Қос-қорған – 2018 «Ұлы Даланың жеті қыры» тарихи-танымдық сайысы Мақсаты


Эссе: «Ұлы Жібек жолының маңызы» Анажан Шамшиддинова



бет4/4
Дата16.05.2023
өлшемі277,95 Kb.
#176908
1   2   3   4
Байланысты:
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ ойыны

Эссе: «Ұлы Жібек жолының маңызы» Анажан Шамшиддинова

«ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ» тақырыбының сұрақтары:



  1. Ұлы Жібек жолы пайда болған мерзім: (б.з.б. ІІ ғасыр ортасында)

  2. Ұлы Жібек жолының атқарған қызметі: (Шығыс пен Батысты байланыстырған сауда жолы)

  3. Не үшін бұл сауда жолына «Ұлы Жібек жолы» атауы берілді? (негізгі тауар жібек болғандығынан және Шығыс пен Батысты байланыстырғандығынан)

  4. Ұлы Жібек жолының Қытайда бастау алған жері (Хуанхэ өзені)

  5. Ұлы Жібек жолының пайда болуына Қытайдың қай императоры түрткі болды? (У-Ди)

  6. Қазақстан территориясы бойынша Ұлы Жібек жолының негізгі қанша тармағы өтті? (екі тармағы)

  7. Ұлы Жібек жолының құлдырауына қандай құбылыс себеп болды? (Шығысқа теңіз жолдарының ашылуы)

Келесі тақырыбымыз «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың Отаны» деп аталады. Бұл тақырып сайысымыздың соңғы және шешуші тақырыбы. Осыған байланысты оқушыларымыз соңғы тақырып қарсаңында кішігірім миларын демалтып, ойларын сергітулері үшін 6ә-сыныбының қыздары орындауындағы «Алматының алмасы» әнін тыңдаңыздар.
Ән: «Алматының алмасы» Зияда Мирзахметова, Севара Шакарова

«ҚАЗАҚСТАН – АЛМА МЕН ҚЫЗҒАЛДАҚТЫҢ ОТАНЫ»



  1. Көптеген ғалымдар Қазақстанды алманың отаны деп есептейді. Себебі алма ағашының өте ежелгі қалдықтарын археолог-ғалымдар Қазақстан жерінен тапқан. Осы алма ағашы Қазақстаннан басқа өңірлерге қалай тараған? (Ұлы Жібек жолы арқылы)

  2. Апорт алмасының қай қалада өсірілген сорты Кеңес Одағы кезінде ең танымал алмалардың бірі болды? (Алматы апорты)

  3. 1865 жылы Воронеж губерниясының тұрғыны Е.Редько Верний қаласында алғаш апорт алмасын өсірген. Осы Верний қаласының қазіргі атауы қандай? (Алматы)

  4. 1900 жылы Франция астанасында өткізілген көрмеде Алматы апорты жоғары орындарға ие болды. Осы көрме қай қалада өткізілді? (Париж қаласы)

  5. Қазақстанда Шу-Іле тауының аласа жоталары мен оның айналасындағы шөл далаларында ғана өсетін қызғалдақтың түрі қалай аталды? (Регель қызғалдағы)

  6. Регель қызғалдағының екінші атауы: (Грейг қызғалдағы)

  7. Регель атауы бұл қызғалдаққа не үшін берілді? (тұңғыш рет Э.Л.Регель тарапынан суреттелген)

Осымен тарихи-танымдық сайысымыз аяқталды. Кезек қазылар алқасына беріледі және сайыс жеңімпазы анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет