1 дәріс. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы


Мөлшер, шама мөнді етістік жасайтын жұрнақ



бет37/50
Дата28.10.2023
өлшемі231,81 Kb.
#188964
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50
Байланысты:
kazirgi kazak tilinin sozzhasam nan daris tezisteri

 5. Мөлшер, шама мөнді етістік жасайтын жұрнақ:
-ла, -ле: шелекте, бөшкеле, қасықта, қапта, тоннала, сүйемде, карыста, метрле, адымда, кезде, аршында, екеуле.
 6. Негіз сөздің мағынасынан дыбысқа қатысты етістік жасайтын жұрнақтар:
-ла, -ле: тарсылда, сартылда, гұрсілде, шиқылда, бозда, зула, гуле, бажылда, қақылда, сұңқыдда, қарқылда, ойбайла, аһле, үһле.
-ыра, -іре: дүркіре, күркіре, сарқыра, шұрқыра, шырқыра, зіркіре, бұрқыра. Бұл дыбыс мәнді етістіктің еліктеуіш сөзден жасалуы
-а, -е: салдыра, күркіре
-қыр, -кір: ақыр, кақыр, жазғыр, ысқыр, пысқыр, түшкір, түкір, кекір. Бұлар жұрнақ кіріккен көне түбірлер.
7. Мекендік мәнді етістік жасайтын жұрнақтар:
-ла, -ле: өрле, тұрақта, жағала, мекенде, іргеле, ықта, арала. Үстеуден де осы мәнді етістік жасайды: жоғарыла, төменде -лас, -лес: орналас, жайлас, көршілес -а, -е: орна -ық: орнық
8. Заттық ұғымнан жетімсіз кимылды, зәрушілікті білдіретін қимылды жасайтын жұрнақтар:
-сыра, -сіре: кансыра, жетімсіре, ойсыра, күлімсіре, жыламсыра, қымызсыра
-ырқан, -іркен: азырқан, ашырқан, тұшырқан, шіміркен -ырқа, -ірке: есірке, мүсірке, тосырқа
9. Сын-бейне мәнді жасайтын жұрнақтар
-ти, -ди: қазди, дүрди, сұсти, ташти, төсти -ырай, -ірей: бақырай, шақырай, ажырай, бадырай, тікірей, тасырай
10. Субъектінің әдеттенген қимылын, өзіне тікелей кдтысты қимылды білдіретін етістік жасайтын жұрнақ:
-ық, -ік: құнық, дәнік, бірік, жолық, зарық, тотық, қамық
-ына, -іне: есіне, қатына, пысына
-ке, -қа: иіске
-ан, -ен: жирен, оян, басын, жұбан, үйрен
Етістіктен етістік жасайтын жұрнақтар
Етістіктен етістік жасайтын жүрнақтарға негізінен лексикалық мағынаны түрлендіруші жұрнақтар жатады.
Етістіктің лексикалық мағынасын түрлендіретін жұрнақтар
Етістіктің лексикалық мағынасын түрлендіретін жұрнақтары деп етістік негіздің лексикалык мағынасын сақтай отырып, оған түрлі үстеме мағына қосатын жұрнақтары аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет