1 дәріс. Психология ғылымының жалпы мєселелері. Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері



бет120/135
Дата08.02.2022
өлшемі1,11 Mb.
#121014
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   135
Байланысты:
Психология дәріс толық

Темперамент қасиеттерi:
Темпераменттiң мәндi қасиеттерiне жататындар:

  1. Эмоционалды қозу. Бұл қасиет әте әлсiз сыртқы және iшкi әсерлерге жауап беру қабiлеттiлiгi арқылы түсiндiрiледi.

  2. Зейiннiң қозуы-индивид психикасының икемделу қызметiн көрсетедi. Ол әсер ететiн тiтiркендiргiштердiң қарқындылығының аз ғана өзгеруiн байқауға қабiлеттi.

  3. Эмоция күшi. Б.М.Тепловтың айтуы бойынша ол мотивтердiң қанағаттану және қанағаттанбауына тәуелдi ''iс-әрекет энергизациясынан'' көрiнедi. (Қазiргi психологтар бұл қасиеттi эмоционалды көрiнулердiң қарқындылығы мен модалдылығы деп атайды).

  4. Үрейлiлiк. Б.М.Тепловтың түсiнуiнше үрейлiлiк дегенiмiз қатерлi жағдай кезiндегi эмоционалды қозу. Ол эмоционалды қозу мен үрейлiлiктi бөлдi. Эмоционалды қозу тiтiркендiргiш күшiне тәуелдi емес, ал үрейлiлiк тiтiркендiргiшке тiкелей тәуелдi.

  5. Ырықсыз әрекеттердiң реактивтiлiгi. Жағдай мен тiтiркендiргiштерге икемделу реакциясының қарқындылығының күшейуiмен сипатталады.

  6. Ерiктi мақсатқа бағытталған iс-әрекет белсендiлiгi. Б.М.Тепловтың айтуы бойынша нақты қойылған мақсатқа байланысты жағдайларды қайта жасау жолымен икемделу белсендiлiгiнiң жоғарылауы кезiнде көрiнедi.

  7. Икемдiлiк-икемсiздiк. Iс-әрекеттiң өзгеретiн талаптарына икемдiлiк.

  8. Резитенттiлiк. Басталған iс-әрекеттi әлсiрететiн және жүргiзбейтiн iшкi және сыртқы талаптарға қарсы тұра алу қабiлеттiлiгi.

  9. Субъективизация.

Кеңес психофизиологы Русалов жүйке жүйесi қасиеттерiнiң жаңа тұжырымдамасына сүйене отырып, темперамент қасиеттерiнiң ерекшелiктерiн ұсынды. Темпераменттiң компоненттерi: төзiмдiлiк, жылдамдық, сезiмталдық, икемдiлiк. Русаловтың айтуынша, бұлар биологиялық және генетикалық шарттастықта. Темперамент- психофизиологиялық категория, себебi ол толық туа бiткен де емес, ортамен байланысты да емес. Темперамент қасиеттерi заттылық iс-әрекет пен қарым-қатынаста әр түрлi, сондықтан да оларды жеке-жеке қарастыруымыз қажет. Айта кететiн бiр жайт, темперамент тек жүйке жүйесi қасиеттерiне ғана бағынбайды, сол қасиеттер тудыратын мiнез-құлық пен психикалық процесстердiң өту ерекшелiктерiне де байланысты болады. Танымдық процестер, заттылық iс-әрекет пен қарым-қатынасқа сәйкес темперамент қасиеттерiн қарастырайық.
Танымдық процестер бойынша:
Олар: 1) белсендiлiк (ойлау, қабылдау, қиял, зейiн қою, есте сақтау): адам белгiлi бiр обьектiнi қаншалықты тез есте сақтай алады, қабылдай алады, оған зейiнiн қоя алады. Ондағы қарқын психикалық процестер жұмысына байланысты.
2) өнiмдiлiк: белгiлi бiр уақыт iшiнде танымдық процестер арқылы нәтижеге жету.
3) қозу мен тежелудiң ауысуы: танымдық процестердiң бiр обьектiден екiншi обьектiге көшу немесе бiр әрекеттен екiншi әрекетке көшуде пайда болуын, тоқтауын немесе ауысу жылдамдығын көрсетедi. Мысалы: бiр адамдар ақпаратты басқаларға қарағанда тез еске түсiредi, бiр адамдарға бiр тақырыптан екiншi тақырыпқа ауысу үшiн ұзақ уақыт қажет. Бұл қасиеттер адам қабiлеттiлiгiн анықтамайтынын айта кету керек.
Заттылық iс-әрекет бойынша:

  1. белсендiлiк: онымен байланысты қозғалыстардың күшi мен амплитудасын бiлдiредi. Ол белсендi адамда кең, ауқымды болады.

  2. өнiмдiлiк: қозғалыспен байланысты әрекет өнiмдiлiгi белсендiлiк пен жұмыс қарқынына байланысты.

Қарым-қатынас бойынша:

  1. белсендiлiк: белсендiлiгi жоғары адамның мимика, жест, пантомимикасы күштi, сөйлеу қарқыны мен қозғалыс темпi де жоғары.

  2. қозу: баяуға қарағанда тез қозатын адам ортаға тез бейiмделiп, байланысқа тез түседi.

  3. Тежелу: тез тежелетiн адам қарым-қатынасты тез тоқтатады, сөйлегiсi келмейдi.

  4. өнiмдiлiк: ақпаратты қабылдау жоғары болса, оңай болады, төмен болса қиын болады.

Жалпы психикалық белсендiлiк темперамент сипаттамасында орталық орын алады. Бұл жерде сөз белсендiлiктiң мазмұны, оның бағытталуы туралы емес, оның динамикалық ерекшелiктерi мен iс-әрекеттiң энергетикалық деңгейi туралы болып отыр. Темпераментке қатысты белсендiлiк бойынша айырмашылықтар көбiнесе мына жағдайларда байқалады: қажеттiлiктiң өзiндiк байқалуы, әрекеттi болдыруға деген ынта, iстелетiн жұмыстың көп түрлiлiгi, реакциялар мен қозғалыстардың жылдамдық сипаттамалары.
Белсендiлiктiң динамикалық көрiнiстерi жүйке жүйесi типiнiң қасиеттерiмен байланысты екендiгi анықталды. Сонымен, белсендiлiктiң интенсивтiлiгi мен тұрақтылығы жүйке жүйесiнiң күшiне тәуелдi, ал белсендiлiктiң ауыспалылығы мен оның кейбiр жылдамдық сипаттамалары қозғалғыштық пен лабильдiлiкке тәуелдi.
Эмоционалдық бойынша динамикалық айырмашылықтар әсерленгiштiк (кей адамдарда ең болмашы себеп эмоционалды реакция тудырса, басқаларда ол үшiн үлкен әсер қажет), импульсивтiлiк (жылдамдықты бiлдiредi), эмоционалды лабильдiлiк (эмоционалды жағдайдың тоқтау жылдамдығы) деңгейлерiнде байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет