Ашық сабақ; «Ертегі терапиясын қолдану арқылы қатаң дауыссыз дыбыстарды бекіту»
Мектепке даярлық тобы.
ШҚО. с. Күршім. Күршім ауданы.
Логопед; Жантыкеева Б.Ш.
Сабақтың мақсаты ;1.Қатаң дауыссыз дыбыстары бар сөздерді табуға,айтуға үйрету , түзету арқылы сөздік қорын байыту.
«Қатаң дауыссыздар;к,қ,п,с,т,ф,х,һ.»
2. Сөйлеу артикуляциясын , ұсақ, ірі моторикасын, дамыту.
3.Рухани-адамгершілікке , сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:Слайдтар,Айна,Дыбыстар,Ертегі қуыршақтары,Ойыншықтар,т.б.
Сабақтың барысы; 1.Ұйымдастыру бөлімі.
а. Логомоторика .
б. Артикуляциялық жаттығуларды орындау.
-«улыбка», «трубочка»
-«вкусное варенье», «горка» т.б.
2. Негізгі бөлім;
а. Қуыршақ театры; «Шұбар тауық»
Ата мен апа болыпты, олардың шұбар тауығы болыпты. Шұбар тауық бір күні жұмыртқа алып келеді. Жәй жұмыртқа емес, алтын жұмыртқа екен.
Ата мен апа, шұбар тауық, тышқан образдары шығып, өз сөздерін айтады.
б. Берілген буындардан сөз құрау;
Шұ- бар, та –у –ық, ты –ш –қа-н , жұм- ырт –қа.
в. Қатаң дауыссыз дыбыстарды кесте арқылы оқу.
г. Логопедиялық ойын ; «Тез ойла, сөз ойла.»
Қатаң дауыссыз дыбыстардан басталатын сөз айту керек. М – лы; тауық, тарақ,тышқан, көбелек, қоян, сауысқан, хат . т. б.
д. Сергіту сәті; Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен,
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
3. Бекіту бөлімі;
а. Логопедиялық ойын; «Қақпаға дәл кіргіз»
Доп тәрізді мақтаны, қарама-қарсы үрлеу.
б. Ойын; «Қайсысы жоғалды.» -Бір қатарға қойылған ойыншықтарды ,атап шығып, еске сақтап , көзді жұмғанан соң ,жоғалған ойыншықты атап, табу.
Піл, мысық, тауық, тышқан, қоян,күшік,сиыр.
4. Қорытынды бөлім;
Шұбар тауық ертегісі ұнады ма ? – осы ертегіні айтып берші.
-Ата мен апа неге қуанды ?
-Ата мен апа неге жылады ?
-Шұбар тауық оларды қалай жұбатты ?
-Тышқан не істеді ?
Қорытындылау.Мадақтау. Бағалау. Сабағымыз аяқталды.
Достарыңызбен бөлісу: |