1 дәріс. Педагогика


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет9/51
Дата13.12.2019
өлшемі0,78 Mb.
#53594
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   51
Байланысты:
Дәрістер

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар


  1. .Ерте ортағасырдағы (Ү-Х ғ.) монастырьлық және кафедралдық мектептердің ерекшеліктері қандай?

  2. .Қайта өрлеу (ХI-ХIII) дәуіріндегі мектептердің дамуын сипаттаңыз.

    1. Томазо Кампанелланың педагогикалық мәселелердi көтерген еңбегi “Күн қаласы” атты шығармасында не туралы айтылады?

4.Ф.Рабленiң “Гаргантюа” романындағы кейiпкерiнің бойындағы қасиеттер қандай? 5.Мишель Монтень “Тәжiрибе” деген еңбегiнде адамға қандай сипат берілген?

6.Германиядағы реформацияның ерекшелігін айтыңыз.

Ұсынылған әдебиеттер:


  1. Беркімбаева Ш.К., Қожахметова К.Ж., Құнантаева К.Қ., т.б. Педагогика тарихы.- Алматы, 2009. 35-46 б.


7 дәріс. Ресей тарихындағы ағартушылық пен мектептің дамуы Мақсаты: X-XVIII ғ. ғ. Ресейдегі тәрбие, білім беру және педагогикалық ой-пікірлерді қалыптастыру.

Дәріс жоспары:


    1. X-XII ғ. ғ. Ежелгі Русьтегі мәдениет және білім беру.

    2. Шығыс славяндар тарихындағы Киев кезеңі (X-XIII ғ.ғ.).

    3. Ежелгі Русьтегі бастауыш оқыту жүйесі.

4.Орыс жеріндегі ХIV- XVI ғ. ғ. тәрбие мен оқыту.

  1. Бірінші Петрдің заманындағы мектеп.

  2. М.В.Ломоносовтың педагогикалық идеясы.

  3. Л.Н.Толстойдың педагогикалық қызметі мен тұжырымдамасы.

  4. ХХ ғасырдың басындағы білім беру.

Негізгі ұғымдар: туысқандық мектептер.

X-XII ғ.ғ. Ежелгі Русьте білім беру және тәрбиелеу мәдениеті. Прокопий Кесарийскийдің (VI ғ.) шығармаларында славяндарға тән тұлғалық мынадай сапалар аталады: көпшілдік және әділдік, жоғары құдыретті күштің бар екендігін мойындау, сиқырлыққа сену, қайырымды, жауынгер, еркіндікті сүйетін, батыр, денесі шымыр, күшті болу. Ежелгі славяндардың тыныс- тіршілігінде алғашқы қауымдық құрылыстағы білім беру мен тәрбиелеу дәстүрлері сақталды, олар: балаларды балалық шақтан бастап түрлі істерге араластыру көзделді; ер және қыз балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері болды; түрлі ғұрыптарды сақтауды ұстанды.

Бала тәрбиесі қашанда отбасынан басталады. Онда әсіресе ана тәрбиесі басым еді. Балаларды жас ерекшеліктеріне қарай сәби”- емшек еметіндер; “балдырған ”- 3-6 жастағы ана тәрбиесіндегілер; “жеткіншек”- 7-12 жас аралықтарындағылар (сауат ашуға тартылады); “бозбала”



–12-15 жасар балалар отбасының түрлі кәсіби шаруашылық дағдыларын меңгеріп, тайпадағы ересектер қатарына қосылады.

Экономикалық жағынан дамыған қауым “бозбалалардан”- дайындықтан өткен жауынгерлер жасақтарын құрды.

Қауымдағы алуан түрлі кәсіптердің дамуына байланысты, кәсіби дайындықты меңгеру үрдісі біртіндеп күрделене түсті. Соған байланысты VI IX ғ. ғ. шығыс славяндар арасында шәкірттік - оқыту формасы пайда болды. Қолөнерші шәкіртіне нақты кәсіби дағдыларды меңгертумен бірге, шеберліктің құпия сырын түсінуге және оның түрлі рәсімдерін орындауға да баулыды. Шығыс славяндар арасында шеберлер - ерекше киелі қасиетке ие деген ұғым қалыптасты.

Ежелгі славяндардың тәрбиесі көптәңірлі дүниетанымға байланысты болды. Тәңірлердің дәрежесі әр түрлі еді. Мәселен, жер, найзағай, жануарлар, байлық, т.б. тәңірлер саны көптеп саналды. Сонымен қатар, олар жоғары құдыретті күшке сиынды.

Шығыс славяндар тарихындағы Киев кезеңі (X-XIII ғ. ғ.). Киев кезеңінде ежелгі орыс халқы және олардың мемлекеті қалыптасты, сондықтан да оқу-тәрбие айтарлықтай өзгерістерге ұшырады.

Киев Русінде білім беру мен тәрбие 988 жылдан бастап Византия ықпалына көшті, осы кезеңнен бастап олар православие дінін ресми түрде мойындады.

Ежелгі Русьтегі педагогикалық ой-пікірлер мен мектеп славяндық көптәңірлік дүниетаныммен және шығыстық христиан дәстүрімен бірігіп, өзіндік ерекшелікке ие болды. Сонымен құдайға құлшылық ету, жазу және балаларға тәрбие беру, оқыту славян тілінде жүргізілетіндіктен славян алфавиті - кириллица қолданылды.

Орыс жеріндегі алғашқы дін иелері гректер болды, кейіннен шіркеу мен монастырлар жанынан дін басыларын даярлайтын мектептер ашыла бастады. Византиядан орыс жеріне келген дінді уағыздаушылардың славяндар болуы немесе славян тілін білетін гректер болуы сауат ашу ісінің тез дамуына әсер етті. Батыс Еуропада XII ғ. дейін жазу жергілікті халықтарға түсініксіз

латын тілінде жүргізілетін, өйткені оларға христиан діні Римнен тараған болатын. Ал орыс жерінде жазу славян тілінде жүргізілді, бұл жағдай сауат ашу ісіннің тез дамуына әсер етті.



Римнен таралған христиан идеясы шығыс славяндардың көптәңірлі дүниетанымымен және адамгершілік идеалдарымен үйлесім тапты, өйткені ол дүниетаным олардың рулық-тайпалық құрылымына жақын да, түсінікті болатын. Христиандық дүниетаным біртіндеп славяндардың санасына сіңіп, бұрынғы көптәңірлі дүниетанымымен біте қайнасып кетті.

Киев Русінде білім беру мен мәдениет византия мәдениетінің аясында дамыды. Тәрбие идеалы мен бағдарламасының негізіне византиялық діни дәстүрдегі діни “әулиелер өмірі” туралы уағыздар алынды.

Киев Русінің барлық сословиелік топтарының балалары отбасында тәрбиеленді. Оларға отбасында қарапайым білім берілді. Отбасы тәрбиесі үнемі шіркеудің назарында болды.

1051-1053 ж. ж. ежелгі орыс жазба ескерткіштерінің бірі - Ярослав Мудрыйдың жарғысы отбасы тәрбиесінің құқын белгіледі. Онда әйел-ананың ар-намысын қорғау, ата-ананың баланы тәрбиелеуге жауапкершілігі, оларға қамқорлық көрсетуі және жетімдіктен қорғау тетіктері көрсетілді.

Киев Русіндегі алғашқы мектептердің ашылуы діннің өріс жаюына, сауатты адамдардың көбейюіне байланысты болды. Училищелер князьдіктерде, шіркеулер мен монастырьлар жанынан құрылды. Олар шәкірттерге діни кітаптар оқытып, мәнерлі жазуға үйретілді, бірігіп діни ән айту, адамгершілікке тәрбиелеу және “ар-ұят” қағидалары уағыздалды. Алғашқы кезде шіркеу жанындағы мектептер князьдер қаражатына салынса, кейіннен оларды шіркеулердің өздері салатын болды. Мектепте балалар бірге топтастырылғанмен әр бала жеке оқытылды. Бала оқуға 7 жастан қабылданып, оқуы ақылы болды.

“Кітап оқуға” ауқатты сословие өкілдерінің балалары қамтылды, оларға діни элементарлық және жоғары білім берілді. Мектепте оқу, жазу, есеп шығару, математика, табиғат, шетел тарихы оқытылды.Ежелгі Русьтегі бастауыш оқыту жүйесі. Бастауыш білім беру қоғамдық- практикалық жүйе формасында ұйымдастырылды. Бастауыш оқытуды сауат ашу шеберлері жүргізді. Олар барлық сословие өкілдерінің балаларының сауатын ашты. Оқу, жазу, есепке және кәсіпке үйрету түрінде жүргізілді. Сауат ашу үшін арнайы тақталарға әріптер ойылып жазылды. Бастапқыда балалар әріп танып, жазып, сонан кейін діни мәтіндерді оқуға жаттықты. Х-ХI ғ. ғ. ертедегі Русьте барлық сословие өкілдері арасында жазу кеңінен тараған еді. Сол кезеңде Киев Русі сауаттылық жағынан Орталық және Батыс Еуропамен бір деңгейде болды. Түрлі қалалардың қазба жұмыстарынан табылған деректер - ертедегі ортағасырлық Русьте сауаттылық кең тарағанын, қайың қабығына жазылған 700-ге тарта грамоталардан көруге болады. Ондағы жазулар ХI ғасырмен белгіленген.

Орыс князьдарының көбі сауатты адамдар болатын. Көне шежірелерде князь Ярославтың білімді адам болғаны туралы айтылады. Ол грек тілінен орыс тіліне кітаптар аударып, орыс жерінде алғашқы кітапхана ашқаны белгілі.

Князь Святослав Ярославович Черниговский де өте білімді адам болған. ХI ғасырда жазылған философиялық, тарихи, моральдық тақырыптардың жиынтығы - “Сборник Святослав” жоғарыда аталған князьдің есімімен байланысты.

Дін иелерінің ішінде де білімді адамдар көп болды. Соның бірі ретінде “Игорь полкі” туралы жырдың авторы жырау Боянды атауға болады.



Көне шежірелерде Киев жерінде кітаптың құндылығы туралы жазылған. Жоғарыда аталған “Сборник Святослав” шығармасының ішінде кітапты оқу жөнінде мақала берілген. Онда кітапты асықпай, қайталап оқу керектігі, балаларды кішкене күнінен кітапты қадірлеуге үйрету туралы кеңестер кездеседі.

ХIII ғасырларда Киев мемлекетінің қолдан жазылған бірнеше діни-моральдық уағыздар жинағы пайда болды. Мысалы, “Сборник Святослав” кітабында грек патшасының балаларына өсиеті беріледі. ХI ғасырдағы “Владимир Монамахтың балаларына өсиеті” алғашқы педагогикалық ескерткіштердің бірі. Онда мемлекет қайраткері Монамах балаларына қалай өмір сүру туралы кеңес береді. Балаларынан Отанын сүюді, оны жаулардан қорғауды, еңбексүйгіш, ержүрек батыр болуды талап етеді. Ол балаларында адамгершілік, ерлік, қамқорлық қасиеттердің болуын қажет деп санады. Үлкенді сыйлау, жетім-жесірге қамқор болу керектігін көрсетті. Монамах балаларынан білімді игеруді, оқуды талап етті.

Монгол-татар басқыншылығы (1237-1241) және ХIII-XV ғасырларда орыс жерінде үстемдік етіп, халықты көп күйзеліске ұшыратты. Монастырь және шіркеу жанындағы мектептер қирады, сөйтіп басқыншылық салдарынан білім деңгейі күрт төмендеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет