстар негізінде белгіленген және нақты белгіленген техникалық қолжетімді қорлардан басқа, қазіргі кезде техникалық мүмкіндіктер бойынша игеруге болмайтын бөлігін де қосады; ауыстырудың экономикалық мақсаттылығы бойынша ауыстырылатын және ауыстырылмайтын ресурстар ажыратылады. Мысалы, ауысатындарға отын-энергетика ресурстары жатқызылады — оларды қуаттың басқа да көздерімен ауыстыруға бо лады. Ауыстырылмайтындарға атмосферадағы ауа, тұщы сулар мен басқалары жатады.
Экономиканың дамуында табиғи ресурстарды зерттеу дәрежесі: топырақ құрылымы, пайдалы қазбалардың саны мен құрылымы, ағаштың қорлары мен оның жыл сайынғы өсімі және басқалары орасан рөл атқарады. Табиғат ресурстарының арасында қоғам өмірінде ерекше рөлді минералдық шикізат атқарады, ал табиғи ресурстармен қамтамасыз етілу дәрежесі мемлекеттің экономикалық деңгейін көрсетеді. Геологиялық зерттелуіне байланысты минералдық-шикізаттық ресурстар келесі санаттарға бөлінеді: A — қорланып жатқан нақты шекарасы, жете барлау жасалған және зерттелген, пайдалануға беруге болатын қорлар. В — кен орындарының кеңістікті орнын көрсетусіз, қорланып жатуының негізгі шарттарын анықтауды қамтамасыз ететін, жете барлау жасалған және зерттелген қорлар. С1 — жалпы алғанда, қорланып жату шарттарын анықтауды қамтамасыз ететін, жете барлау жасалған және зерттелген қорлар. С2 — бірлі-жарым сынақтар мен үлгілер бойынша алдын ала барлау жасалған, зерттелген және бағаланған қорлар.
Бұдан басқа, экономикалық маңызы бойынша пайдалы қазбалар қазіргі кезде пайдаланылуы мақсатқа сай теңгерімді және пайдалы заты, қорланып жатуының үлкен тереңдігі, жұмыс жағдайының ерекшеліктері мен басқаларына байланысты оны пайдалану, бірақ болашақта әзірлеуге болатын теңгерімнен тыс болып бөлінеді.
Табиғи ресурстардың экономикалық маңыздылығы мен шаруашылық рөлін бейнелейтін жіктемесі арасында әсіресе шаруашылықты пайдалану бағыты мен түрлері бойынша топтастыру жиі пайдаланылады. Ондағы ресурстарды ажыратудың негізгі бағалау өлшемі — материалдық өндіріс немесе өндірістік емес саланың әртүрлі секторларына жатқызу. Бұл көрсеткіш бойынша табиғат ресурстары өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірісі ресурстарына бөлінеді.
Өнеркәсіптік өндіріс ресурстарының тобы өнеркәсіп пайдаланатын табиғи шикізаттың барлық түрлерін қамтиды. Өнеркәсіптік өндірістің көпсалалы сипатына байланысты табиғат ресурстарының түрлері келесі нұсқа: энергетикалық — оларға қуаттылықты өндіру үшін қазіргі кезеңде пайдаланылатын ресурстардың әртүрлі түрлері жатады: жанатын пайдалы қазбалар (мұнай, газ, көмір, битуминозды тақтатастар және басқалары); гидроэнергоресурстар (өзен суларының қуаты, ағынды қуат және басқалары); биоэнергия көздері (отындық ағаш, ауылшаруашылық қалдықтарынан алынатын биогаз); ядролық энергия көздері (уран және радиоактивті элементтер) бойынша сараланады.
Өнеркәсіптің әртүрлі салалары үшін шикізат ұсынатын немесе оның техникалық ерекшеліктеріне сәйкес өндіріске қатысатын энергетикалық емес ресурстар: каустобиолиттер тобына жатпайтын пайдалы қазбалар (кенді және кенді емес); өнеркәсіптік өндіріс үшін пайдаланылатын сулар; өнеркәсіп нысандары мен инфрақұрылым нысандары орналасқан жерлер; өнеркәсіптік маңызы бар орман ресурстары; өнеркәсіптік маңызы бар биологиялық ресурстар.
Ауылшаруашылық өнімін құруға қатысатын ресурстардың түрлерін біріктіретін ауыл шаруашылығы өндірісінің ресурстары: мәдени өсімдіктерді өндіру және мал жайылымы үшін қажетті жылу мен ылғалдылықтың агроклиматтық ресурстары; топырақ-жер — жер және оның жоғарғы қабаты — биомассаны өндіретін ерекше қасиеті бар топырақ; өсімдікті биологиялық ресурстар — азық ресурстары; су ресурстары — суғару үшін қолданылатын сулар және басқалары.
Өндірістік емес саланың ресурстарына (өндірістік емес тұтыну — тікелей немесе жанама) табиғи ортадан алынатын ресурстар жатады — кәсіптік аңшылық нысаны болатын жабайы жануарлар, табиғи текті дәрілік шикізат, сонымен қатар рекреациялық (демалуға, күш жинауға арналған) шаруашылық, қорық аумақтары ресурстары және басқалары.
Табиғи және экономикалық жіктемелерді біріктіру ресурстардың әртүрлі табиғи топтарын түрлі бағытта пайдалану мүмкіндігін және де олардың ауыстырылуын анықтауға, жекелеген түрлерін тиімді пайдалану мен қорғау мақсаттары туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Пайдалану түрлерінің өзара қатынастары бойынша келесідей: міндетті түрде пайдалану ресурстары; көпмақсатты пайдалану ресурстары, оның ішінде өзара ұштасқан (кешенді) пайдалану (су ресурстары); өзара теріске шығаратын (бәсекелес) пайдалану (жер ресурстары) жіктемесі бар. Табиғи ресурстардың басқа да топтарын бөліп көрсетуге болады. Мысалы, біртекті ресурстар көздері (пайдалы қазбалардың кен орындары, жер-сулар, орман-шикізат қорлары және басқалары) қорлар ауқымы мен шаруашылық маңыздылығы бойынша бөлінеді. Шартты түрде: ең ірі (жалпымемлекеттік маңызы бар), ірі (ауданаралық және аймақтық маңызы бар), үлкен емес (жергілікті маңызы бар) деп ажыратылады. ;
Өнеркәсіпте пайдаланудың жалпы бағыттары бойынша пайдалы қазбалардың геологиялық-экономикалық жіктелуі: отын-энергетикалық шикізат (мұнай, газ, көмір, уран және басқалары); қара, қоспалы және балқуы қиын металдар (темір, марганец, хром, никель, кобальт, вольфрам кендері және басқалары); бағалы металдар (алтын, күміс); химиялық және агрономдық шикізат (калий тұздары, фосфориттер, апатиттер және басқалары); техникалық шикізат (алмаздар, асбест, графит және басқалары) кең пайдаланылады.
Шаруашылықтың нарықтық жағдайында табиғи шикізатты саудалау сипатын ескеретін табиғат ресурстарының топтамасы тәжірибелік үлкен маңызға ие болады. Мысалы, төмендегілерді: сатылымы шектелуге тиіс стратегиялық мәні бар ресурстар, өйткені ол мемлекеттің қорғану қуаттылығының бұзылуына әкеліп соқтырады (уран кені және басқа да радиоактивті заттар); кең экспортты мәні бар және валюталық түсімдердің негізгі ағымын қамтамасыз ететін ресурстар (мұнай, алмаздар, алтын және басқалары); жан-жаққа кеңінен таралған ішкі нарық ресурстары, мысалы, минералдық шикізат және басқаларын ажыратуға болады.