№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері


гимназияға  өтті.   Сапалы  білім  алу  мен  тәрбиенің  келесі  кезеңі  –  эфебия



Pdf көрінісі
бет12/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   293
Байланысты:
педагогика

гимназияға
 өтті.  
Сапалы  білім  алу  мен  тәрбиенің  келесі  кезеңі  – 
эфебия
  болды.  Онда  18-20 
жастағы  балалар  оқыды.  Эфебия  қоғамдық  мекеме  ретінде  жұмыс  істеп,  онда 
мемлекетке қызмет жасайтын оқытушыларды, әскери істі үйретті.  
Грецияда  қыздардың  тәрбиесі  отбасында  жүргізілді,  олар  қарапайым  жазу, 
оқу, музыкалық дайындық білімін ғана алды.  
Ежелгі  өркениет  орталықтарының  бірі  –  ежелгі  Рим.  Ежелгі  Римде  мектеп 
ісінің  дамуын  императордың  өзі  бақылап  отырды.  Юлий  Цезарьдың  тұсында 
мұғалімдер  мемлекеттік  қызметкер  атағын  алып,  мемлекеттен  жалақы  алып 
отырды.  Ежелгі  Рим  жерінде  грамматикалық  және  риторикалық  мектептер 
тарады. Грамматикалық мектептерде 11-15жастағы ер балалар оқытылды. Оларға 
гуманитарлық  білім  берілді.  Бұл  мектептің  мұғалімдерін 
грамматиктер, 
литераторлар
 деп атады. Ал, риторикалық мектептер – шешендік өнер мектебі. 
Оған 13-19 жастағы ұлдар қабылданып, жалпы гуманитарлық білім берілді. Бұл 
мектеп  мемлекет  үшін  қызмет  ететін  шенеуліктерді  дайындады,  оған  тек 
ақсүйектердің  балаларын  ғана  қабылдады.  Риторикалық  мектеп  мұғалімдерін 
риторлар
 деп атады. 
Орта ғасырларда білім беру ісінің дамуы батыс және шығыс өркениеттерде әр 
түрлі  деңгейде  болды.  Батыс  елдерінде  христиан  шіркеуі  мемлекеттік  істерге 
араласып, діни тәрбие жүргізілді. Дін өз ықпалын жоғалтып алмау үшін ғылым 
ісінің дамуына шектеу қойып отырды. 


 Орта  ғасырларда  батыс  елдерінде  мектептің  монастырлық,  соборлық, 
приходтық  типтері  болды.  Бұл  мектептерде  мұғалім  қызметін  монахтар 
атқарады.  Білім  беру  ісі  адамдардың  қоғамдағы  әлеуметтік  жағдайларына 
байланысты, таптық сипатта болды. Оқыту жекелей, топтық оқыту арқылы іске 
асты.  Мұғалім  әрқашанда  оқушыдан  жоғары  тұрды.  Сабақ  беру  барысында 
оқушылар қателік жасаған жағдайда оларды жазалауға да жол берілді. Шіркеулік 
мектептерде «жеті еркін өнер» деген пәндер жүйесі оқытылды. Ол екі бөліктен 
тұрды: 
тривиум
  пәндері,  оған  грамматика,  диалектика,  риторика  пәндері  кірсе, 
квадривиум
 пәндеріне арифметика, геометрия, астрономия, музыка кірді.  
Орта ғасырлардың соңына қарай қоғамның, сауда ісі мен қолөнердің дамуына 
байланысты 
діни 
сипаттағы 
білім 
адамдардың 
қажеттіліктерін 
қанағаттандырмады. Сондықтан мектептің жаңа типтері - қала мектептері пайда 
болды.  Қала  мектептеріне  шеберханалық  және  гильдейлік  мектептер  бірікті. 
Шеберханалық  мектептер  қолөнершілерді  дайындап,  онда  мұғалім  қызметін 
шебер  атқарды.  Ал  гильдейлік  мектептер  сауда  ісімен  айналысушыларды 
дайындады.  
Шығыс қоғамында білім мен ғылым ісінің дамуына жақсы көңіл бөлінді. Орта 
ғасырлық  шығыс  елдерінде  ғылымның  әр  саласы  дамып  жетілді.  Әсіресе, 
математика,  геометрия,  физика,  астрономия,  география,  медицина,  биология, 
философия,  тарих,  тіл  және  т.б.  салалары  дамыды.  Шығыс  қоғамында  да  діни 
сипаттағы  білім  беру  мекемелері  болды.  Бірақ  дін  ғылымның  дамуына  батыс 
қоғамындағыдай шектеу қоймады.  
Қазақстан жерінде мектеп қызметін медреселер атқарды. Қазақстан жерінде 
мұғалімдік  қызметпен  орта  ғасырларда  молдалар,  ишандар,  ақсақалдар, 
тәжірибелі  оқыған  адамдар  айналысты.  Қазақстан  жерінде  де  басқа 
мемлекеттердегідей  білім  беру  ісі  жолға  қойылып,  ғылымның дамуына  жағдай 
жасалды.  Оған  қазақ  жерінен  табылған  әр  түрлі  археологиялық  ескерткіштер 
дәлел  болады  (Отырар  кітапханасы,  ескі  қала  орындары,  көне  кітаптар, 
ғалымдардың еңбектері т.с.с.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет