Аю, түлкі, қасқыр үшеуі жарысты



Дата29.12.2021
өлшемі14,5 Kb.
#106471
Байланысты:
Документ (4)


Жеңімпаз аю

Аю, түлкі, қасқыр – үшеуі жарысты.

Қорбаңдаған аю араның ұясын бұзып кетті. Аралар аюды шаға бастады. Араларға таланған аю тез жүгірді.

Сөйтіп аю түлкі мен қасқырдан озып кетті.

Бор неден жасалады.

Бақыт пен Болат бор неден жасалады дегенге таласып қалды.


Бор тастан жасалады, – деді Бақыт.
– Жоқ. Бор топырақтан жасалады. Өйткені бор жұмсақ, тас қатты ғой, – деді Болат.
Балалар, Бақыт пен Болаттың айтқандары дұрыс па?
Ал сендер бор неден жасалады деп ойлайсың-

Жаралы кептер



Талап жаралы кептерді үйге алып келді. Жара-
ланған жеріне йод жақты. Кептерді қорапқа салды.
Алдына жем, су қойды.
Талап жазылған кептерді далаға ұшырды. Көк
кептер әуелеп ұшып кетті. Талап қатты қуанды.
Вокзал
Бұл - темір жол вокзалы. Ол үлкен және әдемі. Оған поездар үздіксіз келіп, кетіп жатады. Біз вокзалдың жанында тұрамыз. Бір әжей ауыр жүк көтеріп келе жатыр екен. Әжейдің жүгін көтеріп, автобусқа шығарып салдық. Әжей «Көп жасаңдар!» - деп бата берді. Үлкенге құрмет – балаға міндет.

Жарыс.
Ауылда ат жарысы болды. Жарымқа Жомарт, Жақан, Олжастар барды. Олар тай жарысына қатысты. Жомарт сыйлық алды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет