Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтің «Жапон балладасы»



Дата04.07.2018
өлшемі50,89 Kb.
#46360
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтің «Жапон балладасы» әңгімесі.

Сабақтың мақсаты: 1) әңгімелердің тақырыбын айқындап, идеялық мәнін ашу, маңызын түсіндіру; 2) оқушылардың қоғамдық-саяси көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, тіл байлығын дамытып, өз ойларын еркін жеткізе білуге, мәнерлеп оқуға жаттықтыру; 3) оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, адалдыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру.

Қолданылатын көрнекілік: буклет, слайд, тірек-сызбалар, Ғ.Мүсіреповтың шығармашылық жинағы, үнқабылдағыш.

Сабақ түрі: жаңа әдеби шығарманы меңгеру сабағы.

Әдіс-тәсіл: интерактивтік әдіс (пікірлесу, сұрақ-жауап, талқылау)

Сабақ барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысы, даярлығы тексеріліп, назарлары сабаққа аудартылады.

2. «Қандай іске кіріссең де таза қолмен кіріс». Үй тапсырмасы бойынша Ғабит Мүсіреповтің «Автобиографиялық әңгімесіне» талдау жұмыстары жүргізіледі.

а) Бір оқушы тақтаға Ғабит Мүсірепов туралы сызба сызады.



ә) Екінші оқушы «Автобиографиялық әңгімеде» жазушының суретіндегі сүйікті ұстазы Б.Өтетілеуов туралы тірек-сызбаны сызады.





3. «1945 жыл Қас қағым сәттегі алапат».

1945 жылғы 6 және 9-тамыздағы Америка Құрама Штаттарының II дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Жапонияны тізе бүктіру мақсатындағы Хиросима, Нагасаки қаларына атом бомбасын тастағаны жөнінде мұғалімнің кіріспе әңгімесі тыңдалады.

(Үнқабылдағыштан мұңды саз естіледі).

1945 жыл 6-тамыз. Таңертеңгі 8 сағат 15 минут. Хиросима.

1945 жыл 9-тамыз. Нагасаки.

Бомба күші 20 мың тонна тринитротолуола.

Апат отының ыстықтығы – 300 000 градус.

Екі қалада 300 мыңнан астам адам 2 секундта қырылып қалды. Әлі күнге дейін радиоактивтік сәуле өткен адамдардың балалары, немерелері ауруға шалдығып өмірімен қоштасуда.

а) «Жапон балладасы» - атом апаты туралы шығарма.

б)«Арқаның әңгімесі»

Бірінші қатарға алдыңғы сабақта «Арқаның әңгімесін» оқып келу тапсырылған. Оқушылар әңгіме мазмұнын қысқаша көркем әңгімелейді. Адамның арқасының суреті...

в) «Көздің әңгімесі».

Екінші қатар «Көздің әңгімесін» мазмұндап әңгімелейді. «Көздің үлкейтілген суреті тақтаға ілінген).

г) «Тастың әңгімесі».

Үшінші қатар «Тасытың әңгімесін» әңгімелейді. «Ескерткіш қара тас столдың үстінде!.

4. Сынып жұмыс «Терең сыршыл сезімталдықпен жазылған туынды».

Мәтін бойынша жұмыс.

Сұрақтар мен тапсырмалар.

5. «Қазақстан – бейбітшілікті сүйетін ел».

а) Семей полигонының жабылуы.

Олжас сүлейменовтің «Невадв-Семей» қозғалысын ұйымдастыруы.

ә) Кейіпкер адамзат баласына қандай тілек тіледі? (Мәтін бойынша теріп жазу).





6. «Бейбітшілік – халық ұраны».

а) «Ақ көгершін» әні орындалады.

ә) Мұғалім сабақты қорытады.

б) Оқушылар білімі бағаланады.



7. «Адамзат, атом апатынан сақтан!» Үйге осы тақырыпта шағын ойтолғау жазып келу.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет