Қабылдаудың түрлерi: кеңiстiктi, уақытты және қозғалысты қабылдау. Қабылдау түйсiктер сияқты негiзгi анализаторларға байланысты классификациясы бар. Қабылдауда жетекшi рөлдi қандай анализатордың түрi басым болуына байланысты көру, есту, сипап сезу, кинестетикалық, иiс сезу және дәм сезу қабылдауларын бөлiп көрсетедi.
Әдетте қабылдау процесi өзара әрекеттесетiн анализаторлар негiзiнде жүзеге асады. Қозғалыстық қабылдаулар белгiлi-бiр дәрежеде қабылдаулардың барлық түрлерiнде қатысады. Мысалы, сипап сезу қабылдауында тактилдiк және кинестезиялық анализаторлар қатысады.
Қабылдаудың әр түрлерi таза күйде сирек кездеседi. Олар көбiнесе комбинацияланып, қабылдаудың күрделi түрлерiн құрайды. Мысалы, оқушының мәтiндi қабылдау әрекетiнде көру, есту және кинестезиялық қабылдаулар қатысады.
Қабылдаудың келесi классификациясында материяның тiршiлiк етуiнiң белгiлi бiр формалары – кеңiстiк, уақыт, қозғалыс негiзге алынады.
Қабылданатын объектiнiң ерекшелiктерiне байланысты қабылдаудың келесi түрлерiн бөлiп көрсетедi: заттарды қабылдау, сөйлеудi немесе музыканы қабылдау, адамның адамды қабылдауы. Соңғысы әлеуметтiк перцепция деп аталады. Бұл процесс әлеуметтiк кәсiптерде маңызды қасиет болып табылады.
Кеңiстiктi қабылдау: заттардың формасын, көлемiн, тереңдiгiн және алыстығын, бағытын қабылдау. Кеңiстiктi қабылдау адамның ортамен өзара әрекеттесуiнде үлкен рөл атқарады және адамның онда бағдарлауының қажеттi шарты болып табылады. Кеңiстiктi қабылдау кеңiстiктiң объективтi көрiнiсiнiң бейнеленуi болып табылады және объекттердiң формасын, көлемiн және өзара орналасуын, олардың рельефiн, қашықтығын және олардың бағытын қабылдаудан тұрады.
Адамның ортамен өзараәрекеттесуi адамның денесiн және оған тән координаттар жүйесiн де қамтиды. Адам затттарды қабылдауы, өзiнiң және олардың кеңiстiктегi орналасу ерекшелiгiн талдау негiзiнде жүзеге асады. Бұл - адамның кеңiстiктiк анализ деп аталатын күрделi аналитикалық-синтездiк iс-әрекетiнiң жемiсi. Кеңiстiктiк бағдарлауда қозғалыстық анализатор ерекше рөл атқарады. Кеңiстiктiк бағдарлаудың арнайы механизмдерiне анализаторлардың iс-әрекетiндегi ми сыңарлары арасындағы жүйкелiк байланыстарды жатқызуға болады. Олар: бинокулярлық көру, бинауралдық есту, бимануалдық сипап сезу, дириникалық иiс сезу және т.б. Заттардың кеңiстiктiк қасиеттерiн бейнелеуде барлық жұп анализаторларға тән болатын функционалдық асимметрия маңызды рөл атқарады. Функциялық ассиметрияанализатордың бiр жағының жетекшi, доминантты болып табылатынын бiлдiредi.
Заттардың көлемi мен түрiн қабылдау. Заттардың көлемi мен түрiн қабылдауда олардың көздiң тор қабығында бейнеленуiнiң үлкен маңызы бар. Үлкен заттарға үлкен кескiн, кiшi заттарға кiшi кескiн сәйкес келедi. Адамның көз құрылысының ерекшелiгiне байланысты алыста орналасқан зат, көлемi жағынан бiрдей болғанымен, жақын қашықтықтағы затқа қарағанда, кiшi болып бейнеленедi. Заттардың көлемi мен түрiн қабылдау көру, сипап сезу және бұлшықеттiк-қимылдық түйсiктердiң күрделi үйлесiмi негiзiнде жүзеге асады.
Заттардың аумақтылығы мен қашықтығын қабылдау.Заттардың аумақтылығын немесе тереңдiгiн қабылдауда бинокулярлық көру (немесе екi көзбен көре қабылдау) негiзгi рөл атқарады.
Монокулярлық көру (бiр көзбен қарау) қашықтықты белгiлi-бiр шек маңында ғана дұрыс анықтай алады. Егер шамалы қашықтықта керулi тұрған жiңiшке жiпке бiр көзбен қарасақ, жоғарыдан тасталған кiшкентай шардың оның алдынан немесе артынан өткенiн айыру қиын. Ал егер екi көзбен қарайтын болсақ, дәл осы құбылысты дұрыс қабылдау бiзге қиын соқпайды.
Бинокулярлық көруде заттың кескiнi диспаранттық нүктелерге, яғни оң және сол көздiң тор қабықтарының толық сәйкес емес нүктелерге келiп түседi. Кескiн сәулесi бiртектес нүктелерге, яғни тор қабықтың бiр-бiрiне толық дәл келетiн нүктелерiне келiп түссе, онда кескiн жалпақ болып қабылданады. Егер зат бейнесiнiң диспаранттылығы тым үлкен болса, онда бейне қосарлана бастайды. Диспаранттылық белгiлi мөлшерден аспаған жағдайда тереңдiктi қабылдау пайда болады.
Тереңдiктi қабылдауда көз бұлшықеттерiнiң жиырылуы мен жазылуынан пайда болатын бұлшықеттiк-қозғалыстық түйсiктердiң маңызы аз емес. Саусақты ақырындап мұрынға жақындату, көз бұлшықеттерiнiң тартылуының нәтижесi болатын проприоцептивтiк түйсiктер туғызады. Бұл түйсiктер көз остерiн жақындататын (конвергенция құбылысы), ажырататын (дивергенция құбылысы) бұлшықеттерден және көз бұршағының шапыраштануын өзгертетiн бұлшықеттен шығады.
Заттар қашықтаған сайын кеңiстiктi қабылдауда заттардың орналасуына қарай туатын жарық пен көлеңкенiң өзара орналасуының маңызы үлкен болады. Адам мұндай ерекшелiктердi байқайды да заттың кеңiстiктегi орнын жарық пен көлеңкеге сүйенiп-ақ, дұрыс анықтап берудi үйренедi.
Уақытты қабылдау.Уақытты қабылдау – бұл құбылыстар мен оқиғалардың ұзақтығы мен тiзбегiн бейнелендiру.
И.П. Павлов пен оның iзбасарлары тәжiрибе жүзiнде дәлелдеген адамдарда үнемi жасалынып отыратын уақытқа деген шартты рефлекстер уақытты қабылдау процесiнiң физиологиялық негiзi болып табылады. Уақыттық аралықтар адам организмiнде болатын ырғақты процестермен анықталады. Уақытты дәл, тiкелей қабылдауға көнетiн тек қысқа мерзiмдi интервалдар ғана. Уақыттық аралықтарды дәл бағалауға есту және қимылдық түйсiктер себепшi болатындығы анықталған.
Уақыттың қабылдану ұзақтығы адам iс-әрекетiнiң мазмұнына тәуелдi. Қызықты, маңызды iстерге толы уақыт зымырап тез өтедi. Егер оқиға қызықсыз, елеусiз болса, уақыт мүлдем өтпей қояды.
Уақытты бейнелеудегi кейбiр субъективтiлiк адамның жасына да байланысты болады. Мысалы, балалар үшiн уақыт өтпейтiндей көрiнсе, ересектер оның тез өткендей қабылдайды.
Адам уақытты қабылдаудағы субъективтiлiктен практикалық iс-әрекет пен тәжiрибесi негiзiнде арыла алады.
Қозғалысты қабылдау– бұл объектiлердiң кеңiстiктегi орны мен қалпының өзгерiсiн бейнелеу. Қозғалысты қабылдау өмiрлiк маңызға ие. Қоғалысқа көру жүйесiнiң перифериялық бөлiмi сезiмтал келедi. Объект табылғанда, көру аумағының шет жағында оның түскен бейнесi көздiң рефлекторлық бұрылысын тудырады, нәтижесiнде объект бейнесi көру аумағының орталығына ауысады, осы жерде бұл обектiнi ажырату мен тану жүзеге асады. Заттың қозғалысын қабылдау, негiзiнен, оның қандай да бiр фонда орын ауыстыру немесе жылжи отырып, көз торының түрлi клеткаларының кезектi қозуын тудырады.
Қозғалысты қабылдауда көру және кинестезиялық анализаторлары негiзгi рөл атқарады. Объект қозғалысының параметрлерi болып табылатындар: жылдамдық, үдеу және бағыт. Адам объекттердiң кеңiстiктегi орын ауыстыруы жөнiндегi мағлұматты екi жолмен алады: орын ауыстыру немесе қозғалысты тiкелей көру, қабылдау арқылы және белгiлi бiр уақытта басқа орында болған объектiнiң қозғалысы жөнiнде ой қорытындысы негiзiнде.