№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет1/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   293
Байланысты:
педагогика
Шетел тілдеріне оқыту әдістері doc


Қазақстан  Республикасы білім және ғылым министрлігі 
Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
 
 
Педагогика факультеті 
Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы 
 
 
 
 
 
 
 
Асетова Ж.Б.,
 п.ғ.м.,аға оқытушы 
 
«Педагогика» 
пәні бойынша 
ЭЛЕКТРОНДЫ ДӘРІСТЕР КУРСЫ 
 
 
 
 
 
 
 
Цикл 
( негізгі) 
Компонент 
(міндетті) 
Сабақ түрі
 (дәріс) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қарағанды 2020 


№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім 
берудің рөлі мен ерекшеліктері 
Сұрақтар: 
1.
 
Қазіргі әлемдегі оқу-тәрбие үдерісі.  
2.
 
Қазіргі  замандағы  білім  берудің  негізгі  үрдістері  мен  психологиялық 
принциптері. 
3.
 
Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің мәні мен принциптері. 
4.
 
ҚР білім беру жүйесі.  
1. Қазіргі әлемдегі оқу-тәрбие үдерісі 
Білім  беру  дегеніміз  –  тұлғаның  физикалық  және  рухани  тұрғыда 
қалыптасуының  бірегей  үдерісі,  кейбір  мінсіз  образдарға,  қоғамдық  санада 
әлеуметтік тарихи бекіп қалған эталондарға (мысалы, ежелгі заманда  – спартан 
жауынгері,  ізгілік  таратушы  христиан  және  т.б.,  ал  қазіргі  заманда  бәсекеге 
қабілетті маман және т.б.), бағдарланған әлеуметтену үдерісі [1, 321б]. 
Білім  беру  әлеуметтік  құбылыс  ретінде  –  бұл  біршама  дербес  жүйе,  оның 
функциясы  мазмұны  жағынан  түптеп  келгенде  қоғамның  әлеуметтік-
экономикалық  және  саяси  құрылысымен,  материалдық-техникалық  даму 
деңгейімен  анықталатын  белгілі  бір  білімдерді  (бірінші  кезекте  ғылыми), 
адамгершілік құндылықтарды,  іскерліктер мен дағдыларды, тәртіп нормаларын 
меңгеруге  бағдарланған  қоғам  мүшелерін  жүйелі  түрде  оқыту  мен  тәрбиелеу 
болып табылады.  
Білім – тұлғаның материалдық және рухани мәдениетін сақтау мен дамытуға 
қажетті  шарт.  Үлкен  энциклопедиялық  сөздікте  білім  ұғымы  адамзаттың 
әлеуметтік  маңызды  тәжірибесімен  тығыз  байланыстағы,  білімділікте, 
шығармашылық  қызметтегі  іскерлікте  және  әлемге  деген  эмоционалдық-
құндылықтық  көзқарастарында  жүзеге  асатын,  тұлғаның  дамуы  мен  өзін-өзі 
дамыту  үдерісі  ретінде  мазмұндалады.  Білім  алудың  негізгі  жолы  –  білім  беру 
мекемелерінде оқу және өздігінен білім алу [2, с.462]. 
Білім  өзінің  мәдени  мақсаттылығына  қарай  қоғамның  мүшелері  жаппай 
қабылдайтын  әлеуметтік-мәдени  құндылықтарды  (нормалар,  қағидалар,  салт-
дәстүрлер, нанымдар, адамгершілік-этикалық кодекс) ізгілендіру ретінде оқыту 
мен  тәрбиелеуді  қоса  қамтиды.  Бұл  ретте  оқыту  мен  тәрбиелеудің  өзара 
байланысы бір-бірінен ажырамас үдеріс болып табылады.  
Барынша жалпылама түсіндіргеннің өзінде де білім дегеніміз – тұлғаның өмір 
жолын  нақты  таңдаудағы  мүмкіндіктерін,  өзін-өзі  дамытуын  кеңейтуге 
бағытталған  үдеріс  деп  айтуға  болады  (А.Г.  Асмолов).  Демек,  білім  дегеніміз, 
жүйелендірілген білімдерді, іскерліктер мен дағдыларды меңгеру, ақыл-ойы мен 
сезімталдығын  дамыту,  дүниетанымы  мен  танымдық  үдерістерді,  адамның 
қызмет  тәсілдерін  игеруі  арқылы  тұлғаны  қалыптастырудың  нәтижесі  болып 
табылады. 
Білімді  адам  деп:  саналуан  фактілер  мен  құбылыстарды  қарастыруға  ортақ 
көзқарасты анықтайтын жалпы идеяларды, принциптер мен әдістерді меңгерген; 



 
мүмкіндіктері  жоғары  деңгейде  дамыған,  алған  білімін  көптеген 
жағдайларда қолдана алатын;  

 
көп оқыған және дұрыс ойлайтын; 

 
түсініктері  мен  сезімдері  мейірбанды  және  көтеріңкі  көңіл  күйге 
бағытталған адамды атауға болады. 
Яғни, «білім» ұғымы мыналарды қамтиды: 

 
оқу нәтижесінде алынған білімдері, іскерліктері мен дағдылары; 

 
сындарлы ойлау, шығармашылық, айналадағы болып жатқан оқиғалардың 
барлығын адамгершілік тұрғыдан бағамдай білу; 

 
адамның қызметі және оның өзге де адамдармен араласуы.  
Осының барлығына адамның аса маңызды қызмет түрлеріне араласу арқылы 
қол жеткізуге болады. 
Білім  дегеніміз  алдыңғы  ұрпақтардың  келесі  ұрпақтарға  тұлғаның 
генетикалық  бағдарламаға  сәйкес  қалыптасуы  мен  тұлғаның  әлеуметтенуін 
білдіретін  әлеуметтік  маңызды  тәжірибелерді  ұдайы  үйретуінің  нақты  жолға 
қойылған үдерісі деп қабылданатыны да осыдан.  
Осылайша,  білімнің  мазмұны  тұлғаның  қалыптасуы  мен  оның  бастапқы 
мәдениетін қалыптастырудағы ең негізгі құралдарының бірі болып табылады.  
Білім беру функцияларын көбіне мектепте іске асыруға бағдарланған дәстүрлі 
педагогикада  білімнің мазмұны  бір  жүйеге  келтірілген  білімдердің,  іскерліктер 
мен дағдылардың, көзқарастар мен ұстанымдардың жиынтығы ретінде, сонымен 
қатар,  оқу-тәрбие  жұмыстарының  нәтижесінде  қол  жеткізілген  танымдық күш-
қайрат пен тәжірибелік даярлықтың белгілі бір деңгейі ретінде анықталады. Бұл, 
өзгеше  айтқанда  –  білім  мазмұнының  мәнін  анықтауға  қатысты  білімдік-
бағдарлық көзқарас. 
Бұл ретте білімнің түпқазығы ретінде адамзаттың ізденуі мен тарихи тәжірибе 
барысында  жинақталған  рухани  байлығының  көрінісі  басты  назарда  тұрады. 
Бұндай  көзқарас  тұлғаның  әлеуметтенуі  мен  адамның  социумға  еркін  енуіне 
ықпал  етеді.  Сонымен  бірге,  ғалымдардың  пікірі  бойынша,  білімге  деген 
білімдік-бағдарлық көзқарас аса құнды болып саналғанымен, бұл жағдай білімнің 
ғылыми  негізін  идеологияландыру  мен  регламенттеуге,  оның  академизмге  бет 
бұруына,  білім  мазмұнының  орташа  оқушыға  бағдарлануына  және  басқа  да 
жағымсыз салдарға ұшыратуы мүмкін.  
Білімді  ізгілендіру  идеяларының  тұрғысында  соңғы  онжылдықта  білім 
мазмұнының мәнін түсінуге жеке тұлғаға бағдарланған көзқарас алдыңғы қатарға 
шыға бастады. 
Өзгеше  бір  көзқарас  И.Я.Лернердің,  М.Н.Скаткиннің,  В.С.Ледневтің, 
Б.М.Бим-Бадтың,  А.В.Петровскийдің  еңбектерінде  көрініс  тапқан.  Мысалы, 
И.Я.Лернер  мен  М.Н.Скаткин  білімнің  мазмұнына  педагогикалық  тұрғыдан 
бейімделген  білімдердің,  іскерліктер  мен  дағдылардың,  шығармашылық 
қызметтің  тәжірибесін  және  әлемге  эмоционалдық  күш-жігерлік  көзқарас 


тәжірибесін  жатқызады,  ал  оларды  меңгерудің  түпкі  мәнісі  –  қоғамның 
материалдық  және  рухани  мәдениетін  одан  әрі  жалғау  (сақтау)  мен  дамытуға 
дайын, шығармашылық тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ету деп санайды.  
Бірқатар  елдердің  педагогтары  (АҚШ,  Англия,  Франция  және  т.б.)  тұлғаға 
«жалпыадамдық  тәрбие»  беруге,  табиғат  құбылыстары  мен  қоғамдық  өмірдің 
үдерістерін  ұштастыра  көрсетуге  ұмтылыс  жасай  отырып,  оқу  пәндерін 
интеграциялау  қажет  деген  бастама  көтеруде.  Олар  білім  берудің  мынадай 
жүйесін  ұсынып  отыр:  оқу  бағдарламаларында  пәнаралық  жобалардың 
әзірленуін қарастыру қажет, бұл жерде көзделіп отырған мақсат – оқушылардың 
кешенді  тақырыптарда  жұмыс  істеуін  әртүрлі  оқу  пәндерінен  алынған 
материалдардың  көмегімен  жүргізуді  ұйымдастыру  болып  табылады.  Бұл  идея 
түрлі мемлекеттерде іске асырылып та үлгерді. 
Кеңестік  мектеп  жүйесі  біршама  ұзақ  кезең  бойы  оқушылардың  жалпы 
білімділік дайындығын арттыру мәселесін табысты шешіп келді. Білім мазмұнын 
ғылымның, техника мен мәдениеттің даму деңгейімен сәйкестендіру, жастардың 
жалпыға  бірдей  жалпы  білім  алуға  көшуін  қамтамасыз  ету  мақсатында  оқу 
жоспарларын,  бағдарламалар  мен  оқулықтарды  жетілдіру  жұмыстары 
жүргізілетін.  Білім  мазмұнын  жаңғыртуды  жүргізу  мектептің  міндеттерін 
күрделендіруге  байланысты  болды,  алайда  білім  мазмұнын  жиі  өзгертудің 
айтарлықтай  кемшіліктерінің  бірі  –  өзгерістер  көбіне  қажетті  теориялық 
негіздерсіз және болжаусыз жүзеге асырылды.  
Білім  мазмұны  тұжырымдамасының  қазіргі  теориялық  тұрғысынан 
қарағанда,  оның  әлеуметтік  мәні  қоғамның  адамға  қояр  талаптарынан  көрініс 
табады: адам нені білуі керек, оның бойында қандай қасиеттері болуы керек т.с.с. 
Жеткіншек ұрпақты тәрибелеуге қойылатын талап әлеуметтік нақты бір тарихи, 
қоғамдық-экономикалық жағдайлармен анықталады.  
Қоғамның қазіргі даму сатысындағы әлеуметтік тапсырысы жалпылама түрде 
алғанда:  

 
халықтың басым көпшілігін ғылыми жетістіктерге, мәдени құндылықтарға 
тартудан; 

 
жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастырудан; 

 
қол еңбегіне де ақыл-ой еңбегіне де қабілетті, қоғамдық өмірдің сан алуан 
салаларында белсенді қызмет атқара алатын адамдарды дайындаудан тұрады. 
Білімді  оқыту  барысында  іске  асырылатын  мазмұны  жеткіншек  ұрпақтың 
бойына  аға  буынның  әлеуметтік  тәжірибесін  және  осы  тәжірибені  одан  әрі 
дамыту  үшін  әлеуметтік  мәдениеттің  мазмұнын  сіңіруді  қамтамасыз  етуге 
бағытталған.  
Ғылыми  әдебиеттерге  жүргізілген  талдау,  білімнің  әлеуметтік  институт 
ретінде де, жүйе ретінде де, үдеріс ретінде де, оқыту мен тәрбиелеудің нәтижесі 
ретінде де қарастырылатынын көрсетеді [3].  


Білім  беру  -  педагогиканың  негізгі  категорияларының  бірі,  бұл  ұғымды  әр 
түрлі  мағынада  түсіндіруге  болады.  Білім  беруді  әлеуметтік  институт,  үдеріс, 
нәтиже, жүйе ретінде қарастыруға болады.  
Осы жағдайды тереңірек талдап көрейік. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет