Ежелгі Египетте мектеп отбасылық институт ретінде пайда болды.
Сондықтан отбасында әке беделі жоғары болды. Әке өзінің мамандығына
баласын үйретті, баласы кейін оның орнын басты.
Ежелгі Египетте төмендегідей мектеп түрлері болды:
1. Отбасылық мектептер
2. Храм жанындағы мектептер
3. Патша сарайы жанындағы мектептер
4. Жазғыштар, қолөнершілер мектептері
Кейін «мектеп» ұғымы Ежелгі Грецияда белең алды. Бұл терминнің негізгі
мағынасы осы уақытқа дейін өзгерген жоқ: мектеп дегеніміз – білім ордасы.
Ежелгі Греция жерінде білім беру жүйесі бірнеше деңгейлерден тұрған.
Бастауыш білім
ақылы жеке меншік мектептер, яғни
Мусикалық мектептер
және
Гимнастика (Палестра) мектептерінде
берілді.
Мусикалық мектептерде
оқушылар 7-16 жасынан оқыса, гимназиялық мектептерде 12-16 жастағы
жасөспірімдер оқыды. Мусикалық мектептерде әдеби және музыкалық білім
берілді. Палестра мектептерінде дене тәрбиесі маңызды орында болды.
Оқушылар жүгіру, күрес, секіру, диск лақтыру, найза лақтыру, қылыштасу өнерін
игеруі тиіс болды. Бастауыш білімді алу барысында оқушылар кифаристер
мектебіне де барып жүрген. Кифаристер мектебі – бұл өнер мектебі.
Оқушыларды музыка, би, ән айту өнеріне үйреткен. Мусикалық және
палестралық мектептерді бітірген жасөспірім білім берудің келесі баспалдағы
қоғамдық мекеме
Достарыңызбен бөлісу: