№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет125/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   293
Байланысты:
педагогика

жеке тұлғаның дамуы
  тек сандық өзгерістер емес, 
сонымен қатар сапалық өзгерістер жүретін біртұтас биоәлеуметтік процесс. Адам 


дүниеге келгеннен соң дене жағынан үлкейедi, яғни оның кейбiр дене мүшелерi мен 
нерв  жүйесi  өседi.  Оның  тiлi  шығып,  сөздiк  қоры  молаяды.  Бала  көптеген 
әлеуметтiк-тұрмыстық және моральдық бiлiктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге 
ие болады. Алайда, адамның  жеке тұлға ретiнде дамуындағы ең бастысы  – оның 
бойында  болып  жатқан  сапалық  өзгерiстер  (танымдық,  сезiм,  моральдық-
жiгерлiлік т.б.). Мiнез-құлықтың реактивтi формалары белсендi түрде қалыптасып 
келе  жатқан  іс-әрекетке  айналады,  дербестiк  пен  өз  мiнез-құлқын  билей  алу 
қабiлеттiлiгi  артады.  Осы  және  басқа  да  өзгерiстер  адамның  жеке  тұлға  ретiнде 
даму процесiн сипаттайды. 
Сондықтан, 
даму 
дегенiмiздi 
адамның 
анатомиялық-физиологиялық 
жетiлуiндегi,  оның  жүйке  жүйесi  мен  психикасының  дамуындағы,  сондай-ақ 
танымдық  және  шығармашылық  іс-әрекетiндегi      дүниетанымы,  өнегелiлiгi, 
қоғамдық-саяси  көзқарастары  мен  сенiмдерiнiң кеңеюiндегi  орын  алатын  сандық 
және сапалық өзгерiстердiң өзара тығыз байланысты процесi деп түсiнген дұрыс. 
Адамның дамуына iшкi және сыртқы, меңгерiлетiн және меңгерiлмейтiн факторлар 
әсер  етедi,  олардың  арасында  мақсатты  тәрбие  мен  бiлiм  беру    жетекші  рөл 
атқарады.  
Оқушы  тұлғасының  дамуы  бір-бірімен  байланысқан  үш  өлшем  бойынша 
жүзеге асады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет