Т. Рысқұлов атындағы №24 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Абдиева Гүлнардың 2019-2020 оқу жылының 1 жартыжылдықтағы атқарған жұмысының есебі. Шығармашылық тақырыбым



Дата07.02.2020
өлшемі41,5 Kb.
#57372
Байланысты:
4 Б 1 ТОҚСАН ЕСЕП (2)

Т.Рысқұлов атындағы №24 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Абдиева Гүлнардың 2019-2020 оқу жылының 1 жартыжылдықтағы атқарған жұмысының есебі.

Шығармашылық тақырыбым: “Жаңартылған білім беру аясында бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін дамыту” Мақсатым: Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда жаңа технология элементтерін пайдалана отырып, ойлау қабілетін дамытып, шығармашылық қиялын жүйелеу, таным қабілеттерін дамыту. Әр оқушының жеке ерекшелігіне қарай білім беруде өзін-өзі дамыту процесіндегі интеллектуалдық- шығармашылық белсенділігін, болашағына дұрыс талдау жасай алатын қабілеттерін жетілдіру. 2019-2020 оқу жылының 2 тоқсаны 4 «Г» сыныбында 30 оқушымен басталып,30 оқушымен аяқталды. Келген-кеткен оқушы жоқ.Сыныпта жалпы 16- ұл бала,14- қыз бала бар.Бір оқушы,Мамадалиева Фарвиза,үйден оқытылады.Осы оқушы негізгі 5 пәннен қорытылып отыр. Сыныптың 2 тоқсан бойынша білім сапасы: 3- үздік, Сапа- 46,5 11–екпінді, Орта балл – 3,7 16- орташа. Үлгерім -100% Математикадан бақылау жұмысы: Қазақ тілінен бақылау диктанты: Оқу машығы сапасы: сапа- 46,6% сапа - 50% Сапа – 70% орта балы-3,5 орта балл – 3,6 орта б.- 4 үлгерімі-100%. үлгерім – 100% үлгерім-92% Қабілетті оқушылармен түзілген кесте бойынша күрделі логикалық тапсырмалар бере отырып ойлауын дамытып отырамын.Ал қолдауды ерекше қажет ететін оқушымен сабақ үстінде де және түзілген кесте бойынша каллиграфиясын түзеуге,байланыстырып сөйлеуін, халық ауыз әдебиет үлгілерін оқыта отырып тіл байлығын,сөздік қорын үнемі дамытып отырамын. Қыркүйектің 1-күні Білім күніне орай «Саналы ұрпақ- жарқын болашақ» тақырыбы аясында сынып оқушыларымен ашық тәрбие сағаты өткізілді. Қыркүйектің 22-сі күні тіл мерекесіне орай бастауыш сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған мәнерлеп оқу сайысында сынып оқушысы Аңламас Ержан жүлделі 3-орынды иеленіп,мақтау қағазымен марапатталды. Қазан айында «Phoenix Intellect» ғылыми-білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткізілген 4 сынып оқушылары арасында математика пәні бойынша Республикалық олимпиадасына бірнеше оқушылар қатысып, 1 жүлделі орындарға ие болды. Қараша айында «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бірнеше тілді меңгерген,қабілетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру мақсатында 2-11 сынып оқушылары арасында өткізілген облыстық «ALTYN QYRAN – ерекше дарын иесі» зияткерлік олимпиадасына қатысқаны үшін оқушыларым Суханберді Әлібек жүлделі 3-орынмен марапатталса, Ахмет Нұрайым және Айтжан Аяла сертификатталды. Қараша айында оқушым Қалдан Мади каратэ спорттық ойынынан облыстық жарысқа қатысып,жүлделі 1 орынды иеленіп,кубокпен, медальмен және мақтау қағазымен марапатталды. Желтоқсан айында мектепішілік сыныптар арасында өткізілген оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін арттыру мақсатында ұйымдастырылған ғылыми жобалар сайысында оқушым Ахмет Нұрайым «Лимон-цитрустылар патшайымы» тақырыбында жобасын қорғап, «Жас ізденуші» номинациясымен марапатталды.

Осы оқу жылында 4 сынып оқушыларын «Оқу жетістігін сырттай бағалау» (ОЖСБ) дайындығының барысында қараша және желтоқсан айларында алынған сынама қорытындысы нәтижесінде сынып оқушылары жалпы 40,8 % сапаны көрсетіп отыр.Осы сынама кезінде төмен көрсеткіш көрсеткен оқушылармен қосымша сабақтар ұйымдастырылып,дайындық жұмыстары күшейтілді. Ұсыныс: 1.Оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып оқушылардың танымдық қабілетін дамыту. 2. Ерекше қолдауды қажет ететін оқушылармен жекелеген пәндер бойынша қосымша сабақтарды күшейту.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет