56. Көркем әдебиет стилінің ауызша формасы Жүргізуші: Сіздер «Дұрыс сөйлейік!»



Дата21.01.2017
өлшемі34,9 Kb.
#7537
56. Көркем әдебиет стилінің ауызша формасы
Жүргізуші: Сіздер «Дұрыс сөйлейік!» атты бағдарламаны тыңдап отырсыздар. Сіздермен бірге тіл маманы - Анар Мұратқызы. Енді көркем әдебиет стилінің ауызша формасы жайлы түсіндіріп берсеңіз.

Анар ханым: Бізді тыңдайтындар тіл үйренушілер ғой. Оларға, әрине білгені артық болмайды. Бірақ о баста, тілді жаңа үйреніп жүргендер болса, енді олар күнделікті қарым-қатынастағы, әлеуметтік тұрмыстық аядағы сөйлеу стиліне қатысты тілдік білімдерді бірінші кезекте жинақтайды. Алайда мынау қазақ тілінің эстетикалық кез келген тілде болатындай функциясы бар, қызметі бар. Біз кез келген тілді үйренген кезде, ойлаймыз, бұл тек қана біздің қарым-қатынасымызды орындауға арналған тіл деп ойлайсыз – әрине ол бірінші мақсат. Сіз біреумен қарым-қатынас орнату, дітіңізді орнату деген сияқты. Бірақ қалай болғанмен де, кез келген тілді үйренсеңіз, сол тіл арқылы сіз көркем дүниелерді тани бастайсыз. Ол тілдің өріліп кеткен функциялары тілдік құралдардың ішінде бірге жүреді. Интеллектуалдық функциясы мен эмоцияналдық функциясы кез келген тілдік бірлікте бірге жүреді. Сонда қазақ тілінің көркем әдебиет стилі туралы кішкене тыңдармандарымыз хабардар болса, мүмкін қызығушылығы туып, осы көркем әдебиет стилінен кейін де тілді меңгеріп алуға ұмтылар. Болмаса, күнделікті тұрмыста қала мәдениетінде, әсіресе мына театрға бару, кинофильмдер көру немесе мына ақын-жазушылармен кездесуге бару деген сияқты мәдени шараларға біздің тыңдармандарымыз қатысып қалып жатса, сол қай мазмұнда, қандай мақсатта ол кісілердің сөздері жұмсалып тұрғанын, ең құрығанда, біліп отырады. Сондықтан көркем әдебиет стилі туралы да азғантай болса да, ақпарат берейік. Әйтпесе кез келген біздің бағдарламаның тақырыбы 5 минутта айтылатын дүние емес. Одан да терең, көбірек айтуға болады. Дегенмен көркем әдебиет стилінің бірінші мақсаты – мейлі жазбаша мәтін болсын, ауызша мәтін болсын, адамның эмоциясына әсер ету. Адамның эмоцияларын тудыру. Сол эмоцияларын тудыру арқылы адамды игілікке, жақсылыққа, әдемілікке, әсемдікке тәрбиелеу, үйрету. Адамның бойындағы жақсы қасиеттер бар болса күшейту, жоқ болса, тәрбиелеу, тудыру. Көркем әдебиеттің осындай үлкен, ұлы мақсаты бар. Сондықтан мынау көркем әдебиеттің барлық жанрындағы мәтіндер көркем әдебиет стилінде дайындалады. Көркем әдебиет стилінің ауызша формасына не жатады десеңіз? Оған, мысалы, ақын-жазушылар өздерінің өлеңдерін дауыстап оқып беретін болса, ол сол көркем әдебиет стилінің ауызша формасы. Немесе сіз ақынмен, журналистпен көркем шығарма туралы сөйлессеңіз, көркем образдар, көркем шығармадағы кейіпкер туралы сөйлессеңіз, онда да осы екеуара сөз де осы негізінен көркем әдебиет стилінің ауызша формасында жатады. Енді қандай жанрлары бар десеңіз, мынау қазақтың дәстүрінде, ұлттық әдебиет жанрындағы көнеден келе жатқан әңгіме айту жанрын айтуға болады.

Жүргізуші: Ауыз әдебиеті

Анар ханым: Иә, дұрыс айтасыз! Халық ауыз әдебиетінің бүкіл жанрларын жатқызуға болады. Әңгіме айту жанры деген бір ерекше, осыны мен шет жағасын бала кезімде көріп қалдым, ауылдың қариялары, ақсақалдары отыра қалған кезде, кәдімгідей бір ерекше әңгіме қозғайтын. Жүйелеп, бір болған оқиға туралы... Сосын оны жай айта салмайды. Оны көркем, бейнелі сөздермен, неше түрлі теңеулермен...

Жүргізуші: Нақты даталарымен...

Анар ханым: Дұрыс айтасыз, нақтылығымен, метафоралармен, сол кейіпкердің бүкіл эмоциялық жай-күйінен түгел сипаттап, тыңдарман құлағының құрышын қандыратын.

Жүргізуші: Шежіре қарт деп жатады ғой.

Анар ханым: Иә, мысалы мынау «Мың бір түн» деген Шығыстың ертегілері әңгіме айтудың көне бір дәстүрінде жазылған. Соны егер біз ауызша айтатын болсақ, міне, осы көркем әдебиет стилінің әңгіме айту жанрындағы ауызша формасы. Енді осы көркем әдебиет стилінде мәтін тудырғыңыз келсе, сіз бірінші кезекте не ойлайсыз? Бірінші кезекте сіз сөзіңіздің бейнелі болғанын ойлау керек. Мысалы, ай жарық деп айтсақ, бұл фактінің болғаны туралы констатация. Мысалы, ай жарық болып тұр дегенді білдіреді. Ал енді ай сүттей жарық десек, бұл бейнелі я? Сүтті көрген адамға бұл қатты әсер етеді. Дәл осылай көркем әдебиет стилінде қарапайым құбылыстарды образдар арқылы беру. Мысалы, Абайдың: «Қараңғы түнде тау қалғып» - деп Гетеден Лермонтов аударған, Лермонтовтан Абай аударған өлеңді, Қараңғы түнде тау қалғып дейді. Енді тау қалғымайды ғой. Бірақ оған адамға тән қимыл-әрекеттерді беріп отыр. Мысалы, тағы да осындай мысалдардан келтіретін болсақ, «Жапырақ жүрек жас қайың, жанымды айырбастайын» - деген Мұқағалидың «Сен қайың бола бастасаң, мен адам бола бастайын» - дегені, қайың адам болмайды ғой. Сол қайыңды образды, адам сияқты елестетіп және оның жапырағын жүрекке теңеп, менде бар бір жүрек, сенде бар мың жүрек деп, міне, осылай адамға көркем әдебиет стилінің негізгі мақсаты адамның эмоцияларына әсер ету, соған сәйкес, кез келген ақиқат дүниедегі құбылысты образ түрінде беру.

Жүргізуші: Көп рақмет, Анар ханым! Көркем әдебиет стилі жайлы біраз мағлұмат алдық.
Каталог: static -> electronic book -> text80
text80 -> 30. Уәжcіз ауытқулар Жүргізуші: Құрметті тыңдармандар, «Дұрыс сөйлейік»
text80 -> 6. Ауызша сөз нормаларын қайдан білеміз? Жүргізуші: «Дұрыс сөйлейік!»
text80 -> 11. Сөз ағымы бірліктері Жүргізуші: Бұл «Дұрыс сөйлейік!»
text80 -> 29. Уәжді ауытқулар Жүргізуші: Құрметті тыңдармандар, «Дұрыс сөйлейік»
text80 -> 73. Грамматикалық қателер Жүргізуші
text80 -> 23. Бата беру Жүргізуші. Құрметті тыңдармандар, бұл – «Дұрыс сөйлейік»
text80 -> 72. Сөздерді дұрыс айтпау Жүргізуші: Қадірменді тыңдармандар, бұл – «Дұрыс сөйлейік!»
text80 -> 64. Дайындықсыз ауызша сөздегі қателер Жүргізуші: Құрметті тыңдармандар, бұл – «Дұрыс сөйлейік!»
text80 -> 41. Ауызша сөздің үлкен 2 типі: дайындықты және дайындықсыз Жүргізуші: Құрметті тыңдармандар, бұл – «Дұрыс сөйлейік»
text80 -> 20. Қоштасу Жүргізуші: Бұл «Дұрыс сөйлейік!»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет