1 дәріс. Педагогикалық психология – ғылыми білімнің пәнаралық саласы ретінде (2 сағ)


Педагогикалық психологияның құрылымы



бет4/30
Дата11.12.2022
өлшемі489 Kb.
#162285
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Қосымша педагогика психология

Педагогикалық психологияның құрылымы: Педагогикалық психология дәстүрлі үш тараудың құрамында қарастырылады; оқыту психологиясы, тәрбие психологиясы, мұғалім психологиясы. Мектепке дейінгі бала мен мектеп оқышысышың психологиясын жас ерекшелік психологиясы қарастырады.Студенттік жас үмірдің ерекше кезеңі ретінде жеке қарастырылады (атап айқтанда,Б.Г.Ананьевтің психологиялық мектебі).Тәрбие берудің оқыту процесіне қарасты соңғы үш түрлі педагогикалық психологиямен ғана емес, психология мен педагогиканың арнайы бүлімінде қарастырылуы қажет. Педагогикалық психология үшін тәрбие беру, оқыту процесіне оның мазмұны, түрі мен әдістері арқылы үйлесімі үз орнын алуы қажет.Зерттеу пәнінің келтірілген анықтамасы мен жоғарыда қарастырылған қүзқарастар тұрғысынан педагогикалық психологияның құрылымына:
1) білім беруші қызметтің психологиясы (оқу және педагогикалық қызметтің бірлестігі ретінде).
2) оқу қызметінің және оның субъекті — оқушының психологиясы (оқушы, студент).
3) педагогикалық қызметтің (білім беруші және тәрбиеленуші әсердің бірлестігі) және оның субъекті (мұғалім, оқытушы) психологиясы.
4) оқу-педагогикалық еңбектестік және қарым-қатынас психологиясы кіреді.
Аталған құрылым педагогикалық психологияның зерттеу аумағын кеңейтіп отырғаны анық, соның үзінде ол 3 тармақта дәстүрлі болып қалып отыр (оқыту,тәрбие беру, мұғалім).Қазіргі уақытта психология жоғары мектеп психологиясы (Н.В.Кузьмина, М.И.Дьяченко, Л.А.Кандыбович,А.В.Петровский, С.Д.Смирнов) және мектепте оқытудың педагогикалық психологиясы болып бүлінуі күп кездеседі,оған дәстүрлі осы саладағы жұмыстар кіреді.
2.Зерттеудің негізгі әдістері. Педагогикалық психологияда теоретикалық немесе эмпирикалық әдістер ретінде анықталады. Педагогикалық психологияда күбінесе –эипирикалық әдіс қолданылады.
1.Бақылау — педагогикалық психологияда (және жалпы педагогикалық тәжірибеде) адамда мақсатты жүйелі зерттеудің эмпирикалық әдісі. Байқауға алынған үзінің байқау объект болып табылытынын білмейді,байқау жаппай немесе таңдаулы бола алады. Байқау нәтижелері арнайы хаттамаларға енгізіліп,онда бақылауға алынған оқушының аты-жүні,күні,уақыты, және мақсаты белгіленеді. Хататма деректері сапалық және сандық үңдеуден үтеді.
2. ‡зін-үзі бақылау — адамның рефлекстік ойлау негізінде үзін-үзі бақылау әдісі (үзін-үзі бақылау объектісі мақсаттар, мінез-құлық түрткісі, қызметінің нәтижесі бола алады.) Бұл әдіс үзіне үзі есеп берудің негізінде жатыр.
3. Әңгімелесу — педагогикалық психологияда (және педагогикалық тәжірбиеде) адам туралы онымен қарым-қатынас жасау, оның мақсаты бағытталған сұрақтарға жауаптарының нәтижесінде мәліметтер алудың эмпирикалық әдісі. Әңгімелесу- адамды зерттеудің дербес әдісі, сонымен қатар күмекші әдіс, мысалы: эксперимент пен терапияның алдын алушы әдісі бола алады.
4. Сұхбат — әңгімелесудің ерекше түрі ретінде, ол туралы хабарлар, сұхбат алынып отырған адам туралы ақпарат алу үшін ғана емес басқа да адамдар оқиғалар т.б. туралы мәліметтер алу үшін қолданылады.Әңгімелесу сұхбат барысында сараптамалық баға берілуі мүмкін.
5. Сауалнама — арнайы дайындалған жауаптар және зерттеудің негізгі міндетіне сәйкес сұқрақтар негізінде ақпарат алудың эмпирикалық әлеуметтік- психологиялық әдісі. Сауалнама құрастыруда: 1) сұрақтардың мазмұны, 2) олардың түрі ашық немесе жасырын, соңғысына «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру қажет, 3) олардың тұжырымдалуы (анықтылығы, жауаптарға), 4) сұрақтардың саны мен реті ескеріледі. Сауалнама ауызша, жазбаша, жеке, топтық бола алады, алайда кез-келген жағдайда ол екі талапқа жауап беруі тиіс:іріктеудің күрнекілігі мен біркелкілігі. Сауалнама материалдары сапалық және сандық үңдеуден үтеді.
6. Эксперимент — ғылыми зерттеулердің педагогикалық психологияда кеңінен таралған эпмирикалық әдіс. Эксперименттің деректері сандық үңдеуден үтеді (факторлық, корреляция талдау, т.б.) сапалық түсінік беруден үтеді. Эксперимент жеке топтық қысқа мерізімді және ұзақ мерізімді бола алады.
7. Іс-әрекет үнімінің талдауы — адамды оның іс-әрекетінің материалдық және идеалдық (мәтіндер, музыка, бейнелеу, т.б.) үнімдерін интерпретациялау, талдау заттансыздыру арқылы арқылы эмпирикалық зерттеу әдісі. Бұл әдіс күбінесе ішкі түйсікпен педагогикалық тәжірибеде оқушылардың мазмұндамаларын, шығармаларын т.б. талдау түрінде кеңінен пайдаланылды. Педагогикалық психологияда зерттеудің тағы бір маңызды әдісі социометрия болып табылады. Бұл — Я.Морено әзірлеген. Топішілік тұлғааралық байланыстарды зерттеудің эмпирикалық әдісі. Бұл қойылған сұрақтарға топ мүшелерінің ішіндегі таңдаулылырының жауаптарын пайдаланытан әдіс-топтың қаншалықты ұйымшылдығын, топ күшбасшысын анықтауға мүмкіндік береді. Психологиялық-педагогикалық мәліметтерді алудың ерекше бір тәсілі — егіздер әдісі. Оның мәні — бір жұмыртқадан үрбіген егіздердің психикалық дамуын бақылаулар мен эксперимент жағдайларында салыстырап күру. Бұл олардың тұқым қуалаушылық қорының бірдейлігін еске ұстай отырып, орта мен тәрбие ықпалынан болатын бірқатар факторлардың әсерін ажыратуға мүмкіндік береді. Зерттелуші психиканың қалыптасуының нақ сол сәттегі психологиялық ерекшеліктерін білуге тырысқан кезде бала психикасының дамуын күлденең кесу әдісімен де зерттей алады. Кейде психологтар бір сыналушының үзін, оның психологиясындағы, елеулі үзгерістерді жүйелі тіркей отырып, ұзақ уақыт (кейде бірнеше жылдар бойы зерттейді. Мұндай зерттеу бойлай зерттеу деп аталынады.
Әдістерді жіктеу. Зерттеудің барлық әдістері келесі негіздемелер бойынша топтастырыла алады. Ғылыми танымдық деңгейі — теоретикалық немесе эмпирикалық. Оларға сәйкес теоретикалық зерттеу әдістері (аппроксимация, аксиоматизация,экстраполяция, модельдеу т.б.) және эмпирикалық зерттей әдісі (байқау, әңгіме,эксперимент, тест т.б.) ажыратылады. Зерттеуші- педагогтың объектімен әрекеттесуінің сипаты. Бұған; а) объективті зерттеу (теоретикалық және эмпирикалық зерттеулердің аталған барлық әдістері); б) алынған деректерді үңдеу (сапалық және сандық, онда коррекциялық, факторлық, класкерлік талдау т.б. әдістері)в) матеметикалық-статистикалық үңдеудің әртүрлі деңгейлері). Әрбір психологтық-педагогтық зерттеу кем дегенде түрт негізгі кезеңнен тұрады; дайындық (әдебиетпен танысу,мақсат қою, зерттеу проблемасы, бойынша тұжырымдама ұсыну, оны жоспарлау) зерттеушілік (мысалы, әдісі бойынша эксперименталдық немесе социометрикалық), алынған деректерді сандық және сапалық талдау кезеңі және түсінік беру кезеңі яғни зерттелетін құбылыстыңғ зерттелу барысын, оны тудыратын факторлар себебін анықтау, жалпылау. Зерттеу жазбаша мәтін дайындаумен аяқталынады, онда зерттеудің нәтижесі мен оның талдауы келтіріледі. Қарастырылғанның барлығы педагогикалық психология, психологиялық білімнің күп қырлы саласы болып табылатынын күрсетеді. Оның ерекшелігін, заңдылықтарын, оның мазмұны мен зерттеулерінің әдістерін ескеру кез-келген білім беру жүйесінде тәрбие беруші және дамыта оқытудың психология-педагогикалық міндеттерін жүзеге асыруда үлкен күмек күрсетеді.
4. Педагогикалық психология — оқыту және тәрбиенің механизмдері мен заңдылықтарын, білім беру үрдісі барысында тұлғаның даму ерекшеліктерін зерттейтін ғылымдардың дербес пәнаралық саласы.
Педагогикалық психологияның дербес ғылым ретінде зерттейтін пәні мен арнайы міндеттері бар, ал пәнаралық ғылым ретінде — педагогикамен, жалпы, жас ерекшелік және әлеуметтік психологиямен, тұлға психологиясымен ортақ объектісі бар. Ортақ объектілері үзінің іс әрекеті мен даму үрдісіндегі адам, в контексте соц. и общ. отн.
Адамның әлеуметтік-мәдени тәжірибені меңгеру заңдылықтары, фактілер, механизмдер және осы үрдістің негізінен туындаған білім беру үрдісінің әр түрлі шарттарынан ұйымдасқан танымдық іс әрекеттің субъектісі ретіндегі адамның интеллектуалдық және тұлғалық деңгейде дамуындағы пайда болған үзгерістер педагогикалық психологияның пәні болып табылады (Зимняя И. А., 1999). Педагогикалық психологияның пәнінің күрделілігі, біртекті еместігі және күп аспектілігі оның белсенді шығармашылық ойлауды қалыптастыруда білім, білік, дағдыны меңгеру заңдылықтарын зерттеуімен анықталады, жеке ерекшеліктерді, сонымен қатар оқыту мен тәрбие ықпалынан психикада пайда болатын үзгерістерді де зерттейді (Крутецкий В.А., 1999).
Қоғамда жинақталған білімдердің заңдылықтары мен оларды пайдалану тәсілдерін зерттеумен қоса педагогикалық психология оқыту мен даму үрдістері арасына байланыс орнатады, қандай жағдайда алғашқылары соңғыларының мүмкіндіктерін қамтамасыз ететінін анықтайды (Габай Т.В., 1995). Білімді меңгеру ерекшеліктері күрініс беруінің үзіндік заңдылықтары бар және оқытудың эффективтілігіне әсерін тигізетін оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты екенін күрсете отырып, кейбір мамандар педагогикалық психологияны жас ерекшелік психологиясының бүлігі деп есептейді (Давыдов В.В., 1986).
Қорыта келе, педагогикалық психологияның зерттейтін пәні оқыту және тәрбие барысындағы, яғни білім беру мен әлеуметтік жүйе жағдайындағы адамның даму заңдылықтары деп айтуға болады (Божович Л.И., 1995).
Педагогикалық психология адам туралы екі ғылым, педагогика және психология негізінде пайда болғандықтан, ол үзінің зерттеу пәніне педагогиканың пәні – тұлғаның дамуын басқару заңын, психологияның пәні – адамның психикасының дамуы заңын біріктіреді.
Жоғарыда айтылғандай, педагогикалық психологиямен адам психикасының дамуын және оның әр түрлі жас кезеңдеріндегі ерекшеліктерін зерттейтін жасерекшелік психологиясы тығыз байланысты.
Педагогикалық психология теориялық бағыттар және оқыту мен адам дамуын ұйымдастырудың тәжірибелік құралдары зерттелетін, үңделетін принциптерге сүйене отырып, жасерекшелік психологиясы арсеналынан принциптер қатарын пайдаланады. Олардың ішіндегілері мыналар:
▪ жалпы тенденциялар тұрғысынан да, сонымен қатар алдыңғы және келесі жастық кезеңдердің әсерлерін ескеру тұрғысынан да әрбір жастық кезең оқшауланған түрде зерттелмейді;
▪ әрбір жасқа дамудың белгілі бір резервтері тән, олар адамның үзіне, сонымен қатар қоршаған шындыққа қатынасына байланысты үзінің белсенділігін ерекше ұйымдастыруына қатысты жаңаруы мүмкін;
▪ жасерекшеліктің шегі мен жасқа байланысты психикалық күріністердің ерекшеліктері статистикалық емес және әлеуметтік, қоғамдық-тарихи факторлардың ықпалдарында болады;
▪ бір жас кезеңнен келесісіне үту және онда пайда болған жаңа білімдер жетекші іс әрекеттердегі үзгерістермен, әлеуметтік жағдайлармен, адамның ортамен үзара қатынас типімен детерминантталады және т.б.
Педагогикалық психологияның міндеттеріне келесілер жатады:
1) оқушының интеллектуалдық және тұлғалық дамуына білім беру мен тәрбиенің ықпалының механизмдері мен заңдылықтарын ашу;
2) оқушылардың әлеуметтік-мәдени тәжірибені меңгеруінің, оны құруының және санасында ұстауының механизмдері мен заңдылықтарын анықтау;
3) оқушының интеллектуалдық және тұлғалық даму деңгейлері мен педагогикалық ықпалдардың формалары мен әдістері арасындағы байланысты анықтау;
4) оқушыларды танымдық іс әрекет арқылы ұйымдастырудың және басқарудың ерекшеліктерін анықтау, сонымен қатар олардың интеллектуалдық, тұлғалық дамуға, оқушылардың танымдық белсенділіктеріне тигізер ықпалын зерттеу;
5) педагогикалық іс әрекеттің психологиялық негізін зерттеу;
6) дамыта оқытудың фактілерін, психологиялық механизмдері мен заңдылықтарын анықтау;
7) білімді меңгерудің заңдылықтарын, шарттарын, критерилерін анықтау және олардың негізінде іс әрекеттің операциялық құрамын қалыптастыру;
8) білім, білік, дағдыны меңгерудің деңгейі мен сапасынның диагностикасының психологиялық негізін анықтау және оларды білім беру стандартымен салыстыру.
Педагогикалық психологияның құрылымында негізгі міндеттердің үш блогы бүлінеді: оқыту психологиясымен, тәрбие және оқытушылар (мұғалімдер) психологиясымен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет