Білім беру
–
әлеуметтік институт ретінде
,
қоғамның әлеуметтік қосалқы
құрылымы ретінде қарастырылады. Білімнің мазмұны қоғамның ахуалын
көрсетеді, оның бір ахуалдан екінші бір ахуалға көшуін білдіреді. Қазіргі уақытта
– бұл ХХ ғасырдың индустриалдық қоғамынан ХХІ ғасырдың индустриаланудан
кейінгі немесе ақпараттық қоғамға қарай көшуі болып табылады.
Білімнің дамуы мен қолданылуы қоғам өмірінің барлық факторлары мен
шарттарына байланысты: экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени т.с.с. Білім
мен мәдениеттің байланысы барынша тығыз, «тіпті білім институтының ең
алғашқы қалыптасу кезеңдерінің өзінде де солай болған: мәдениет тұрақты және
ұдайы дамуды талап етеді...».
Білім – әлеуметтік институт ретінде түрлі элементтерді: қосалқы жүйелерді,
басқаруды, ұйымдастыруды, кадрларды және сонымен қатар, олардың
арасындағы байланыстарды, т.б. қамтитын күрделі жүйе. Бұл жүйе мақсаттармен,
мазмұнмен, құрылымдалған оқу бағдарламаларымен жоспарлары ретінде
сипатталады және оларда білімнің өткен деңгейлері ескеріліп, келесі деңгейлері
болжанады.
Тиісінше, білім беру жүйесінің жүйеқұрушы (немесе мағынақұрушы)
құрамдас бөлігі – білімнің мақсаты болып табылады, яғни, «мінсіз нәтиже» және
қоғам өзінің қазіргі даму сатысында қандай адамды талап етеді және күтеді деген
сұраққа жауап болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |