Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға жаңа мәтінді меңгерту, жаңа сөздерді дұрыс қолдана білу



Дата31.01.2018
өлшемі216,4 Kb.
#36485
түріСабақ




Көкшетау аңыздары

Көкшетау аңыздары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға жаңа мәтінді меңгерту, жаңа сөздерді дұрыс қолдана білу.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, ойын және тілін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушының табиғатқа деген аялы көзқарасын қалыптастырып, сүйіспеншілік сезімін ояту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, жаттығулар, түсіндіру;

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,табиғатқа байланысты бейнефильм;

Сабақтың барысы:



І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды сабаққа жұмылдыру, түгелдеу.

Психологиялық дайындық, бір-біріне сәттілік, жақсы тілектер айту

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

а) Сөйлесу

б) Мұғалімнің кіріспе сөзі : Балалар, қазір сіздер әсем ән тыңдап, сабақтың тақырыбын айтыңдар. С. Сейфуллиннің «Көкшетау» әнін тыңдайды.

Мұғалімнің сұрағы: Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы не туралы деп ойлайсыңдар? Бұл өлең не туралы?

Атақты Бурабай көлі қайда орналасқан?

«Қазақстан Швейцариясы» деп неге атайды?

Сабақтың мақсаты туған жеріміздің сұлу да көркем табиғаты туралы оқып білетін боламыз.

ІІІ. Ой шақыру (қызығушылықты ояту)




ІҮ. Жаңа тақырып. Кіріспе.

Табиғат Сарыарқаның алтын төсіне асыл алқа – Көкшетауды сыйлағандай. Сұлулығымен аты аңызға айналған Бурабай өңірі дара біткен арудай. Мол асыл арудың әрбір тасын, мөлдір суын, қайыны мен қарағайын халық әнге қосып, аңызға айналдырған.



Ү. Бурабайдың табиғатына байланысты бейнефильм (слайд) көрсету.

ҮІ. Сөздік жұмысын өткізу. Жаңа сөздерді қатыстырып, сөз тіркесі мен сөйлемдер құрастыру.(таңғаларлықтай, жалпақ жазира кең даласы, жаратушы, үлесіне)

ҮІІ. Мәтінмен жұмыс.

а) Мәтінді мәнерлеп оқу, аудару, мазмұнын түсіну.

ә) Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру

ҮІІІ. Грамматиканы еске түсіру. Тест жұмысы

Тест сұрақтары. /Өтілген тақырыптар бойынша/

1.Жуан дауысты дыбыстарды табыңыз.

А)ө,у

В)ы, и


С)а,о

D)е,ұ


2.Буын үндестігіне бағынбаған сөзді табаңыз.

А)етікші, балықшы

В)атаммен, өнерпаз

С)үйді, ұшқыш

D)таулар, қалалар

3.Тура мағыналы сөзді табыңыз.

А)күміс көмей

В)күміс алқа

С)күміс күлкі

D)күміс той

4.Тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз.

А)бөлменің

В)менің мектебім

С)кілемдер

D)айтамын

5.Зат есім тұлғасына қарай қалай бөлінеді?

А)сапалық, қатыстық

В)жалпы, жалқы

С)негізгі, туынды

D)деректі, дерексіз

6.Етістіктен жасалған сын есімді табыңыз.

А)жазғы кеш

В)тапқыр бала

С)кекшіл адам

D)тарихи қалалар

7.Өздік есімдігі қай түбірден тарайды?

А)өз

В)өзің


С)ө

D)өзі


8.Оқшау сөздердің белгісін табыңыз.

А)сөйлем мүшесі бола алады

В)тұрлаулы мүше қызметінде жұмсалады

С)сөйлем мүшесі бола алмайды

D)қиыса байланысады

9.Қимыл-сын пысықтауышты табыңыз.

А)Қарттың аты – Амантай.

В)Бес жердегі бес – жиырма бес.

С)Біз оны мұқият тыңдадық.

D)Оның арманы ауылға бару.

10.Абай, Шәкәрім, Мұхтар сынды ұлы тұлғалар қайда дүниеге келді?

А)Жетісу


В)Жамбыл тауы

С)Сарыарқа

D)Шыңғыстау.
ІХ. «Көкшетау» әнін тыңдата отырып, Бурабай өңірі туралы қысқаша эссе жаздырып, жазылған жұмысты оқытқызу, әннің сөзін беру.

Х.Сабақты қорытындылау(Рефлексия)

ХІ. Сабақты бағалау.

ХІІ.Үйге тапсырма . «Көкшетау» әнінің сөзін жаттап келу.

Кемпіртас жайлы аңыз

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға жаңа мәтінді меңгерту, жаңа сөздерді дұрыс қолдана білу.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, ойын және тілін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушының табиғатқа деген аялы көзқарасын қалыптастырып, сүйіспеншілік сезімін ояту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, жаттығулар, түсіндіру, сөзжұмбақ.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,табиғатқа байланысты бейнефильм,

Сабақтың барысы:



І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды сабаққа жұмылдыру, түгелдеу.

Психологиялық дайындық, бір-біріне сәттілік, жақсы тілектер айту

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

а) Сөйлесу минуты

ә) хормен «Көкшетау»әнін орындау

ІІІ. Ой шақыру (қызығушылықты ояту)

С. Сейфуллиннің «Көкшетау» пөэмасынан үзінді оқу



ІҮ. Жаңа тақырып. Кіріспе.Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Кемпіртас жайлы аңыз»деп аталады. Сабақта еліміздің табиғаты туралы аңызбен танысатын боламыз.

Ү. Бурабайдың табиғатына байланысты бейнефильм (слайд) көрсету.

ҮІ. Сөздік жұмысын өткізу. Жаңа сөздерді қатыстырып, сөз тіркесі мен сөйлемдер құрастыру.(танымал тас, жылқы тұқымы, көздің қарашығындай, күзетеді, білегін кесіп, сиқыршы, күн шапағы)

ҮІІ. Мәтінмен жұмыс.

а) Мәтінді мәнерлеп оқу, аудару, мазмұнын түсіну.

ә) Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру

б) «Дұрыс, бұрыс» ойыны






Сөйлемдер

дұрыс

бұрыс

1

Кемпіртасты туристер «мыстан» деп атайды.







2

Оған байланысты шығарылған аңыздар өте аз.







3

Мыстанмен шал алысады.







4

Мыстанның жарты денесі мен басы тасқа айналады.







5

Халықта осы тас туралы өлеңдер көп.







ҮІІІ. Жазба жұмысы 4-тапсырма Сөйлемде берілген фразеологизмдердің қазақша баламасын қойып, сөйлемді толықтырып жазу.


ІХ. Семантикалық карта

Х.Сабақты қорытындылау(Рефлексия)

ХІ. Сабақты бағалау.

ХІІ.Үйге тапсырма . 5-тапсырма 77-бет
ІІІ кезең. Бекіту кезеңі

Рефлексия



Маған ұнады Мен үшін жаңалық Маған қиын болды



Семантикалық карта



Сөздер

Зат есім

Сан есім

етістік

одағай

есімдік

ақыл
















біз
















осы
















Тәйт
















келді
















жиырма
















етікші
















Он-оннан
















айту
















Моһ-моһ


















Каталог: uploads -> doc -> 0041
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0041 -> Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту. Сабақтың тегі: Кіріктірілген сабақ
0041 -> Сабақ №2 Ақшаның пайда болу тарихы. Ақшаның қызметі мен ерекшеліктері. Ақшаның түрлері Сабақ мақсаты
0041 -> Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың
0041 -> Сабақ жоспары Қазақстан тарихы
0041 -> Қазақтың ұлттық ойындары
0041 -> Сабақ тақырыбы Қазақ хандығы жерлерін Хақназар хан кеңейте алды ма?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет