1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Тақырып бойынша бақылау сұрақтары



бет20/85
Дата27.09.2023
өлшемі0,82 Mb.
#182664
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   85
Байланысты:
1 дәріс Психология пәні, салалары және даму тарихы-emirsaba.org

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары

  • Психология дамуында «бихевиоризм» бағытының мәнін ашып кӛрсетіңіз?


  • Адамның интеллект құрылымын зерттеген генетикалық психологияның кемшіліктері қандай?


  • Қоғам мен сана арасындағы қатынасты фрейдизм қалай түсіндіреді?


  • Когнитивтік психологияның мәні не?


  • Гуманистік психология адамның ӛз мүмкіндіктерін қалай кӛрсетеді?


    Пайдаланатын әдебиеттер

  • Богословский В.В. және т.б Психология. Алматы, «Мектеп», 1980, -350б.


  • Блонский П.П. Избранные педагогические и психологические сочинения: в 2-х т. Т.1/Под ред. А.В.Петровского – М., Педагогика, 1979г.,-222с.


  • Бодалев А.А. Психология личности. М:, Изд-во МГУ, 1988г., -312с.


  • Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. Алматы 2005ж., -415б.


  • Крылова А.А. Психология, М., «Проспект», 1998г., -583с.


  • Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993, 144-159б.


  • Маклаков А.Г. Общая психология, Питер, 2006, 200-234с.


  • Сәбет Бап-Баба Жантану негіздері Алматы, «Дәнекер», 2001ж.,293б.


  • Фресс П., Пиаже Ж. Зкспериментальная психология./СБ.статей Пер. С фр.Вып.6-М: Прогресс 1978г., 262с.



    1. дәріс: Тұлға психологиясы Жоспар:



    2. Тұлға туралы түсінік
    3. Тұлғаның мотивтері мен қажеттіліктері, қызығулары



    4. Тұлға құрылымындағы дүниетаным, сенім, мұрат

    1. Тұлға туралы түсінік.

    Тұлға - әлеуметтік қатынастарымен саналы іс-әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, ӛзін басқалардан ажырата білетін, ӛзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі. Адам қоғамнан тыс тәуелсіз ӛмір сүре алмайды., ӛйткені оның тәні де, жаны да айналадағылармен қарым-қатынас жасау процесінде, әлеуметтік жағдай әсерінде ғана кісілік мән - мағынаға ие болады. Мысалы, жаңа туған нәрестені адам деп атауға толық болады, бірақ әлі тұлға емес, себебі онда білім, тәжірибе, іс-әрекет, кӛзқарас жоқ.


    Адам санасының дамып, ӛсіп жетілуі оның ортасымен (отбасы, мектеп, т.б.) тығыз байланысты. Сондықтан тұлға психологиясын дұрыс ұғыну үшін, ең алдымен, оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай ортаның ӛкілі екендігіне, сондай-ақ оның кӛзқарасы, наным-сенімі, бағыт-бағдары білімі мен іс-тәжірибесі, икем-бейімділігі, нақты кәсібі, білімі бар екендігіне назар аударуымыз қажет.
    Қазіргі уақытта тұлға – психологиядағы ең кӛкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Ӛйткені қоғамымыздың қарқынды әлеуметтік дамуы, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға жоғары талап қояды.
    Қоғамдық ғылымдарда және күнделікті тұрмыста «адам», «тұлға»,
    «индивид» яғни, «даралық» ұғымдары қолданылады. Бұл ұғымдар бір мағынада не бір-біріне қарама-қарсы қойылады. Бұның екеуі де қате пікір. «Адам» бұл
    биологиялық тіршілік иесі, онда сана бар. «Тұлға» - қоғамда белгілі бір жағдайға ие және белгілі бір қоғамдық роль атқаратын, саналы индивид.
    Ал қоғамның қазіргі жағдайында, елдің саяси, мәдени, әлеуметтік- экономикалық жақтарын жаңарту кезінде - жас ұрпақтың болашақта ізгі ниетті азамат болып дамуына олардың тұлғасының дұрыс қалыптасу процесі үлкен ықпалын тигізетіні сӛзсіз. Сондықтан да тұлғаның теориялық зерттеулеріне, жалпы ұғымына сарапталған талдауларға зер салайық.
    Психологтар арасында тұлғаға байланысты бірыңғай кӛзқарастардың болмағандағынан 300 астам анықтамалар жүзеге асуда. Тұлғаның анықтамасы сияқты оның құрылымдарында да біртұтас кӛзқарастар жоқ. Л.С. Выготский алғаш рет психикалық қызметтерді жоғары - мәдени және тӛменгі - табиғи деп бӛлінуін ұсынды. Л.С. Выготский құрылымының негізінде, тұлғаның - ӛзегі - оның бағыттылығы деп атады. Бұл кӛзқарас зерттеушілердің кӛпшілігіне негіз болып қаланды (С.Л. Рубинштейн, Л.И. Божович, А.Н. Леонтьев, М. 3. Неймарк, және т.б.). Алайда, кӛптеген авторлар тұлға бағыттылығының мазмұнын (мотивтер мен қажеттіліктер, қызығулар, бағдар және т.б.) түрліше қарастырады.
    Л.С.Выготский пікірі бойынша, адамның тұлғасы ӛзінің енген қарым- қатынастарының кешенді әсерінің нәтижесінде дамиды. Тұлға - бұл қоғамдық- тарихи дамудың жемісі. Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны, оның орындайтын іс-әрекеті - бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуы биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты екені мәлім. Сонымен қатар тұлғаның дамуында негізгі болып - нақтылы тарихи орта саналады. Оқушылардың тұлғасының дамуы - механизмді құрастыратын кӛптеген ішкі және сыртқы факторларға тәуелді болып келеді. Л.С. Выготскийдің: "баланың психикасы әлеуметтік табиғатқа...", - деген пікірі осыған негізделеді. Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша, баланың тұлғалық дамуы - оның дамуындағы әлеуметтік жағдайлармен байланысты.
    Сонымен тұлға - бұл біріншіден, әлеуметтік қатынас пен саналы әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Екіншіден, бұл индивидтің жүйелі қасиеті, оның қоғамдық қатынасқа енуімен анықталып және де біріккен әрекет пен қарым-қатынаста қалыптасып отырады.
    Б.Г. Ананвев, А.Н. Леонтьев ӛз еңбектерінде объективті ӛмірді бейнелеу процесінде, белсенді тұлға - қоршаған әлеуметтік ӛмір танымы, сана сезімімен бірлестікте іске енетін тұтастай субъект ретінде кӛрініс береді деп баяндалады. Сонымен қатар, Б.Г.Ананьев тұлға құрылымының жан-жақты зерттелуін ӛз еңбектерінде сипаттаған. Ол тұлғаның процестерін, күйлерін, қасиеттерін психофизиологиялық функциялармен және тұлғаның бағдары мен қажеттіліктері кіретін мінез-құлықтың жалпы мотивациясымен толықтырады.
    А.Н.Леонтьевтің пікірі бойынша, тұлға - бұл адам ӛмірінің қоғамда туылуының ерекше түрінің психологиялық тұрғыда құрылуы. Әр түрлі іс- әрекеттің бірлесе бағынуы - онтогенезде тұлғаның қалыптасу негізін құрайды. Тұлғаның жүйелі қасиет ретінде пайда болуы - индивид басқа индивидтермен біріккен іс-әрекетінде, ақиқатты ӛзгертіп соның арқасында ӛзінде ӛзгертіп,
    тұлға дәрежесіне жетеді. Индивидтің тұлғасы бағыттылықпен бейнеленеді, яғни үстем болып табылатын адамның қажетті кӛрініс беретін мотивтер - қызығушылықтар, сенімдер, дүниетаным және т.б. жүйелермен бейнеленеді.
    Ал Қазақстанда тұлға мәселесімен Қ.Б.Жарықбаев, Ж.И.Намазбаева, С.М.Жақыпов және т.б. ғалымдар айналысуда.Ж.И. Намазбаева тұлға мәселесін зерттеуінде әр түрлі іс-әрекет (ойын, еңбек, спорт, оқу) барысындағы жас ерекшелік шамасының тұлғалық компоненттерінің механизмдер мен функцияларын белгілеуге түйінделетін кешенді кӛзқарастарды жетілдірді.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   85




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет