№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері


  (7)  жастағы  балаларға  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту



Pdf көрінісі
бет8/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   293
Байланысты:
педагогика

6  (7)  жастағы  балаларға  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту 
мектепке 
дейінгі  мекемелерде  және  (немесе)  отбасында  жүзеге  асырылады.  Мектепке 
дейінгі ұйымда, мектепте немесе отбасында 5-6 жастағы балалар міндетті түрде 
мектепалды дайындықтан өтуі қажет.  
Орта білім 
жалпы орта, (бастауыш, негізгі, орта) және кәсіби (бастапқы, орта) 
білімді қамтиды. 
Жалпы  орта  білім  мемлекет  тарапынан  кепілдендірілген  және  барлық 
азаматтар үшін міндетті болып табылады. Сонымен қатар, жалпы орта білімнің 
басымдылықтары  –  білім  мазмұнын  ақпараттандыру  және  жаңарту  болып 
табылады. 
Жалпы орта білім беру жүйесінде келесі міндеттер мақсатты түрде шешілуде: 
-
 
мектеп жасындағы барлық балаларды оқумен қамту; 
-
 
жалпы орта білім берудің жалпыға бірдей мемлекеттік стандарттарын іске 
асыру; 
-
 
оқытудың  мазмұны  мен  әдістерін жетілдіру,  оқушылардың  білімдері  мен 
педагогтардың жұмысын бағалауға деген шынайы өлшемдер мен көзқарастарды 
енгізу жолымен мектептердегі білім сапасын арттыру.  
Орта  білім  кезең-кезеңмен  және  үш  сатылы  білім  беру  бағдарламаларын 
игеру арқылы алынады:  

 
бастауыш (1-4 сыныптар); 

 
негізгі (5-9 сыныптар);  

 
жоғарғы (10-11 немесе 12 сыныптар).  


Көрсетілген  сатылар  бір  білім  мекемесінде  бірге,  немесе  бастауыш  немесе 
негізгі білім беретін мектептерде бөлек қолданылуы да мүмкін.  
Қазіргі  уақытта  күндізгі  мектептермен  қатар  жалпы  білім  беретін  кешкі 
мектептер  де  жұмыс  істейді,  сондай-ақ  жаңа  үлгідегі  жалпы  білім  беретін 
мекемелер, яғни гимназиялар мен лицейлер желісі де дамып келеді. 
Халықтың 
этникалық 
қажеттіліктерін 
ескере 
отырып, 
Қазақстан 
Республикасының  мектептерінде  оқыту  7  тілде  жүргізіліп  отырғанын  атап  өту 
керек.  
Мектептердің  жалпы  санымен  алғанда  -  3474  мектеп  қазақ  тілінде,  2514 
мектеп орыс тілінде, 2107 мектеп қазақ және орыс тілдерінде , 78 мектеп өзбек 
тілінде, 13 мектеп ұйғыр тілінде, 3 мектеп тәжік тілінде, 1 мектеп украин тілінде 
және  1  мектеп  неміс  тілінде  оқытады.  Сорос-Қазақстан  қоры  мен  Қазақстан 
Республикасының  Білім  және  ғылым  министрлігінің  білім  жөніндегі 
бағдарламасының  материалдары  бойынша  аз  ұлттардың  жинақы  қоныстанған 
жерлерінде олардың ана тілі болып табылатын 14 тілді оқуы ұйымдастырылған 
[9-10]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет