Қайың
Қайың сымбатты ағаш. биік болып өседі. жазда тәулігіне қырық шелектей ылғал тартады. Қайыңнан алынатын нәрсенің бәрі кәдеге асады. Оның бүршіктерінен дәрі әзірленеді. Бұтақтарынан сыпырғыш жасайды. Қабығынан халық шеберлері себет пен ыдыстар тоқиды. Қайың отыны пещке маздап жанады. Қайың ағашынан жиһадар жасалады.
Жаз кезінде қайың тоғайын аралау қандай ғанибет десеңші! Кіршіксіз таза ауа да сонда. (54 сөз)
Бірінші сөйлемді сөз таптарына талдаңдар.
Мәтіннен лепті сөйлемді табыңдар.
Бекіре
Бекіреде тұрақты мекен жоқ. Ол көшпелі балық. Бекіренің шабақ шағы өзенде өтеді. Олар өсіп жетілген соң теңізге бет алады. Мұнда оларға азықтар өте мол. Бұл балықтар ерекше дәмді және жұмсақ етімен атақты. Олардың әйгілі қара уылдырығы дүние жүзінде бағаланады. Көптеген бекірелердің дене тұрқы үш метрге жетеді. Салмағы екі жүз килограмға дейін барады.
(54 сөз)
Бірінші сөйлемді жуан буынды сөздерді бір, жіңішке буынды сөздерді екі сызыңдар.
Мәтіннен сан есімді табыңдар.
Жолаушылар.
Біз Қараойдан кешкісін шықтық. Аяққұдық деген құдыққа жеттік. Осы құдықтың басында дем алмақ болдық. Аттарды қаңтарып арбаға байладық. Мен жерге жата кеттім. Жер сыздау екен. Болатбай жерге қалың сабан төседі. Біз сабан үстіне жаттық. Самал жел сабанды анда-санда сыбдырлатады. Мен елегізіп біраз ояу жаттым.
Дала түні қызық қой! Жер ана маужырап ұйқыға кетіпті.
(54 сөз)
Мәтіннен біріккен сөздерді табыңдар. Астын сызыңдар. Дыбыстық талдау жасаңдар.
Ойларыңнан екі түбірден біріккен кісі аттарын жазыңдар.
Ф әрпі бар үш сөз ойлап жазыңдар. Оларға дыбыстық талдау жасаңдар.
Шахта
Шахтаны менің көргім келді. Оның қайда екенін білуші едім. Әкем сыйлаған фонарымды алдым. Өйткені шахта жер астында. Ақыры шыдамым жетпеді. Шахтаға қарай бет алдым. Тау етегінде үлкен үй тұр. Сол үйге кірдім. Іші толған шахтер екен. Бір ағайдың соңынан ере бердім. Бір кезде үлкен залға кірдім. Залдың ортасында темір тор тұр. Сол сәтте тор ішінен қоңырау сылдырлады. Ағай тордың есігін жапты. Тор шахтерлерді төмен алып кетті. (65 сөз)
Үшінші сөйлемді сөз таптарына талдаңдар.
Шахтер деген сөзді жіктеп жазыңдар.
Қазақ тілі пәнінен 4-сыныптарға арналған тест тапсырмалары №1
1.Төмендегі сөздердің қайсысы буынға дұрыс бөлінген?
А) өз-ен В) ө-зен С) ө-зе-н
2 Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
А) 22 В) 42 С) 30
3.Дауыссыз дыбыс түрлерін ата:
А) жуан,ұяң,қысаң В) қатаң,ашық,үнді С)қатаң,ұяң,үнді
«Қ» дыбысына аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, «қ» дыбысы қандай дыбысқа айналады?
А) «Р» В) «Х» С) «Ғ»
Мәтін дегеніміз не?
А) Екі не одан көп өзара байланысқан сөйлемді мәтін дейміз
В) Ұзақ бір сөйлемді мәтін дейміз
С) Бір сөйлемге жинақталған сөз тізбегін мәтін дейміз
6.Берілген сөйлемнің қайсысы хабарлы сөйлем?
А) Көшеге кім шықты В) Ертең демалыс С) Мерекелеріңізбен достар
Қосымша нешеге бөлінеді?
А) 3 В) 2 С)Қосымша бөлінбейді
8.Заттың атын білдіретін сөздерді не деп атайды?
А) Етістік В) Есімдік С) Зат есім
9.Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?
А) Не істеді?неғылды?қайтті? В) қандай? С) қашан?
10.Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің қандай мүшелері?
А) тұрлаусыз В) тұрлаулы С) анықтауыш
Сөйлемдегі толықтауышты көрсет: Құстар тоғайға қонды.
А) Құстар В) қонды С) тоғайға
12.Көп нүктенің орнына тәуелдік жалғаулы сөздерді қой.
Менің———— Сенің———- Оның————-
А) дәптер, дәптерің, дәптері В) дәптерім, дәптерің, дәптері С) дәптерім, дәптерің, дәптерлері
13.Етістікті көрсет:
А) Ораза, айт В) Сөз, тіл С) Айт, сөйле
14. Есімдікті көрсет:
А) біз, біздер В) біз, ине С) жүр, тұр
15.Туынды сын есімді көрсет
А) білгіш, айтқыш, байқағыш В) өнерлі, таза, әдемі С) үлкендеу,ақыл, айна
Тест тапсырмалары №2.Қате жазылған сөзді тап.
а) аспазшы в) аспашшы с) теңізші д) үйірме
2.Бір сөзбен қалай аталады? «Төбе шашы тік тұрды»
а) Береген в) Ұялу с) ұрланды д) қорқу
3. «Ағамыз» деген сөздің қайсысы етістік?
а) Ескек ескен ағамыз в) Ескелді айдынында ағамыз
с) Асау ертіс айдынында ағамыз д) Ескелді ағамыз
4.Мына қатардың ішінен сөйлемді тап.
а) Әсел билейді в) жылады с) жануарлардың д) Түн
5.Бірінші сыңары сын есім, екінші сыңары зат есімнен болған сөз тіркесін тап
а) Екі бала в) Тұнық су с) сегіз жыл д) тез оқу
6. Қарсы мәндес сөздерді табыңыз
а) ағаш,бұта в) терең-таяз,күн-түн с) жол-жол д) ажарлы,әдемі
7.Мына тұрақты сөз тіркесінің мағынасын табыңыз? «Қуанышы қойнына сыймады»
а) армандады в) қатты қуанды с) жылады д) ойлады
8.Қай сөзде «Ң» әрпі жазылады?
а) Досжа… в) жа…бады с) са…а д) жа…ғақ
9.«Өжет» сөзіне мағынасы жуық сөзді тап.
а) Батыл в) Өнерлі с) Әлсіз д) қорқақ
10.Бірыңғай жуан дауыстан тұратын сөзді табыңыз?
а) көңілді в) зеңгібаба с) қызғалдақ д) жияды
11. Қысқарған сөздерге қосымшалар қалай жалғанады?
а)үтір арқылы в)бөлек жазылады с)бірге жазылады д)сызықша арқылы
12.Жіктік жалғауы жалғанған зат есімді табыңыз?
а) Бөлмем в) Дәрігермін с) Ұшаққа д) Бейбітшілікті
13. Есептік сан есімді табыңыз?
а) Төртінші в)Екі мың бірінші с) Алты д) Бесеу
14. Жалаң сөйлемді тап.
а) Өзеннің суы тұйық в) Мысық иттен қашты с) күн күркіреді д) Сәуле сурет салды
15. Ілік септігіндегі сөзді белгіле.
а) Айгүл,итке в) гүлдің,гүлде с) күнге,күннен д) гүлдің,айдың
Тест тапсырмалары №3
1.«Альпинист» сөздегі әріп пен дыбыстың санын анықта:
а) 9 әріп, 8 дыбыс в) 9 әріп,9 дыбыс с) 8дыбыс, 8 әріп д) 9дыбыс, 8әріп
Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
а) 5 в) 4 с) 3 д) 2
2. Ұяң дауыссыз дыбыстар қатарын тап:
а) к,қ,п,т,с,ф в) б,в,л,м,н,ң, с) л,м,н,ң,р,п д) б,в,г,ғ,д,ж,з
3.Жіктік жалғауының II жағында тұрған сөздер қатарын тап:
а) ғалыммын в) тарағың с) дәрігерсің д) ұшқышпын
4.Сөйлем айтылуына қарай нешеге бөлінеді?
а) 3 в) 4 с) 5 д) 2
5.Тұрлаусыз мүшелердің сұрағын белгіле:
а) кім?кімдер? в) не істеді?қайтті? с) не?нелер? д) қандай?нені?
6.Тұрлаулы мүше нешеге бөлінеді?
а) 3 в) 2 с) 4 д)5
7.Сөйлемдегі баяндауышты тап: Тек мектептің терезесінде ғана шам жанып тұр.
а) терезесінде ғана в) шам жанып тұр с) жанып тұр д) тек
8.Мағынасы қарама-қарсы сөздерді тап:
а) сирек-сирек в) төбе-төбе с) сымбатты д) жолдас-дұшпан
9. Туынды түбір сөзді анықта:
а) күріш в) күрек с) кезекші д)көйлек
10. Жалқы есімді тап
а) партизандар в) панфиловшылар с) Жаяу Мұса д) солтүстік
11. III жақтағы тәуелдеулі сөзді тап:
а) қағазың в) қағазым с) қағазыңыз д) қағазы
12.Болымсыз етістікті тап:
а) ойлан в) шалынба с) сындыр д) көтеріп алды
13Бір түбірдегі бірнеше туынды сөз жасалатын сөздер қалай аталады?
а) түбір сөз в) негізгі түбір сөз с) түбірлес сөз д) туынды сөз
14. Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөзді анықта:
а) көзқарас в) бұлақ с) күміс д) әдісқой
Тест тапсырмалары №4
1.Рет-ретімен,белгілі тәртіппен орналасқан әріптер жиынтығы
А) сөз В) сөйлем С) сөз тіркесі Д) әліпби немесе алфавит
2.Алфавитте 3-ші орналасқан әріп
А) ә В)б С) в Д) я
3.Қатаң дауыссыз дыбыстары бар сөз
А) бор В) құлақ С) қасық Д) шаң
4.Қатты сөзінің антонимін (қарсы мәндес сөз) табыңыз
А) қатаң В) жеңіл С) жұмсақ Д) жұқа
5.Сөздің одан әрі өзгертуге келмейтін мағынасы бар бөлігі
А) қосымша В) жалғау С) түбір Д) жұрнақ
6.Қазақ тілінде неше септік бар?
А) 9 В) 5 С) 6 Д) 7
7.Шығыс сетігінде тұрған сөзді табыңыз
А) аспан В) матамен С) топырақтан Д) Әйгерімді
8.ІІ жақта тәуелденген сөзді тап
А) кітабы В) дәптерім С) қобызың Д) гүлдер
9.Көптік жалғауын табыңыз
А) ды,ді В) лар,лер С) ым,ім Д) дан,ден
10Біріккен сөзді табыңыз
А) тасбақа В) тап-таза С) кг Д) қызыл ала
11. Күрделі сөздің қайсысына жататынын анықта: Марат Омаров
А) қос сөз В) біріккен сөз С) қысқарған сөз Д) сөз тіркесі
12.Жалаң сөйлемді табыңыз
А) Бала сабақ оқыды. В) Балалар жүгіріп жүр.С) Балапан жем теріп жүр.Д) Бала далаға шықты.
13.Жалқы есімді табыңыз
А) қала В) Астана С) астана Д) жер
14. Негізгі зат есімді табыңыз
А) терезе В) көлшік С) тазалық Д ) бірлік
15. Туынды сын есімді табыңыз
А) әдемі В) көрікті С) таза Д) ақ
3-сынып қазақ тілінен тест
Достарыңызбен бөлісу: |