Сабақ тақырыбы: «Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары»



Дата28.01.2018
өлшемі182,54 Kb.
#35073
түріСабақ
Алматы қаласы, Ұлжан мөлтек ауданы №152 мектеп - гимназия

Ашық сабақ

тақырыбы:



«Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары»

Пәні: бейнелеу өнері

Бейнелеу пәні мұғалімі: Максутбаев Г.Е

5 сынып




Тақырыбы: «Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары»

Мақсаты:

А)білімділік: Оқушыларға бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары туралы жалпы мағлұмат

беру. Тақырыптың мәнін ашып түсіндіру.

Ә)дамытушылық: Оқушылардың танымдық қасиетін дамыту.Логикалық ойлау,дұрыс сөйлеу

қабілеттерін дамыту.

Б)тәрбиелік: Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.Кезеңдер бойынша суретті тез,әрі оңай

салуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі(типі) Аралас сабақ

Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі:

Интерак.тақта(слайд),көркем шығармалар, ұлы суретшілер шығармалары,плакаттар.

Кезеңдер бойынша суретті орындау тәсілінің сызбасы.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру:

1)Білімділік міндеттері:

А)Жұмыс істеу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету.

Ә)Оқушыларды қарым- қатынасқа психологиялық дайындау.

2)Кезеңінің мазмұны:

А)Сәлемдесу.

Ә)Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Б)Оқушылардың көңіл-күйін сабаққа аудару.

В)Сынып тазалығына көңіл аудару.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

-үйге берілген суретті тексеріп бағалау.Дұрыс салынған суреттерді оқушыларға көрсету,мадақтау.

-Қате салынған суреттерге сабақ барысында кемшіліктерін жеке түсіндіріп,қателеспеуге үйрету.

ІІІ. Өткен тақырыпты қайталау.

-Сұрақ жауап арқылы өткенді қайталау.

-Оқушылардың өткен материалды қалай меңгергендігін тексеру.

-Өткен материялды қайталата отырып, меңгерілген білімді оқушының есігде мәңгі қалтыру.

ІV. Жаңа сабақ

Тақырыпты баяндау.

Ақындар-өмірді өлең сөзбен,әңгімемен,күйшілер-музыка ырғағымен баяндайтын болса,

бейнелеу өнері өмірді қолмен ұстап, көзбен көргендей етіп, көркем бейнелер арқылы баяндайды.

Бейнелеу өнерінің ерекшелігі-суретшінің өз көзімен көріп,түсінген шындығын сол сәтімен айқын

көрсетуінде.Адам өмірінде бейнелеу өнерінің маңызы өте зор.Бейнелеу өнері алуан түрлі де, алуан

қырлы. ХІХ ғасырға дейін сәулет, мүсін және живопись өнердің басты үш түрі болып есептелді.

Ал ХІХ ғасырдың аяғына қарай графика қызметтік жәнее қосалқы түрден өнердің жеке және мүлдем

дербес түріне айналды.Соңғы 30 жылда өнердің дизайн сияқты түрі де өте қатты айқын бейнесін

тапты.Тағы бір бейнелеу өнерінің түрі біздің ұлтық өнеріміз-сәндік қолданбалы өнері.

-Арнайы дайындалған слайдты интерактивті тақтадан көрсете отырып сабақты түсіндірем.

Б. Ө.түрлері мен жанрларына жеке жеке анықтама беру.



Енді бейнелеу өнерінің түрлеріне жеке жеке тоқталайық.

  1. «Кескіндеме(живопись)»-бұл жазықтықтың бетіне (кенеп, ағаш,үй қабырғасының беті) жағылған әр түсті бояу қабаттарының көмегімен жасалған өнер шығармасы.Кескіндеменің графикадан айырмашылығы осында.Қолданылатын материалдарға (бояу)байланысты кескіндеме техникасының түрлері мынадай болады:майлы бояу,субояқ (акварель),темпера,фреска,мозайка.Бұл сөз орыстың «живой писать» «тірі жазу» деген сөзінен шыққан.



  1. «Сурет өнері(графика)»-қағаз немесе қатырмақағаз (картон) қарындаш, қаламұш, көмір, қылқалам

көмегімен немесе баспа машиналарымен салынған сурет.Бұл сөз гректің «grapo» «жазамын», «сурет саламын» деген сөзінен шыққан.

  1. «мүсін өнері (скульптура)»-шындық өмірді өзінің ерекше әдісімен көркем бейнеде көрсететін бейнелеу өнерінің бір түрі.Бұл сөз латынның «scuiptere»- бірдеңені «ойып алу», «қашау» деген сөзінен шыққан.Осы әдіспен жасалған,жұмсақ материялдан (сазбалшық,т.б.) сомдалған мүсіндер осы ұғыммен аталады.



  1. « Сәндік қолданбалы өнер(декоративті)»-бұл өнер латынша «decorare»- «әшекейлеу» өзіндік эстетикалық ерекшелігі бар,тұрмыста,еңбекте ұдайы қажеттілікке ие өнер.Сонымен қатар, ол тұрғын үйлерді,архитектуралық құрлыс орындарын,алаңды,саябақты әшекейлеу үшін де қолданылады. Әсіресе осы өнер түрі біздің елімізде өте ерте дамыған.Өздерің білетін әшекей бұйымдар (сырға,сақина т.б.),ұлттық киімдер,қару жарақтар,ұлттық музыкалық аспаптар,киіз үйіміз,оның ішіндегі жиҺаздар,ұлттық ыдыс аяқтар осының дәлелеі.



  1. «Сәулет өнері (архитектура)»-грек сөзі «arckitekton»- «құрлысшы», «сәулетші»-адамның өмірі мен қызыметіне қажетті материалдық орта құрайтын үйлер мен ғимарттар және олардың кешені, сонымен қатар, ол көпшіліктің эстетикалық көзқарасын қанағаттандыратын кешендер мен ғимараттарды жобалау мен тұрғызу өнері.



  1. «дизайн»-кез келген бір заттың(киім,техника,құрал жабдық.ғимарат,жарнама,тұрмыстық заттар,т.б.) ыңғайлы, ықшамды, көркем жаңа түрін ойлап табу. Біздің елімізде 1980 жылдары бейнелеу өнерінің жеке бір түрі болып қалыптасты.

Ендігі кезекте бейнелеу өнерінің жанрларына тоқтала кетейік

  1. «Натюрморт(жансыз заттар)»-француз сөзі,қазақша баламасы «жансыз заттар»- деген мағынаны береді.Олардың (жеміс жиектер,ыдыс аяқтар,гиометриалық денелер,құрал

жабдықтар т.б.)саны екі немесе оданда көп болуы керек.

  1. «Пейзаж (табиғат көрінісі)»-француз сөзі ,қоршаған ортаны бейнелеу,табиғат көрінісін бейнелі түрде көрсету.



  1. «Портрет (келбет)»-адам келбетін бейнелі түрде көрсету,бейнелеп салу. Олар екі түрге бөлінеді:автопортет және портрет. Автопортрет-адам өзін бейнелейді,ал портретте керісінше.



  1. «Тарихи жанр» -тарихта балған оқиғаларды көркем бейнелеу.



  1. «Батальдік жанр»-соғыс тақырыбына салынған суреттер.




  1. «Маринистік жанр»-орыстың «море» сөзінен шыққан сөз,өзен, көл, теңіз көріністерін бейнелеу.



  1. «Анималистік жанр»-жан жануарларды,аң-құстарды бейнелеу.



  1. «Тұрмыстық жанр»- әр халақтың тұрмыс тіршілігін бейнелеу.



  1. «Мифтік жанр»-аңыз-әңгімелер, ертегілерге байланысты салынған суреттер.



10.«Мультфильм жанры» - мультфильм (мултьфильмге арналған сурет салу)кейіпкерлерін бейнелеу.


V Сабақты қорыту

Сұрақ-жауап арқылы оқушылардың сабақты қалай түсінгендігін тексереміз ж-е жауаптарын

Толықтыра отырып олардың естерінде алған білімдері толық сақталып қалуына жағдай жасаймыз.

VІ Сарамандық жұмыс

Бүгінгі өтілген сабағымыздың тақырыбына байланысты кескіндеме өнерінің бір жанры натюрморт

саламыз.4 Кезең бойынша натюрморт салу.Кезеңдер бойынш нат-т салу схемасына қарай

отырып суретті оқушылармен бірге тақтаға бормен орындау.



VІІІ Үйге тапсырма

Тақырыпты қайталап оқу.Натюрмортты аяқтау.

VІІІ Бағалау

Сабаққа қатысқан ж-е суреттерін аяқтап үлгерген оқушыларға баға қою. Алған бағалары

жөнінде қысқа айтып өту.Қате салынған суреттер болса ескертулер жасау.Дұрыс жақсы салынған

суреттерді көрсетіп олардың жетістіктерінің себебін түсіндіру.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет