Қос-қорған – 2018 «Ұлы Даланың жеті қыры» тарихи-танымдық сайысы Мақсаты



бет1/4
Дата16.05.2023
өлшемі277,95 Kb.
#176908
  1   2   3   4
Байланысты:
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ ойыны
Ұлы даланың жеті қыры фото, Қысқа мерзім жоспары

Кентау қалалық білім бөлімі
"Қос-Қорған" жалпы орта мектебі



«Ұлы даланың жеті қыры» 
тарихи-танымдық сайысы


Дайындаған:


Тарих пәні мұғалімі А.Басанов

Қос-қорған – 2018
«Ұлы Даланың жеті қыры» тарихи-танымдық сайысы


Мақсаты:
Жас ұрпаққа Елбасының айтулы мақаласын таныстыру, отансүйгіштік пен ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Қоғамға дұрыс көзқарасын қалыптастырып, сыншыл көзқарас жетілдіру.Тарихты зерттей алу қасиеттерін ашу.

Бүгінгі күн сайыста,


Сен ешкімнен қалыспа.
Біліміңді шыңдай біл
Бағыңды сынар жарыста.
Сұрақтары әр түрлі,
Тақырыпта қойылар
Бәйгеде озар жүйрік ой,
Шығуға кімнің ойы бар.

Армысыздар құрметті ұстаздар және оқушылар. Бүгінгі «Ұлы Даланың жеті қыры» тарихи-танымдық сайысымызға қош келіпсіздер. Бұл сайысымызды өткізудегі басты мақсатымыз Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жыл 21 қараша күні жариялаған «Ұлы Даланың жеті қыры» атты тарихи мақаласын оқушыларға түсіндіру және сол мақаладағы жеті тарихи баспалдақ негізінде тарихи сұрақтар қоя отыра мектебіміздің ізденімпаз және білгір оқушыларын өзара бақ сынастыру. Сайысымызға осында отырған оқушыларға сұрақтар қоя отырып қатысушыларды іріктеп аламыз және оларды «Тәуелсіздік» және «Бейбітшілік» топтарына бөлеміз. Осыдан кейін 7 тақырыптағы сұрақтарды қоя отырып осы топтардың арасында жеңімпаз топты анықтаймыз. Жеті тақырыбымыз Елбасымыздың жариялаған мақаласындағы жеті тарихи бөлімінің тақырыптарымен тұспа-тұс. Сайыс барысында мектебіміздің 6ә-сыныбы оқушылары дайындаған концерттік бағдарламамен де танысып барамыз.


Сайысымызды бастамастан бұрын Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы жариялаған «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы туралы қысқаша бейнебаян көріп тамашалайық.
Бейнебаян
Ендігі кезекте 6ә-сынып оқушысы Ж.Арзиматов дайындаған «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы туралы баяндамасын тыңдайық.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет