Сабақ: Өзін өзі тану Тақырыбы : Достық қымбат өмірде



Дата27.12.2016
өлшемі20,86 Kb.
#6051
түріСабақ
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы

1 жалпы білім беретін орта мектебі



Бастауыш сынып мұғалімі :

Бегенова Әдемі Дюсембекқызы



Сабақ: Өзін өзі тану

Тақырыбы: Достық қымбат өмірде

Мақсаты: Оқушыларға «достық»,«еңбек» ұғымдарының адамгершілік құндылықтары

ретіндегі мәнін ашу. «Қуану»,»шаттану» ұғымдарының тәрбиелік мәнін

түсіндіру.Әртүрлі көңіл күйді сезіне білуге,айналасындағы адамдарды

сыйлай білуге,қуанта білуге үйрету.Достарымен жағымды қарым қатынас

жасай білуге,өзара көмек,өзара сыйластық қарым қатынастарын дамыту.

Оқушылардың ой-өрісін дамыту,сөздік қорын молайту.Өз ойларын толық

жеткізе алуға баулу.Мәдениетті қарым қатынас жасауға үйрету.

Оқушыларды шапшаңдыққа,еңбексүйгіштікке,адамгершілікке тәрбиелеу.



Көрнекілігі: Сюжетті суреттер,жеке суреттер,достық туралы мақалдар

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ барысы:

Шаттық шеңбері

Оқушылармен шаттық шеңберіне қол ұстасып тұрып,сәлемдесу.

Бір біріне жақсы тілектер айту. Бір бірінің бүгінгі көңіл күйлерін сұрау. Хормен өлең жолын айту Алақай-ау,алақай!

Алақай-ау,алақай!

Бұдан былай мен енді,

Емеспін жай балақай!

Осыдан да көлемді

Оқи алам өлеңді.



Өзіммен-өзім

Мұғалімнің өтейін деп отырған тапсырмасы жайында ойын айтып,оқушылармен әңгіме жүргізуі. «Таңертеңгі көңіл күй»тіркесінің мағынасын ашып түсіндіру.



Тапсырма

Достық жайлы,балабақшадағы немесе сыныптағы достары жайлы ойларын сұрау.

«Менің достарым» тақырыбына әңгіме құрастыру.

Оқулықпен жұмыс

Адамдардың әртүрлі көңіл күйде болатынын түсіндіру мақсатында оқушыларға оқулықта берілген тапсырмаларды ұсыну .Мектепке не үшін барамыз?Сыныптас дегеніміз,ұстаз дегеніміз кімдер?Дос қандай болуы керек?



Мәтінмен жұмыс

1-сурет Тақтада ілінген сюжетті суреттер арқылы жұмыс жүргізу.

2-сурет,3-суретпен жұмыс.

Сұрақтарға жауап бере отырып,суреттердің тәрбиелік мазмұнын ашу.

Жақсы оқушы қандай болуы керек?Шын дос қандай болуы керек?сұр.жауаптар алу.

Ойын

«Мен қандай баламын?» ойынын ойнату.

Мұғалімнің жасырып қойған әртүрлі көңіл күйдегі суреттерді оқушы тауып,түсіндіріп береді.

Дәйексөз

«Әрбір таңғы қуаныш өмірге шаттық сыйлайды»деген халық даналығының бүгінгі сабағымызға қатысты айтылған дәйексөзі екенін оқушыларға түсіндіру.



Дәптермен жұмыс

Дәптерде берілген суреттгі адамдардың көңіл күйі туралы шағын әңгіме құрастыру

Құрастырған әңгімелерін оқыту

Оқу құралдарының суретін салғызу.



Жүректен-жүрекке

Балаларды шеңберге жинап,достарына айтатын тілектерін айтқызу және бір біріне жақсы тілектер айтқызып,достықтың өмірде қымбат екенін және өте қажет екенін айтып сабақты аяқтау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет