Өлең: «Алтын адам» Севинч Ахатова
«АЛТЫН АДАМ» тақырыбының сұрақтары:
«Алтын адам» қай жылы табылды? (1969 жылы)
«Алтын адам» табылған қорған қалай аталды? (Есік қорғаны)
Есік қорғаны Қазақстанның қай жерінде орналасқан? (Алматы облысында)
Есік қорғанын зерттеп, «Алтын адамды» тапқан белгілі археолог-ғалым: (Кемал Ақишев)
«Алтын адам» қазақ тарихының қай кезеңіне тән? (темір дәуірі, сақтар кезеңі)
«Алтын адам» ежелгі Қазақстанда өмір сүрген қай тайпаларға тән? (сақ тайпаларына)
Не үшін Есік қорғанынан табылған адамға «Алтын адам» атауы берілген? (киімінде алтынның өте көп болуына байланысты)
Келесі тақырыбымыз «Түркі әлемінің бесігі деп аталады». Жалпы түркі дүниесі Алтай тауының баурайларында пайда болғаны – бұл тарихи факт. Ал біздің Отанымыз Қазақстан осы Алтай тауының баурайларында орналасқан және кезінде ондаған түркі халықтарының Отаны болған. Сол себепті Отанымыз Қазақстанды Түркі әлемінің бесігі десек мүлде қателеспейміз. Осыған орай қазір 6ә-сынып оқушысы Д.Абдиеваның орындауында «Қазақстаным» өлеңін тыңдасақ.
Өлең: «Қазақстаным» Дилнора Абдиева
«ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ БЕСІГІ» тақырыбының сұрақтары:
552 жылы құрылған түркі мемлекетінің атауы: (Түркі қағанаты)
603 жылы Түркі қағанаты неше және қандай бөліктерге бөлінді? (екі бөлікке, Батыс және Шығыс болып)
704-756 жж. өмір сүрген мемлекет: (Түргеш қағанаты)
756-940 жж. өмір сүрген түркі мемлекеті: (Қарлұқ қағанаты)
Ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялаған тұңғыш түркі мемлекеті: (Қарахан хандығы)
Түркі халықтарынан шыққан белгілі ғалымдарды ата: (әл-Фараби, М.Қашғари, Ж.Баласағұни, А.Ясауи, әл-Бируни және т.б.)
Түркі халықтарының орталығы болып есептелетін қала: (Түркістан қаласы)
«Ұлы Жібек жолы» тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап алмастан бұрын 6ә-сынып оқушысы А.Шамшиддинова жазған Ұлы Жібек жолының маңызы туралы эссені тыңдасақ.
Достарыңызбен бөлісу: |