Сабақ Тақырыбы: Есімше. Есімшенің жасалуы мен түрлері



Дата04.07.2018
өлшемі39,14 Kb.
#46635
Қазақстан Республикасыны білім және ғылым министрлігі
Н. Тұрсынбеков атындағы шағын жинақты негізгі орта мектебі


Ашық сабақ

Тақырыбы: Есімше. Есімшенің

жасалуы мен түрлері

Пән мұғалімі: Турсынкулова А.

Сыныбы: 6 – сынып.

Еңбекші ауылы




Сабақтың тақырыбы: Есімше. Есімшенің жасалуы мен түрлері.

Сабақтың мақсаты: а) есімше, оның жасалуы мен түрлері, ерекшеліктері, сөйлемдегі қызметі туралы түсінік беру;

ә) оқушы бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, танымдық белсенділігін арттыру.

б) сауаттылыққа баулу, алған білімі негізінде ойлау қабілетін дамытып, шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты өту.

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, қималар, таблица.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгелдеп, сабаққа дайындыған және оқу құралдарын тексеремін.

Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, ойын бір ортаға топтау мақсатында ортаға мынадай ой тасталады:

-Біздің бүгінгі және ертеңгі, болашақтағы мақсатымыз не?

Балалар осы сұрақтарға мына түрде жауап береді:

-Оқу, білім алу.

-Тәрбиелі, саналы азамат болу.

-Еңбек ету.

-Ел экономикасын, мәдениетін көтеру.

-Өзімізден кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге көрсету.

-Ол үшін не істеу керек?

-Үлкенді тыңдап, кішіге қамқорлық көрсетіп, сабақты зейін қоя тыңдау керек.

-Біз ата- бабаларымыздың салт-дәстүрін жаңғыртатын, жаңалыққа ұмтылған ізденімпаз оқушылармыз!

Өткен материалды еске түсіру.

Тақтаға етістіктің мағыналық топтары жазылған, «Мағыналық белдеулер» сызбасы

ілемін. Ондағы стрелкі әр сабақ жаңа тақырып өткен кезде жылжып отырады.


Е Болымда

Т Болымсыз

І

С Салт

Т Сабақты

І Етіс

К Есімше

Көсемше

-Балалар, біздің етістіктер ширегіндегі соңғы аяқталған белдеуіміз- етіс. Стрелкі етісті көрсетіп тұр. Бұл тақырыпта, оның түрлерімен толық танысып шыққан болатынбыз. Өткен материалды еске түсіру үшін мына қималардағы сұрақтарға жауап берулерің керек.

Қимадағы сұрақтар:


  1. Етіс дегеніміз не?

  2. Етістің қандай түрлері бар?

  3. Етістер етістіктерден қалай жасалады, мысал келтір.

  4. Өздік етіс нені білдіреді және қандай жұрнақтар арқылы жасалады, мысал келтір.

  5. Өзгелік етіс нені білдіреді және қандай жұрнақтар арқылы жасалады, мысал келтір.

  6. Ырықсыз етіс нені білдіреді, қандай жұрнақтар арқылы жасалады, мысал келтір.

  7. Ортақ етіс нені білдіреді, қандай жұрнақтар арқылы жасалажы, мысал келтір.

  8. Бір түбірге бірнеше етіс жұрнағы қалай жалғанады, мысал келтір.

  9. Етістік дегеніміз не? Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?

  10. Етістіктер құрамына қарай нешеге бөлінеді, мысал келтір.

Жаңа тақырып

Есімше. Есімшенің жасалуы мен түрлері

Мақсат қою кезеңі.

Бүгінгі тақырыпта нені білуіміз керек? Тақтаға сабақтың мақсаты жазылған плакат ілемін.

  1. Есімшенің ережесін.

  2. Есімшенің жасалу жолдарын.

  3. Есімшенің өзіне тән ерекшеліктерін

  4. Есімшенің сөйлемдегі қызметін.


Бүгінгі тақырыпта нені үйренуіміз керек? Тақтаға үйренілетін сұрақтар жазылған плакат ілемін.

  1. Есімшені етістіктің басқа түрлерінен ажырата білу.

  2. Қай сөйлем мүшесі бола алады?

  3. Есімше жасай білу.


Осыдан кейін тақтаға сөйлем жазылған плакат ілемін.

М.: Жүгірген жетпес, бұйырған кетпес.

Естіген құлақта жазық жоқ..

Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар.

Осы сөйлемдерден балалардың өздері етістіктерді табады. Сұрақ қою арқылы етістіктің түбірін, қосымшасын ажыратады.

Бірінші сөйлемде етістік жүгірген, түбірі- жүгір, -ген-қосымша.

Жүгірген- қимылдың белгісін білдіріп тұр. Жетпес, түбірі –жет, -пе -болымсыз етістіктің жұрнағы, –қосымша. Жетпес- қимылды, іс-әрекетті білдіріп тұр.

Екінші сөйлемде етістік- естіген, түбірі – есіт, -ген –қосымша. Естіген –қимылдың сапасын білдіріп тұр.

Үшінші сөйлемде: ойын, ойнаған, түбірі- ойын зат есім, –зат есімнен етістік тудырушы жұрнақ, -ған –қосымша.

Ойнаған –қимылдың сапасын білдіріп тұр.

Азар, түбірі –аз, -ар – жұрнақ..

Озар - қимыл-әрекетті білдіріп тұр.

Осы сөйлемдердегі етістіктерді тауып, оның түбірін, мағыналық түрлерін бірге анықтап, көз жеткіздік. Бүгінгі тақырыпта есімшенің бірнеше қасиеттерін анықтап аламыз және оларға жеке-жеке тоқталамыз.



Мысалдардан көргеніміздей есімше- етістіктің ерекше түрі. Түбірі етістіктен болған бірде етістер, бірде есімдер қызметін атқаратын етістіктің түрі есімше деп аталады.

Есімше есімдердің орнына заттанып қолданылғанда септеледі, көптеледі, тәуелденеді.
Есімшенің жасалу жолдары

Есімше етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына төмендегідей жұрнақтар жалғану арқылы жасалады. Тақтаға жұрнақтар жазылған плакат ілемін.


1. –қан, -кен, - ған, -ген -өткен шақ есімше.

М.: айт-қан, жаз-ған, көр-ген, кет-кен.

2. –ар, -ер, -р, -с - болжалды келер шақ.

М.:айт-ар, жаз-ар, көр-ер, көрме-с.

3. –мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек. – мақсатты келер шақ.

М.: айт-пақ, жаз-бақ, көр-мек, сез-бек.

4. –атын, -етін,-йтын, -йтін - ауыспалы келер шақ.

М.: бар-атын, кел-етін, қара-йтын, сөйле-йтін.


Есімшенің өзіне тән ерекшеліктері

  1. Етістік заттың қимыл, әрекетін білдірсе, есімше заттың қимылдық белгісін білдіреді.

М.: Кітап оқылды – оқыған кітап

Адамдар келді – келген адамдар



  1. Есімшеде етістіктің де, есім сөздің де белгісі болады.

Етістік белгісі – есімше етістік түбірден жасалады. М.: оқыған келген.

Есімше белгісі – етістік түбірден жасалса да есімше есім сөздер сияқты көптеледі, септеледі, тәуелденеді.

  1. Есімше есімдердің ішінде сын есімге ұқсайды. Сын есім сияқты зат есімнің алдында келеді. М.: орылған егін, жазылған жазу.

  2. Есімше зат есім сөзімен тіркесіп айтылмай, зат есім сөзі түсіріліп, есімше сол заттың орнына қолданылса, ол заттанып зат есім үлгісімен көптеледі, септеледі, тәуелденеді.

  3. Есімше етістер қызметін атқарғанда үш шақта айтылады.


Есімшенің сөйлемдегі қызметі

Тақтаға сөйлемдер жазылған плакат ілемін.



  1. Өмірді білмеген адам жазушы бола алмайды. Анықтауыш

  2. Бұл келгендер 6-сынып оқушылары екен. Бастауыш

  3. Жатқанға жан жуымас. Толықтауыш

  4. Қуанғаннан күліп те жүр. Пысықтауыш

  5. Үлкенді тыңдасаң, жақсы, түзу кісі болып өсерсің. Баяндауыш

Біз есімшемен, оның ерекшеліктерімен, жасалу жолдарымен, сөйлемдегі қызметімен таныстық. Енді алған білімді пысықтау мақсатында практикалық жұмыстар орындаймыз.



Сұрақтар:

Есімше деген не?

Есімшенің өзіне тән қандай ерекшеліктері бар?

Етістіктерге тән ерекшеліктері неде?

Есімдерге тән ерекшеліктері неде?

Есімше қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

Есімше сөйлемде қандай қызмет атқарады?

Есімше қанша шақта айтылады?
2. 250-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, есімшелерді табыңдар. Олардың түбірі мен қосымшаларын ажыратыңдар. Бұл жаттығуды екі оқушы жазбаша орындайды, қалған оқушылар ары қарай ауызша орындайды.

3. Перфокартамен жұмыс. Есімше қосымшаларының дұрыс жалғануын белгілеу. Әр оқушыға

жеке-жеке перфокарта беріледі. Олар өз бетінше орындайды.





тазала

көр

оқы

биле

сыйла

ұста

жет

-мақ

+




+




+

+




-мек




+




+










-бақ






















-бек






















-пақ






















-пек






















-атын






















-етін




+
















-йтін










+










-йтын

+




+




+

+




-ар






















-ер




+













+









+

+

+

+







  1. Тапсырма. Әр оқушының қолына қима беріледі. Берілген сөйлемдердегі етістіктерді есімшеге айналдырып атқаратын қызметіндегі өзгерістерді, айырмашылықтарды табу.

Екі оқушы тақтаға шығады. Қалғандары орындарында отырып дәптерге орындайды.
Берілген сөйлемдер: Есімшеге айналған түрі

Қоңырау соғылды - Соғылған қоңырау

Ақындар айтысты - Айтысқан ақындар

Шалғын жайқалды - Жайқалған шалғын

Тас қаланды - Қаланған тас

Шам сөнді - Сөнген шам

Ақша төленді - Төленген ақша

Ән шырқалды - Шырқалған ән

Тақтадағы оқушылардың орындаған тапсырмалары тексеріліп, қалған оқушылар сол бойынша қателерін дұрыстайды.




  1. «Шым- шытырық» ойыны. Шым-шытырық есімшелер мен зат есім сөздер жазылған плакатты тақтаға ілемен. Сол есімшелерді мағыналық жағынан сәйкес келетін зат есімдермен тіркестіріп, сызықтар арқылы жалғайды. Қай шақта тұрғанын анықтау керек. Сәйкес сөзді тапқан оқушы қол көтеріп тақтаға шығады, келесі солай талғасады.

Орылған егін, ұшқан құс, шабылған шөп, жүгірген аң, айтатын сөз, тыңдаған адам, оқыған адам, көрер көз, айтқан серт, айтар сөз, піскен ас, бастар тау, шырқалған ән, істейтін жұмыс, жарқыраған күн, салынатын үй.

Осы тапсырмалар орындалып болған соң жалпы қорытындыланады. Оларға мынадай сұрақ тасталады.



-Біз бүгін не үйрендік, білім қорымызға қандай мәліметтер қосылды?

- Есімшемен таныстық.

-Есімшенің жасалу жолдарымен.

-Есімшенің ерекшеліктерімен.

-Сөйлемдегі қызметімен.

- 3 шақта айтылуымен.



Сонымен бүгінгі тақырыпқа қорытынды жасалады.

Үйге тапсырмаса: Есімше. Есімшенің жасалуы мен түрлері. 251-жаттығу.

Бағалау:

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет