- Жас сатыларының психологиясы жеке адамның әртүрлі психикалық процестері мен психикалық қасиеттерінің онтогенезін (жеке даму) зерттейді де келесі са-лаларды өз ішіне қамтиды: балалар психологиясы, жас өспірімдер психологиясы, ересек адамдар психологиясы мен кәрілік психологиясы (геронтология).
- Дамуы қалыптан шыққандар психологиясы немесе арнайы психология: олигофренопсихология (ақыл-ойы кемдер), сурдопсихология (кереңдер), тифлопсихология (зағиптер).
- Салыстырмалы психология - психикалық өмірдің филогенетикалық (біртұтас даму) формаларын зерттейді.
- "Әлеуметтік психология" адамдардың әртүрлі ұйымдасқан ресми немесе ұйымдаспаған, бейресми топтарда көрініс беретін психикалық болмысын зерттеумен шұғылданады.
- Барша психология салаларының ішінде айрықша орынды жалпы психология иелейтінін атап өткен жөн. Бұл тараудың негізгі міндеті - психологияның әдіснамалық проблемалары мен тарихын, психикалық құбылыстар пайда болуының, дамуының және болмысының жалпыланған заңдылықтарын ғылыми нақтылау.
Достарыңызбен бөлісу: |