Психологияның басқа ғылымдар жүйесіндегі орнын тануға орай психологиялық деректердің басқа ғылымдарда пайдалану мүмкіндіктерін және, керісінше, психология олардың нәтижелерін өзіне қалай қолданатынын жете түсінуге болады. Әр түрлі тарихи дәуірлердегі ғылымдар арасындағы психологияның орны жантаным білімдерінің даму деңгейі мен сарап (классификация) схемасынан келіп шығады. Қазіргі күнде академик Б.М.Кедров ұсынған сарап әдісі қабылданған
Психологияның жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі қызметі - зерттеу объекті адам болған барша ғылым салаларының жетістіктерін біріктіріп, байланыстыру. Психологияның негізгі міндеті - психикалық іс-әрекет заңдарын даму барысында зерттеп, тану. Осы заңдар арқылы объектив дүниенің адам миында қалай бейнеленетіні, осыған орай оның әрекеттері қалай реттелетіні, психикалық қызметтің дамуы мен жеке адамның психикалық қасиеттері қалай қалыптасқаны айқындалады.
Қазіргі кезеңде нарықтық қоғам оқушысын неге үйрету керекқ Ғылым топтаған асқар тау ақпарат қорынан мектеп үшін нендей білімді және оны қалай алу керекқ - дегендей мың сан проблема қордаланып тұр. Бұлардың бәріне шешім табу, адамның әр жас деңгейіндегі психикалық даму мүмкіндіктерін және олардың шекөл-шемдерін белгілеу педагогикалық психологияның міндеті. Психологияның аса қажеттігі педагогиканың тәрбие проблемаларына орай байқалады.
Басқару психологияның салалары.
Еңбек психологиясы адамның қоғамдық өнімге бағытталған әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми ұйымдастырудың психологиялық тарап-тарын зерттеумен бірге психология ғылымының дербес салаларына айналған білімдерге жіктеледі. Олардың ішінде: инженерлік психология, авиация психологиясы, ғарыштық психология және т.б. бар.
Педагогикалық психологияның қызметі - адамды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын ашу. Оның бөлімдері: оқу психологиясы, тәрбие психологиясы, сондай-ақ мұғалім психологиясы, дамуы жетімсіз балаларды оқыту-тәрбиелеу психологиясы.
Медициналық психология - дәрігер қызметі мен сырқат адам мінез-құлығының психологиялық мәнін зерттейді. Ол психикалық құбылыстардың ми физиологиялық құрылымдарымен байланысын айқындаушы - нейропсихология: емдік дәрілердің адамның психикалық жағдайына ықпалын белгілеуші - фармакопсихология; науқасты емдеуде қолданылатын психикалық әсерлерді зерттейтін - психотерапия; психикалық алдын алу (профилактика) және психогигиена тарауларына бөлінеді.
Заң психологиясы құқ жүйесін іске асыруға байланысты психикалық мәселелерді қарастырады. Олда бірнеше салаларға жіктеледі: қылмыскер психологиясы, үкім шығарушы мен орындаушы психологиясы жене т.б.
Әскери психология адамның соғыс жағдайындағы қылық-әрекетін; қолбасшы мен оның билігіндегі сарбаз арасындағы қарым-қатынастың психологиялық тараптары, әскерді рухтандырушы үгіт-насихат психологиясының әдістерін және т.б. зерттейді.