Сабақтың мақсаты: Балалардың айналасындағылармен жағымды қарым-қатынас орнатуына қолдау көрсету. Міндеттері
бет 1/7 Дата 26.09.2024 өлшемі 33,04 Kb. #205192 түрі Сабақ
Байланысты:
ата ана 7 сабақ
Жасөспірімдермен қарым-қатынас ерекшеліктері
Өрге жүзген өнегелі ісімен
Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.
(Әл-Фараби)
Сабақтың мақсаты: Балалардың айналасындағылармен жағымды қарым-қатынас орнатуына қолдау көрсету.
Міндеттері:
Балаға жағымды қарым-қатынастарды қолдауды , жағымсыз қатынастарға қарсы тұруды үйрету;
Ата-аналарға қарым-қатынас түрлері туралы түсінік беру (достық, жасөспірімдер субмәдениетіндегі мінез-құлық, буллинг және т.б.);
Ата-аналардың оң қарым-қатынасты қолдап , жағымсыз қарым-қатынасты жеңу дағдыларын игеруіне ықпал ету.
Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер:
Құрмет, эмпатия, қабылдау.
Жоспар
I. Ұйымдастыру бөлімі
Сәлемдесу
Мақсаттары мен міндеттері
Күтілетін нәтижелер
II. Негізгі бөлім
Бейнежазба. Талқылау
Ақпараттық блок
Топтық жұмыс
Талқылау
III. Қорытынды бөлім
Күтілетін нәтижелер.
Сабақ аяқталғаннан кейін ата-ана:
қазіргі жасөспірімдер арасындағы қатынастардың ерекшеліктері туралы түсінік алады;
буллинг белгілерін тануды үйренеді;
әртүрлі әдістерді қолдана отырып , баласымен сенімді қарым-қатынас орната алады.
Қажетті ресурстар: презентация, бейнежазбалар , колонкалар, маркерлер , А3 және А4 форматындағы парақтар, қаламдар.
Жұмыс форматы: тренинг элементтері бар сабақ.
Әдістер: дискуссия , ми шабуылы.
Сабақтың ұзақтығы – 60 мин.
Достарыңызбен бөлісу: